0 дауыс
786 көрілді
8 наурыз мерекесі туралы,тілектерініз  жалпы қыздар қауымына не сыйлайсыз?)және қоғамдағы қыз келіншектердін,ана-апаларымыздың орны туралы айта кетініз!!

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, от басыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілеймін.
Баршаңызға асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілеймін!
         Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел-Ана - өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен Елордамыздың мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін

Көктемді қанатына қондырып  құс қайтты. Шуақты ілестіре келген құстар әсем, әуезді үн айтты.
Жер дүниені жылылыққа орап, жүректерге іңкәр сезім сыйлап, көктем келді. Жер-Ана бусанып, тоңы жібіп, жаны кіріп, тіршілік қайта жалғасады. Ал Жер-Анамен қатар Аналар да шаттыққа бөленеді. Өйткені көктемнің алғашқы күндерінде дүние дидары әйел баласының көңіліне ауады. Кірпігіне кірбің ұялатпауға, жайдары жүзге енуіне, жүрегіне қуаныш сыйлауға ұмтылады. Себебі бұл – 8 наурыз.
Қазақтың қызы! Осы бір аяулы есім жаныңды тербеп, жараңды емдеп,
0 дауыс

Қорықпа ұмытпаймыз!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!wink

Рахмет Айсат!!!
ұмытып кетсен ше крутой Айбек?
Оқасы жоқ!!!
...