+1 дауыс
63.6k көрілді
қошқар мүйіз оюы туралы мәлімет керек еді? мысалы: неге ол ою қошқар мүйіз деп аталды? т.б мәліметтен керек еді

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

«Мүйіз» — қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз»ою-өрнек кейде ұсақ кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «өркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши) мен түрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, ожау, жүкаяқ, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, садак), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.

«Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.

Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.

0 дауыс
жалпы перденің шықан жылы түрлері бізге не үшін керек сол туралы мәлімет керек еді ?
0 дауыс
Калай

Маған кайнар мүйіз омыртқа мүйіз керек еді
0 дауыс
Ою атадан балаға келе жатыр
...