0 дауыс
835 көрілді
Егер араларыңызда туйттерге тіркелген адамдар болса,хештег не екенін білесіз бе?хештег деген не,оны қандай мақсатта қолданады?қысқа да,түсінікті жауап жазуыңызды сұраймын!

1 жауап

+1 дауыс

Хештег деген жаңалықтарды топтау үшін қолданылады, "#" символынан бастап жазылады. Бір тақырыпта жазылып жатқан жаңалықтарды тез табу үшін қолданылады. Мысалы сіз, Экспо туралы жаңалық жазып жатырсыз дейік, оны туйттерде былай жазасыз:

Астана қаласында Экспо жөнінде жиналыс өтіп жатыр #Астана #Экспо #ЭкспоАстана

Сонда Экспо жайлы іздеген адамдар #Экспо немесе #ЭкспоАстана тегі арқылы сіздің жазғаныңызды оқиды және олар мүлдем сіздің достарыңыз болмауы мүмкін. Яғни, хештегтерді дұрыс пайдалану арқылы оқырмандар саны көбейеді.

Хештегтер қазір тек қана туиттерде емес, барлық дерлік әлеуметтік желілерде қолданылады: facebook, vkontakte, google+ және т.б.

Қазір байқадым, Сұрақ-жауап сайтында да хештег пайдалануға болады екен ))

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
...