Негiзгi, бiздiң қазақ шәйқор халық. Әсiресе, үлкендер жағы шәйдi қоңыр-күреңдетiп, баптанып отырып iшкендi қалайды. Әрине, сүттi қою қара шәйға қатып iшкеннiң еш зияны жоқ. Ал ендi майлы сүт туралы бұлай айтуға болмайды. Оның iшiнде, әсiресе, соңғы жылдары елiмiзде жиi қолданылатын құрғақ сүттi (өсiмдiктен жасалған сүт) қантпен қосып iшу – денсаулыққа айтарлықтай керi әсер етедi. Өйткенi, олар шәйдiң тотығуға қарсы қасиетiн азайтатын көрiнедi.
Сондай-ақ бiздiң көбiмiз қою және тәттi шәйдi өте жақсы көремiз. Осы орайда, шәй қаншалықты қою болған сайын, оның соншалықты тотығуға қарсы пайдасы арта түсетiн көрiнедi. Ал ендi оған қант қосу –ағзаға залалын тигiзедi. Себебi, ол тотықтырғыш қасиетке ие бола отырып, ағзадан көп мөлшерде инсулин шығаруға әсер етедi де, оның қалдықтары май жиналуына әкелiп соқтырады. Сонымен қатар конфет пен печеньенi де пайдалы санауға болмайды. Әрине, оны шәймен iшкенде қантқа қарағанда зияны аздау. Ал ендi тосап (варенье) қанттан бiрде-бiр кем емес. Өйткенi, ондағы пайдалы дәрумендер қайнатылған кезде жоқ болып кетедi де, зиянды тәттiлерi көбейе түседi.