+5 дауыс
121k көрілді
Сәлем, достар!

Маған эссе жазуға көмектесесіздер ме? неғой.... көмектескенде жалпы жаза аламын, бірақ, әдеби тілдерді көп қолдана бермеймін, қысқасы, тіл байлығым  ақсап тұр. "Менің арманымдағы болашақ Қазақстан"  тақырыбынды эссе немесе шығарма болса,.. тіл байлығы зор кісілер болса в студиююю)))

Болашақ Қазақстанды қалай елестетесіз. сол турасында эссе жазу ғой!)))

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстан болашағы-қазақ тілінде. Тіл халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын шыншылдығын көрсететін, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Тіл туралы заң-адастырмас Темірқазық.

Тіл-қазына, мұра, күнделікті еңбек, тұрмыс, өмір сүру қаруы. XXI ғасыр табалдырығында тұрған осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың бір жолы бар. Ол тағылымды тарихыңды таныту, өрелі мәдениетіңді өрістету, озық ғылымыңды көрсету. Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар. Олар тілі, діні, саны және салт-дәстүрі. Осы төрт қазықтың ең маңыздысы-тіл. Ұлы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» деп көрегендікпен айтып кеткен.

Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды. Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Бұрын жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазаығы аталар мен әжелер болатын. Жас ұрпаққа иманжүзділіктің ұрығы әженің әлдиі мен атаның өнегесі арқылы сіңеді. Ана тілі*-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді? Сондықтан тіліміз ана тілі атану үшін , күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс.
Ал екінші бақытым- Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім,-деп Мұқағали атамыз жырлағандай ана тіліміз ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік тірегі-тіл. Демек, тіл мерейі үшін күрес-киелі күрес. Таудың кәусар бұлағы қандай таза болса, қазақтың тілі мен діні де сондай таза. Мен үшін ана тілім-Абайдың сөзі, Ақан серінің әні мен Құрманғазының күйі болып есептеледі. Тіліміздің өркендеуі үшін әр азамат үлес қосуы және ат салысуы тиіс.

Қорыта айтқанда, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде шын мәнінде үстем жағдай иеленіп келе жатыр, оны ұлтына қарамастан біздің еліміздің барлық азаматтары меңгеретін болады деп сенімдеміз. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытса екен демекпіз. Бұл үшін бізге төзімділік, белсенділік іс-қимыл қажет.

Елдің ертеңіне кепілдік болар жас буынның бойына сіңіріп, ойына руханиялықтың дәнін дер кезінде егу біздің парызымыз. Еліңді тану үшін –тіліңді білу керек емес пе ағайын!

сізбен толықтай келісемін.сізді де үлгі тұтуға болады.қазақ тілді сайттардың дамуына үлес қосып жүрген жанның бірі десем қателеспеймін!жарайсыз,Алға Алаш ұрпағы!
0 дауыс

"Менің арманымдағы Қазақстан"

Менің Қазақстаным . Қазақастан Республикасы 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін алды.Қазақстан Республикасы әлем бойынша жер көлемінен 9-шы орынды иеленеді.Осынау кең байтақ елімізде қазіргі таңда 19 млн-нан астам халық өмір сүреді. Еліміздің астанасы Нұрсұлтан қаласы. Кең байтақ даламызда қазіргі кезде 130 дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.Еліміз қазіргі таңда дамыған 50 елдің қатарында. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Жас буынның арқасында еліміз бұйырса аз уақыттың ішінде дамыған 30 елдің қатарына кіреді. Біздің кең байтақ жерімізде қазба байлықтың барлығы дерлік кездеседі. Бірақ бір өкініштісі ол қазба байлықтың барлығы игерілмейді.Егер ол байлықтар игерілетін болса Қазақстан мемлекеті біршама дамыған мемлекеттерді басып озады.Ол байлықтарды игеру үшін арнайы мамандармен, арнайы техника жетіспейді. Сол себептіде президентіміз болашақ жастардың қолында деп айтқан.Жастар сол салаларды меңгеріп, сол бойынша тәжірибелерін жетілдіріп, сол байлықтар игерілсе еліміздің экономикалық жағдайы жақсы болады.
Егер елімізде сол қазба байлықтарды өңдейтін зауыт, фабрикаларда ашылса еліміздің біршама халқы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Сонымен бұл байлықтардың игерілуі елімізге жан-жақты өзінің пайдасын тигізеді.

Қазақстан Республикасының егемендік алғанына 31 жыл толып отыр. Егемендіктің бірден-бір тұғыры ол - Ана тіліміз. Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық.Ана тілі - ол халықты өткен ұрпағын, болашағын біріктіретін ең сенімді құрал болып саналады. Алайда қазіргі таңда елімізде өз ана тілінен ұйалып, өзге тілде сөйлеп жүрген шала қазақтарда жоқ емес. Біз осы тіліміздің өркендеуі үшін барлығымыз біргелікте ат салысуымыз керек.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім, - деп Мұқағали Мақатаев атамыз жырлағандай ана тіліміз ешқашан ұмытылмауы керек.
Жаңа айтып кеткендей кең байтақ елімізде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді, ендігі кезекте тек қазақ ұлты емес, сонымен қатар осы дархан даламызда өмір сүріп келе жатқан басқа ұлт өкілдеріде Қазақ тіліміздің дамуына өз үлестерін қосып, Қазақстан Республикасының атын бүкіл әлемге асқақтатса екен деп тілеймін.

Енді менің болашақтағы, арманымдағы Қазақстан жайлы қорыта айтатын болсам. Мен өз елімнің болашақта алдыңғы буынғы дамыған мемлекеттердің қатарынан көргім келеді. Елімізде туристік саланың қатты дамығанын қалаймын.Елімізде киелі әрі керемет табиғатымен туристерді таң қалдыратын, Қазақ деп еш қысылмай көрсететін әсем жерлеріміз жетерлік.Болашақта сол жерлердің барлығын әрі қарай жақсартып, көркейтсек. Елімізге бір жаңашыл идеялар алып келсек. Елімізді тек бір жағынан ғана емес, жан жақты дамытып, әлемге атын шығарсақ.Қазіргі таңда еліміздің атын шығарып жүрген спортшы, өнерпаздарымызда бар.Бірақ тек ол жағынан емес, жаңаша технологиялар ойлап тауып, елімізде қазіргі кезде игерілмей жатқан салаларды игеріп, халықтың жағдайын жақсартуға көмектесетін жаңа идеялар керек.

Егемендіктің тірегі ол - халық пен тіл. Сол себептіде мен болашақта халқымызғада тиімді болатын заңдар шығып, халықтың жағдайы жасалса деп армандаймын. Және еліміздің ана тілі - Қазақ тілі. Ана тіліміз, мемлекеттік тіліміз әрқашан бірінші орында тұруы керек.Сол себепті елімізде өмір сүріп жатқан халыққа ең алдымен Қазақ тілін жүз пайыз меңгеру бұйырылса.Еліміздің Егемендігі берік болады деген сенімдемін.
Жоғарыда айтып өткендей елімізде туристік саланы дамытса, елімізде демалыс орындарымен, көркем жерлердің санын арттырса керемет болады.
Қысқаша: " Елімізде барша халық- Қазақ тілін меңгерген. Дархан даламыздағы қазба байлықтардың барлығы игеріліп жатса, Демалыс орындары артып, шет елдерден ағылып туристер келіп жатса, Халықтың әл-ауқаты жақсарған болса , елімізде жұмыссыз адам қалмаса" - міне менің арманымдағы Қазақстанды осылай көремін.

Елімізді осындай дәрежеге жеткізу ол біздің қолымызда. Біздің деп отырғаным ол - жастар.Себебі президентіміз айтқандай болашақ жастардың қолында. Мен еліміздің осы дәрежеге жету үшін тек армандап қоймай, оған өз үлесімді қосамын, және еліміз жоғары дәрежедегідей болады деп сенемін.

Эссе тақырыбы: Менің арманымдағы Қазақстан.
Орындаған: Курбанова Ұлбосын Куралбаевна.
ТЛ-22-1 1- курс студенті.

...