+1 дауыс
32.8k көрілді
Жаһандану деген сөзді қарапайым түрде қалай түсінуге болады?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жаһандану, негізі күрделі түіснік (бір-біріне қарсы пікірлер өте көп)

Писсимистік көзқарастағылар:

Қарапайым айтсақ, мысалы бір мемлекет өз ақшасын мүлдем пайдаланбайды (долларды, евроны т.б. ғана), өз елінің жұмыс беруші компаниялары мүлдем жоқ (халықтың бәрі шет ел компанияларында). Бұл елдің тұрғындары  үкіметіне мүлдем тәуелсіз болып қалады, сөйтіп ол мемлекеттігін жоғалтады.  Тіпті кейіннен тілін де ұмытады, мәдениетін, салт-дәстүрән деген сияқты. Бара-бара бүкіл дүние жүзі бір-ғана мемлекет болып қалады дейді
+1 дауыс
Жаһандану дегеніміз - бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол - біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономикалық сауда-саттық қарым-қатынасқа түсіп, дамып келеді. Алысқа бармай-ақ, өзіңіз бен өз үйіңізге қараңызшы. Үстіңізде Еуропа елдерінің бірінде тігілген костюм, аяғыңызда Турциядан әкелген туфли, астыңызда Германия, немесе Америкадан шыққан жеңіл мәшине, үйіңізде Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік Кореядан шыққан шаңсорғыш, Жапонияда шығарылған магнитофон, арабтардың тоқыған кілемі, ас дайындайтын бөлмеңізде Үндістан елінен келген шай, Мароккодан келген апельсин, Ираннан әкелінген финиктер, АҚШ-тан келген тауықтың аяқтары, Қытайдан әкелінген ыдыс-аяқ т.с.с. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады.      Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита.http://kk.wikipedia.org/wiki/Жаһандану
+1 дауыс
Өз басым жахандануды Даму деп түсінем
0 дауыс
Жаһандану даму деп түсіндірсе тез түсінеді деп ойлаймын
+2 дауыс

Жаһандану деген өзіңдікі жаман басқаныкі жақсы болып көрінуден басталады. Оны біздің бабаларымыз мыңдаған жылдар бұрын бірақ ауыз сөзбен "Біреудің қаңсығы біреуге таңсық"-деп түсіндіріп қойған. Ал енді қазіргі қарапайым түрі екі көрші әйелдерін алмастырып алғандай әңгіме ғой, қазір ондайлар көп қой.Ал менің түсінігімше жаһандану деген жындану, мәңгүрттену деген сөздің сионимі сияқты болып көрінеді. Ата-баба салт-дәстүрін, ұлттық менталитетті тәрк етіп қайдағы бір Европа ма, батыс па, шығыс па соларға еліктеп кетсең жынданбаған, мәңгүрттенбегенде неміз қалды.

     Жаһандану деген өз құндылықтарыңнан айрылып мәңгүрттену.

0 дауыс
Жаханнам сози ТОЗАК деген соз.Тозакка апарамын немесе тозакка бару ал Жаннат деген жумак
Керемет))
Ештеңе шатастырған жоқсың ба?
Кайдан билейн.)Не тум
синдим соны жаздым.Ал не,??

Ұқсас сұрақтар

+3 дауыс
6 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
4 жауап
Белгісіз 21.05.2020 Тарих сұрақтары сұрақ қойды
...