+1 дауыс
89.5k көрілді
Достар  маған  жылқы  жастары  керек  мысалыға  туылғанда -құлын, 1 жасында 2жасында 3,4,5 солай  солай. не  деп  аталынатынын  кім  біледі  тауып  беріңдерші

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап


Түріне, күтімі және өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы орташада 25-30 жыл жасайды. Кей кезде, кейбір жануарлар жасы 40-тан асады.  Жазу деректеріне сай ең көп 19 ғ. Ескі Билли деген ат 62 жыл өмір сүрген. Қазіргі заманда, Шуга Пафф деген пони 2007 ж. 56 жаста өліп Гинесс кітабына енген.

Жылқы төлдерін былай бөледі:
   құлын (биенің жас төлі),
   жабағы (6 айдан асқан құлын),
   тай (1 жастан асқаны) деп атайды.

Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды:
   құнажын байтал (2 жастан асқаны),
   дөнежін шығар (3 жастағы байтал),
   дөнежін байтал (3 жастан асқаны),
   бесті бие (4 жастан асқаны),
   қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),
   кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),
   жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.

Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары:
   құнан айғыр (2 жастан асқаны),
   дөнен айғыр (3 жастағысы),
   сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны),
   бесті айғыр (5 жастағысы),
   сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.
+1 дауыс
Егер қателспесем былай болады, Құлын-тай (жабағы)-құнан-дөнен-бесті-бие,ат(айғыр)
+1 дауыс
Құлын, Жабағы, Тай, Құнан, Байтал, Сойтал, Дөнен, Қулық, Бесті, Бие, Ат, Сәурік, Айғыр        тағы не керек айта бер жылқы туралы бәрі бар
қай  жасында  қайсысы?
мысалы  туылганда  -құлын, 1 жасында- жабағы, 3жасында -Тай  Т.б осылай  жазшы  өтініш
Кулык деген жылкынын кай жасын билдиреди?
0 дауыс
1Құлын 2Жабағы 3Тай 4Құнан 5Құмағжан 6Байтал 7Дөнен 8Айғыр
0 дауыс
1 жасында тай,
2 жасында құнан
3 жасында дөнен
4 жасында аламан
5 жасында бесті .
0 дауыс
Туғаннан 6айға дейін-құлын;6айдан 1жылға дейін-тай;1-2жылға дейін еркегі құнан,ұрғашысы байтал;2-3дөнен;3-4 еркегі сәурік,ұрғашысы қулық; 5 еркегі бесті;5-10 сақа айғыр;ұрғашысы сақа бие;10 асқан қартамыс айғыр бие.
0 дауыс
Туылғанда құлын
1жас Жабағы
2-жас Тай
3-жас Құнан
4-жас Дөнен
5-жас Бесті
0 дауыс
ЖАБАҒЫ,ТАЙ,ҚҰНАН,ДӨНЕН,БЕСТІ,АЙҒЫР
...