+2 дауыс
1.4k көрілді
Домбыра тартасыз ба, ен болмаса куй тындайсыз ба?

12 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Домбыра тартуды үйренгім келеді қатты. Тіпті, домбыра үйрететін онлайн сайттарды да іздегенмін. Алдағы уақытта үміт бар үйренетін шығармын деген. Қазақтың күйлерін сүйіп тыңдаймын. Және бар қазақ домбыра тарта білу керек деп ойлаймын.
   Менде қызық оқиға болған. Сыныптағы оқушылармен күй тыңдап отырғанбыз. Секен Тұрысбековтың орындауындағы "Салтанат" күйі. Оны да осы сайт арқылы тапқан болатынмын. Сол қатты әсер етіп кетті ме, білмеймін, әйтеуір бәріміз мұңданып кеттік. Өзі 5-ақ оқушымыз. Содан отырып жыладық. Мұғалім сыныпта жоқ болатын. Келесі сағат қатал апайдың сабағы, әрі сынып жетекшіміз. Өткен-кеткенді қозғап ұрса беретін. "Бүгін тағы да ұрыс естиміз ғой"  деп, одан ары түңіліп кеттік. Содан ойланбастан, сабақтан қашып кетейік деп шештік. Өзіміз мектепте кезекшіміз тағы. Сөйтіп қашып кеттік. Бәріміз бір жерде жиналып отырғанбыз. Артымыздан іздеушілер келіп, мектепке қайта бардық. Жиналыс ашты. "Не үшін қашып кеттіңдер ?" деп директордан бастап ұрсып жатыр. Біз "..... Күй тыңдап жыладық. Одан соң кеткіміз кеп кетті..." деп бастан аяқ айтып, түсіндіруге тырысып жатырмыз. Ол кісілер "мазақтап тұрсыңдар бізді" деп одан ары ашуланып барады. Содан " Сонша жылататын күйлеріңді біз де тыңдайық " деген соң қосып тыңдаттық. "Ойлантатын күй екен деп" деп жатып, әйтеуір бізді түсінді-ау деймін. Міне, сондай бір қызықтар болған. Қазір ойласам мүлде ақылға қонымсыз іс. Күй құдіреті қандай десеңіздерші, шіркін!......  !


  [1]: http://
иә күйдің құдіреті
керемет
+3 дауыс
Домбыра тарта алмаймын бірақ қатты қызығам. Күйді тыңдайм бірақ бәрін бірдей емес
+4 дауыс
"Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра"- деген афоризмге жүз пайыз қосыламын. Домбырада ойнаймын, ән саламын, күйлерді де шертемін, әрине әуесқойлық деңгейде.
Мен де ауескойлык денгейде. Каласан тажiрибе алмасып турайык
+3 дауыс
*Домбыра тарта алмайтыным өкінішті-ақ..... Бірақ қазақ куйлерін тыңдап жүремін...*
+3 дауыс
Тарталам, күйде тындаймын!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
+1 дауыс
Сол қазақтың қара домбырасын тарта алмаймын, өкінішке орай! Ал, күйді әлбетте тыңдаймын. Екі шектен күмбірлеген күй төгілгенде  бойымда бір қуаныш сезімі пайда болады, адамды елітіп әкетеді.
+1 дауыс
Әрине, домбыра да тартып, күйді де тыңдағанды ұнатамын!
Екі шектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра - екендігін ұмытпауымыз керек қой!
0 дауыс
Тарта алмаймын! бірақ үйренгім келеді, қазақ күйлерін әрине тыңдаймын және ләззат алам)))))))))
+1 дауыс
Күй тыңдаймын. Домбыранын дауысын  каты жақсы көрем . Тартуға мүмкүндігім шектеулі ,  шамам келмейды."Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра"- деген ді тауп айтқан!!
+1 дауыс
Иа тарта аламын.казір 4ші сыныбындамын.Күйлерді тыңдағанды жақсы көрем.Сіздерге де үйренуге кеңес беремін
Домбыра тарта аламын! МУз. мектебінде домбырада 3- сынып окимын! Күйлерді тыңдағанды жақсы көремін. Әсіресе, "Туркімен күйі", "Балбырауын", "Науайы", "Төремұрат", " Сарыарқа" күйлерін тындаганды ұнатамын
+1 дауыс
Домбыра казирден бастап уйренген дурыс шыгар деп домбыра сыныбына жазылдым жайлап тартамын бирак оте керемет емес ал куйге келетин болсак куй тындаганды оте катты жаным калайды(music)
+1 дауыс
Домбыра тартканды өлтіремін демей-ақ қояиын бірақта, күй тыңдағанды жақсы көрем. Әсіресе Дәулеткерейдің Көроғлы, Құрманғазының Адай, Асылбек Еңсеповтың орындауындағы Бейбарыс күйлерін ұнатамын.
...