Домбыра тартуды үйренгім келеді қатты. Тіпті, домбыра үйрететін онлайн сайттарды да іздегенмін. Алдағы уақытта үміт бар үйренетін шығармын деген. Қазақтың күйлерін сүйіп тыңдаймын. Және бар қазақ домбыра тарта білу керек деп ойлаймын.
Менде қызық оқиға болған. Сыныптағы оқушылармен күй тыңдап отырғанбыз. Секен Тұрысбековтың орындауындағы "Салтанат" күйі. Оны да осы сайт арқылы тапқан болатынмын. Сол қатты әсер етіп кетті ме, білмеймін, әйтеуір бәріміз мұңданып кеттік. Өзі 5-ақ оқушымыз. Содан отырып жыладық. Мұғалім сыныпта жоқ болатын. Келесі сағат қатал апайдың сабағы, әрі сынып жетекшіміз. Өткен-кеткенді қозғап ұрса беретін. "Бүгін тағы да ұрыс естиміз ғой" деп, одан ары түңіліп кеттік. Содан ойланбастан, сабақтан қашып кетейік деп шештік. Өзіміз мектепте кезекшіміз тағы. Сөйтіп қашып кеттік. Бәріміз бір жерде жиналып отырғанбыз. Артымыздан іздеушілер келіп, мектепке қайта бардық. Жиналыс ашты. "Не үшін қашып кеттіңдер ?" деп директордан бастап ұрсып жатыр. Біз "..... Күй тыңдап жыладық. Одан соң кеткіміз кеп кетті..." деп бастан аяқ айтып, түсіндіруге тырысып жатырмыз. Ол кісілер "мазақтап тұрсыңдар бізді" деп одан ары ашуланып барады. Содан " Сонша жылататын күйлеріңді біз де тыңдайық " деген соң қосып тыңдаттық. "Ойлантатын күй екен деп" деп жатып, әйтеуір бізді түсінді-ау деймін. Міне, сондай бір қызықтар болған. Қазір ойласам мүлде ақылға қонымсыз іс. Күй құдіреті қандай десеңіздерші, шіркін!...... !
[1]: http://