1-есеп: Үстелде бар Mg, MgO, H2SO4 реактивтерді пайдаланып, екі әдіспен магний сульфатын алыңдар
2-есеп:үстелде берілген: PbO, Pb(OH)2, H2SO4 реактивтерді пайдаланып, қорғасын сульфатын алыңдар
3-есеп: Үстелде бар темір, темір (ІІ) оксиді, тұз қышқылы, күкірт қышқылдарын пайдаланып, темір (ІІ) және темір (ІІІ) тұздарын алыңдар
4-есеп: Берілген үш сынауықта: а) күйдіргіш натр, күкірт қышқылы, су. Қай сынауықта қандай зат бар екенін анықтаңдар: ә) үстелден мыс (ІІ) оксидін тауып, оның негіздік оксидке жататынын дәлелдеңдер
5-есеп: Берілген үш сынауықтағы заттар: әк суы, күйдіргіш калий және тұз қышқылы. Әрқайсысын өзіне тән реакция көмегімен анықтаңдар
6-есеп: Екі оксид: P2O5 және CaO берілген. Біріншісі-негіздік, екіншісі-қышқылдық оксид екенін дәлелдеңдер
7-есеп: Ерімейтін оксид CuO негіздік оксид екенін,CO2 қышқылдық оксид екенін қалай дәлелдеуге болады?
ӨТІНЕМ ОСЫ ЖОЛЫ ДА КӨМЕКТЕСІҢІЗДЕРШІ