қымыз бен шұбаттан артығы жоқ...........................................
Соңғы кезде бұндай сұрақ әр жерден көрініс беріп қалып жүр,өзім оны орынды деп санаймын.Адам пайдаланатын сусындарының ағзаға қаншалықты пайдалы,немесе қаншалықты зиян екенін анықтау анау айтты оп-оңвй шаруа емес.Сыртқы жапсырмалардың көбі өтірік,көз алдау екенін бәрімізде білеміз.Егемендік алған алғашқы жылдарда сырттан келген дүниелердің бәрі бізге таңсық болғандықтан жақсы көрінді де,оларды таңдаусыз,талғаусыз пайдаландық.Оны кейбір кәсіпкерлер қалта томпитудың орайлы сәті ретінде пайдаланды.Қазір халық көзі ашылды алдау оңай емес десекте,өзіміздің сәт сайын алдауға түсіп қалып жататынын кезіміз де аз емес. Кез келген түрлі түсті сусындар консерванттар қосылу арқылы химиялық жолмен өндіріледі,демек ағзаға белгілі бір мөлшерде зияны бар деген сөз.Ол зиянның қаншалықты екені өндірушінің ар-ұятына байланысты.Оған тосқауыл қою жолы тек қана тұтынушы мәдениетін,талғамын арттыру болар деп ойлаймын.Себебі сұраныс болмаса өндірілген товардың да жолы болмайды.Осы жағынан абай болып дұрыс таңдай білсек құба-құп болар еді де,тұтынған сусындарымыз денсаулығымызға кері әсерін тигізбес еді.Негізі мүмкіндік болса қымыз, щұбат, таза жеміс шырындары, сүт өнімдері болғаны әрине жақсы болар еді.