+4 дауыс
20.5k көрілді
Жұмыста отырған едім. Бір қатты әлсіз болып, өзімді ыңғайсыз сезініп отырмын. Бойымды бір әлсіздік билеп алғандай, ұйқым келіп отыр жұмыста. Осындай кезде не істеуге болады. Қандай көкөніс, немесе тағам жеуге болады?

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Көктемнің әсері болу керек)

Кереметтей мәлімет таптым,оқи кетсеңіз (қиын болмаса) http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/1150

Ұйқы басып отырса, беті- қолыңызды жууып , бір-екі жаттығу жасап жіберіңіз) солай дұрыс болар

 

Әдетте бізге көктем мезгілінің басы нашар көңіл-күйді әкеледі. Оған қоса, осы маусым ағзамыз мүмкіндіктерінің шегіне жеткендей болып, жанымыз бен тәніміз бір сырқатқа душар болып жатады. Неге әр көктем сайын осылай болады? Не істеуге болады? Бұның себептері қандай?

Көктем адам ағзасынан көп күшті алып қоятындықтан, біздің имунды жүйеміз жұқарып, дәрумен қорын тауысады, ал оларды қалпына келтіру қиын. Міне, әлсіздік пен сырқаттар қайдан келеді. Қыстың суығында үйде көп отыруға тырысып, аз қимылдаймыз, көктем келісімен бірден пайда болатын қимылдардан солғындық пен селқостыққа ұрынамыз. Қар еріп, ауа-райы өзгеріп жатқанда, адамдар қан қысымының төмендеуі мен бас ауруларынан зардап шегеді. Оған қоса, күніне сан рет құбылатын ауа-райы бар: жаурайсыз, терлейсіз, жел тиеді, суық тигізіп аласыз.

Көктемгі шаршау авитаминозға да байланысты болады. Көктемде жемістер мен көкөністер құрамындағы барлық пайдалы дәрумендер мен қосылыстар бұзылады, тіпті зияндылары да пайда болады. Сондықтан қыстан қалған алма мен сәбіз авитаминозбен күресе алмайды.      

Буындар мен бұлшық еттеріңізге назар аударыңыз! Көктемде буындар сырқырап, ескі жаралар мен созылмалы аурулар сыр бере бастайды. Қанша сақтасаңыз да, суық жел сізге жетпей қоймасы анық. Бұлшық еттер мен буындар көктемде ерекше күтім мен қамқорлықты талап етеді. Дәріханаларға бас сұғып, арнайы майлар мен жылытатын кремдерді және ауруды басатын гельдерді алып қоюға кеңес береміз.

Көктемгі күйзелісті жеңу жолдары:                                                        

Дәрумендер

Әлісіздік байқалып, көру қабілетіңіз нашарласа, А дәруменін (сәбізде, қызанақта,көк бұршақта),
жүйкеңіз жұқарып, шашыңызды түсіп, тырнақ сыну байқалса В дәруменін (пиязда, шпинатта, горохта),
ағзаңызда зат алмасу процесі нашарлап, буындарыңыз сыр беріп жатса, С дәруменін ( картопта, орамжапырақта, салаттарда, бұрышта, редискада ) пайдаланыңыз! 
Дұрыс ұйқы. Күніне кем дегенде 8 сағат ұйықтап, ,түс уақытында мүмкіндік болса, бір мезгіл мызғып алғаныңыз жөн.    

Отырған жеріңізде шам жағып қойып, бөлмеңізге қуатты шамдарды қойғаныңыз дұрыс. Әрине, қолдан жасалған жарықтандыру күн сәулесін алмастыра алмайды, бірақ бұлтты күні ең дұрыс шешім осы болмақ.     

Гардеробыңызда ашық түсті киімдер мен аксессуарлар көбірек болсын. Сарғыш түсті көйлек немесе орамал күйзеліспен тамаша күресе алады.

Мандарин немесе басқа да өзіңізге ұнайтын майы қосылған хош иісті ванна қабылдаңыз. Бұл көңіл күйіңізді көтеріп, сергітеді.       

Көбірек қимылдаңыз. Физикалық белсенділік мұндай сәттерде таптырмас көмек болмақ.

Көктемнің жаймашуақ күндерінде барлық сырқаттар мен әлсіздіктерді  артқа тастап, қыр гүліндей құлпырып, жадырап жүре беріңіз!

Жақсы Айдана. Міндетті түрде байқап көрейін. рахмет!
Мен өзім әлсіреген кезде ЖЕНЬШЕНЬ немесе ЭЛЕУТЕРОКОК тұнбаларын екі мезгіл таңертең және түсте қабылдаймын. Түстен кейін ұйқы қыспайды. Бірақ кешке немесе ұйықтар алдында қабылдаса ұйқы қашырады!!!
Рахмет Жақсыбике әпке. Қолданып көрейін. Бүгін жұмыста отырып, ұйықтапқалайын деп отырдым. Бір әлсіздік бойды билеп ештенкеге зауқым болмады. Сіз айтқан дәрі немесе тұнбаларды дәріханалардан табуға болатын шығар?
+1 дауыс
Ондай кезде аздап тынығып, бір стақан сорпа(тауық сорпасы, мал етінен жасалған сорпа) ішсеңіз бойыңыздағы әлсіздігіктен құтыласыз. Ал, уақытыңыз болмаса алма жегеніңіз жөн болар. Алма ұйқыны ашып, бойыңызға күш бітіреді. Қоректік заттар тасмалдайтын қан жүйесі өз қалпына келіп, белсенді әрекет етеді.
Жақсы. Кешкісін үйге барып тауық сорпасын істеп, ішіп көрейін.
0 дауыс
Нан мен май жагып женiз!Алма,банан осыларды женiз!балыктарды жеуiнiзге болады!Админ мырза!
+1 дауыс
Админ мырза оқып шық пайдасы тиіп қалар

http://www.maxabbat.i1x.ru/?a=pg&t=1361146240&g=161369

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=12724

Көктемгі әлсіздікті қалай жеңеміз?
Әу бастан-ақ, “Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы” деп аталатын көктем мезгілінде адам бойында әлсіздік, шаршау пайда болатыны белгілі.
Сонымен қатар, көктемді қараөзек шақ деп те атайды. Бұл кезде адамдар бойында күзде жиналған дәрумендер қоры азаятынын ғалымдар да дәлелдеген екен. Сол себепті, денеде ауруға қарсы тұру қабілеті төмендеп, тұлабойда әлсіздік пайда болады.
Қыстағы күн жарығының жетіспеуі және температураның өзгеруі де адам ағзасына, көңіл-күйіне тікелей әсерлі. Осы мезгілде ағзаны қажетті дәрумендермен толықтырып, нығайтқан абзал. Өйткені әлсіз, қорғаныс қабілеті төмен дене әртүрлі ауру-сырқауларға бейім болатыны, адам өзін жайсыз сезінетіні анық.

Адам бойындағы аурулардың басым бөлігі қажетті дәрумендердің жетіспеушілігі салдарынан болатынын мамандар да жоққа шығармайды. Әлбетте, “бас ауырып, балтыр сыздай қалса” дәрігерге жүгінетініміз аян. Алайда, бойдағы әлсіздікті жеңу мақсатында қалтаны қағып түсетін дәрілік дәрумендер табиғи көздерден алынған жағдаймен салыстырғанда ағзаға аз сіңірілетіндігі де дәлелденген жайт.
Нақты түрде зерттелген деректерге көз жүгіртсек,
«А» дәрумені жетіспеушілігінен адамның терісі тез қартайып, әжім түсіп, беті құрғайды, шашы түсіп, көз қызметінің төмендеуі, көзден жас ағып, жарыққа қарай алмауы, инфаркт, инсульт, рак ауруларының кең етек алуына әкеліп соқтырады екен.
«А» дәрумені сәбіз, қызанақ, жүзім, жұмыртқаның сары уызы, балықтың бауыры және сары майда молынан кездеседі.
«В1» дәрумені жетіспеушілігінің салдарынан адамның басы ауырып, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, әлсіздік байқалып, ауа жетпей, жүрек соғысы жиілеп, тез ашуланады. В1 дәрумені: ас бұршақта, фасольда, қара нанда, жұмыртқаның сары уызында, етте көп болады.
«В3» дәруменінің жетіспеушілігі әр түрлі аллергиялық аурулар, тері және кілегей қабықшасының, ми клеткаларының «тез тозуына» әкеліп соқтырады. Бұл дәрумен ет тағамдары мен ашытқыда мол.
«В5» дәрумені азайғанда ағзадағы зат алмасу процесі бұзылып, адамның өсуі баяулайды, өмір жасы қысқарады. Пантотен қышқылы бауыр, бүйрек, ет тағамдарында, ашытқы, жұмыртқаның сары уызы, арахис және жасыл көкөністерде жиі кездеседі.
«В6» дәрумені жетіспеушілігі майдың ағзаға дұрыс сіңбей, бұлшық еттердің нашар жұмыс істеуіне себепші болады. Бұл дәрумен сүт, құрт, ірімшік, ет, балық, қара нан, арпа, жарма ботқаларында мол болады.
«В9» және «В12» дәрумендері жетіспегенде адамның қаны азайып, терісі сарғаяды, шаш ерте ағарып, бас айналып, аяқ-қолдың жансыздануы байқалады. Аталған дәрумендер сиырдың бауырында, ірімшік, жаңа сауылған сүтте, балықта, көкөністерде көп мөлшерде кездеседі.
«С» дәрумені жетіспегенде адамға салқын тиіп ауырады, қызыл иегі қанталап, денедегі жара ұзақ уақытқа дейін жазылмайды, ұйқысы бұзылады. Бұл дәрумен тұздалған капустада, цитрусты өнімдерде, итмұрын, қарақат, киви сияқты жеміс-жидектерде мол. С дәрумені ағзаны нығайтады және түрлі жағымсыз әсерлерге қарсыласуын жоғарылатады. Ерте пісетін көкөністер мен жемістер пайда болғанша, қоректік заттарға бай мұздатылған көкөністер мен жемістерді қолданған жөн. Тамақтану бары¬сында С дәрумені бар өнімдердің ас құрамында мол болуын есте ұстау қажет.
Күнделікті тұтынатын көкөністердің тағамдық құндылығына зер салсақ, көктемгершілік олардың ең мықты азықтар екендігіне көз жеткізуге болады. Атап айтқанда, жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс жасауына жауап беретін омега-3 қышқылдары теңіз балығының, рапс майының және бидай өсінділерінен алынған майдың құрамында бар. Май қышқылдары ағзаны жылытуға қажетті қуатпен қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, жүйке жүйесінің жұмысын реттейтін құрамында магнийі бар өнімдер дәнді дақылдардың, жаңғақтардың, банандардың, какаоның және ащы шоколадтың құрамында кездеседі екен.
Айран, йогурт және қатық ағзаның ауруларға деген қарсыласуына өте жақсы әсер ететін және төзімділік жүйе үшін қажетті пайдалы бактериялардың нағыз қазынасы болып табылады.
Бал ағзаны тазалағыш әрі нығайтқыш қасиетке ие. Оны шаршаған кезде қолдануға кеңес беріледі, бас айналуды жояды және бауырдың жұмысын реттейді. Бал гемоглобиннің және қызыл қан түйіршіктерінің түзілуіне себепші болады және бактериялар мен қабынуға қарсы қатты әсері бар.
Қызыл бұрыш адамның ғұмыр жасын ұзарта алатыны -ғалымдар ашқан жаңалық. Қызыл бұрыш артериялық қысымды төмендетеді, ішек жолдарының микрофлорасын сауықтырады, жастың ұлғаюына байланысты болатын өзгерістерді тежейді.
Пияздың ащы дәмі құрамындағы эфир майынан. Құрамында С дәрумені мен каротин көп. Көктемнің көкөніс шыға қоймаған кезеңінде адамға пияз ерекше пайдалы. Біріншіден, тәнге С витаминінің күндік қажетін қанағаттандыруға көмектеседі, екіншіден, ауру жұқтырмайтын (бактерицидтік) қарсы заттарға бай.
Сарымсақ құрамында В1 тобының дәрумендері, С дәрумендері (жуашығында 10 мг пайыз, сабағында 55 мг пайыз) және Д дәрумені, йод, май, тағы да басқа заттар бар. Сарымсақтың құрамында ауру тудыратын микробтардың көптеген түрлерін жоятын ерекше бактерицидтік заттар болғандықтан медицинада да кеңінен қолданылады. Жапон ғалымдарының мәлімдеуінше, сарымсақ адам миындағы қартаю процесін бәсеңдетеді, оның жасушаларын тазартып отырады. Құрамындағы өте белсенді күкірт қосындылары қанға түскен соң сарымсақ мидың ең қажетті бөліктеріне оң әсер етеді. Яғни, сарымсақтан бөлінетін заттар есте сақтау қабілеті мен эмоцияға жауап беретін жасушаларды жақсартады. Француз ғалымдары сарымсақтың қасиетіне қатысты зерттеулерінің нәтижесінде, сарымсақты көп қолданатын әйелдер арасында кеуде ісігі дертіне шалдыққандар саны сарымсақты сирек қолданатын әйелдерге қарағанда аз болғандығын жария еткен. Сарымсақтың негізгі қасиеті, құрамындағы қолқаны қаритын эфир майы 2-3 метр аумақтағы микробтарды жойса, ондағы фитонция түрлі аурулардың таяқшасын 5 минутте өлтіреді, астың қорытылуын жақсартады. Асқазан, ішек, жүрек ауруларының да бірден-бір емі сарымсақ. Қан айналымын реттейді, аурудың асқынуына жол бермейді.
Картоп шырынының құрамында калий, күкірт, фосфор, хлор көп. Демек, терідегі дақты картоп шырынын ішіп кетіруге болады. Ағзаны тазалауға таптырмайтын әдіс.
Жүрек шаншып ауырса, сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға араластырып, күніне 3 рет шай қасықтан жейді. Сары мейізді жиі жеу адам бойын сергітіп, жұмыс қабілетін арттырады. Оның 100 грамынан тәулікке қажеті С дәрумені табылады.
Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5 бөлігі - алмалар. Оны ас қорыту бұзылуын реттейтін амал ретінде және безгекке қарсы да қолданған. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алма жеу пайдалы.
Лимон-шіру процесіне қарсы шипа. Тәннен уытты заттарды лимонмен шығарады. Австралия оқымыстыларының ойынша, «лимон шырыны СПИД -ке қарсы күресте арзан және әсері күшті дәрі». Лимонның шырынын сығып алып бетке жақса, әсіресе, көктемде көбейіп кететін қара дақ пен секпілді тазартады. Шырынды күн сайын 50 грамнан 3 рет үзбей бір ай ішсе, бүйректегі тас пен құм түседі. Лимонмен шай ішкен адамның қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді, жүйкесі бірқалыпты болады.
Банан денсаулыққа өте пайдалы, көп ауруға шипа. Қан қысымын реттейді, инсультке шалдығудың алдын-алады. Асқазан жарасына да ем.
Құрма шырынынан сергітетін сусын жасалады.
Қант қызылшасы қанды көбейту, қақырықты босату, сіңірлерді бекемдеу, денені қуаттандыру үшін пайдалы. Бір жақ шеке ауырғанда, қол - аяқтың қалтырауына қант қызылшасын суық балмен араластырып мұрынға таңса, ауру белгілері жеңілдейді. Адам ағзасындағы түрлі қоқыс - қалдықтарды, артық тұздарды қуады.
Сәбіз тағамда дәруменнің жетіспеуінен болатын ауруды жояды, ағзаның тұмауға қарсы тұруын күшейтеді, зат алмасуды жақсартады. Шикі сәбіз несепті айдаса, ондағы кобальд тұзы қан қысымын түсіреді, қанның қызыл түйіршіктері мен гемоглобиннің түзілуіне қатысады. Сәбіздің сары өзегі жүрек бұлшық етінің шаршағанын басады, шырын
0 дауыс
Әлсіреу неден болады ? Өз уақытыңды дұрыс пайдаланбаудан немесе ауырып отсын ! мұндайда демалып алу керек сәлде болса ұйықтап тынығып ал !
+1 дауыс
Алмұрт әлсіреген ағзаға күш береді.. Алмұрт - иісі жұпар, тәтті дәмі бар, пайдасы мол жеміс. Бұл жемістің пайдалылығы ертеден-ақ белгілі болған.

Ертеде алмұрт тек махаббат, нәзіктік, сыйластық белгісі, денсаулық нышаны деп бағалаған. Алмұрт ағашының жапырақтарымен дене жарақаттарын таңған, ал жаңа жемістен жас босанған келіншектерге «күш жинасын» деп дәм таттырған. Бұл жеміс әлсіреген ағзаға күш береді. Одан өзге де денсаулыққа пайдасы жоғары.

Алмұрттан дайындалған нәрсуды күніне 3 рет ішсе, зәр шығаратын жолдардағы дерттерден айықтырады, қабынудан сақтайды.

Қант диабетімен ауыратын жандар алмұртты балғын күйінде немесе кептірілген түрін жесе пайдалы. Сонымен қатар, күніне тамақтанардан алдын (30 минут) 40-50 грамм алмұрт шырынын ішу ағзаға күш береді.

Алмұрттың кейбір сұрыптарының 20 %-ын илік заттар (дубильное вещество) құрайды. Оны пайдасы – ішек жолдарындағы микробтарды сыртқа шығарады.

Адам ағзасы қатты әлсірегенде алмұрт қайнатпасы мен нәрсуын ем ретінде ішкен жақсы. Сондай-ақ, жүректің қағысын реттейді. Бұлшықет пен жүйкедегі шаршауды басады.

Алмұрт жемісін ашқарынға жеуге болмайды. Сонымен қатар жемісті жегеннен кейін артынан су ішу мен ет жеуге болмайды. Ал тамақтан соң 30 минуттан кейін ғана алмұртты жеген дұрыс. Қарт адамдар жұмсақ әрі толық пісіп жетілген алмұртты жегені дұрыс.
0 дауыс
Менде әлсіреп отырам біраақ менде депрессия дейді врачтар...
...