+1 дауыс
23.4k көрілді
Балабақшадағы қызым арулар сайысына қатыспақшы, соған қысқа  әрі нақты болатындай таныстыру қажет еди.

2 жауап

0 дауыс

 

Армысыздар, өнердің алтын кені,

Амандасу ежелден салтым еді.

Міне тағы сол салтты жалғастырсақ,

Амансыз ба, аяулы халқым менің!

 

Атым – Шұғыла болады сұрасаңыз,

Қожантай екен кешегі бір атамыз.

Әкем атым Өсербай асқар тауым,

Пана болып біздерге жүз жасаңыз!

 

 

Көп айтып өз жайымды не қылайын,

Өнеріммен одан да таң қылайын!

Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,

Сахнаның төрінде сән құрайын

0 дауыс
Мына өмірде шалдықпада,шаршама, Жеңе білген қиындықты қаншама Басталғалы тұрған мына сайыста Сәттілік тілеймін мен баршаңа Өмір өзі тұрады екен жарыстан Заман болды бір-бірімен алысқа Бұл сайыста сол өмірдің бөлшегі Олай болса менде көштен қалыспан Таңдадым мен мұғалімдік мамандық Кәсібіме танытамын адалдық Қиын әрі қызығы мол жұмысым Болашаққа нық сеніммен қарадым 15-жылдан бері ұстаздық етіп келемін Балдырғанға білім нәрін себемін Мен оқытқан оқушының барлығы Азамат боп өсуіне сенемін Армысыздар жиналған көпшіл қауым, Биік қойған жанынан қыздың арын! Қыз өсірген қазақтың қайғысы осы, Қатал сынға салатын әр қадамын! Шын сыналған жүйрікте мін болмайды, Ақылы озық - біреуге күң болмайды! Келіні дана болған қазағымның, Ұлдары өзге елге құл болмайды! Көпшілік мен де өзімді сынға салдым, Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын! Топтан озу мақсатым болмаса да, Ару болу мақсатым инабатты! Әділқазы алқасы армысыздар! Бейне бір жауатұғын қармысыздар. Аруларға әділ баға беретұғын, Әділеттен жаралған жанбысыздар?! Атым -АЙДАНА болады сұрасаңыз, Шеркеш екен кешегі бір атамыз. Әкем аты ..... асқар тауым, Пана болып біздерге жүз жасаңыз! Анашым Тугленшедей Бәленше қызы, Жүзінен төгілетін күннің нұры. Атыңа кір келтірмей өтсем сенің, Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..! Ұстазым - ... апай аяулы адам, Біздерден бар білгенін аямаған! Осындай ұстаздардың арқасында, Көпшіліктің көңілі тояр маған! Көп айтып өз жайымды не қылайын, Өнеріммен одан да таң қылайын! Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп, Сахнаның төрінде сән құрайын Сөз анасы сәлем дер, дана халқым, Ұрпақпыз сыйлап өскен ата салтын. Сәлем бердім баршаңызға отырған, Деніңіз сау, жүзіңіз болсын жарқын. Мың сәлем сіздерге де қарсыластар, Көңілі мен ойы бір замандастар, Мың сәлем сіздерге де әділқазы. Жарыста әділдікпен ісін бастар. Гулдей нәзік келеді қыздың жаны, Бітпейді қыз жүректің ізгі арманы, Назеркеге үмітпен келіп тұрған. Дианамын, мен - қазақ қызғалдағы. Қыз емес қыздың аты қызыл алтын Көрінер толған айдай жүзі жарқын Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес Тілектің қызы болам артар даңқын. Ұстазым - Райгүл апай аяулы адам, Біздерден бар білгенін аямаған! Осындай ұстаздардың арқасында, Көпшіліктің көңілі тояр маған! Көп айтып өз жайымды не қылайын, Өнеріммен одан да таң қылайын! Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп, Сахнаның төрінде сән құрайын! Жігіттің көркі бабам өнер деген Игі іске бала күннен елеңдегем. Армысың өнер сүйер көрерменім Сәлем бердім бас иіп жүрегіммен. Әділқазы армысыздар баршаңыз Біз сіздерге үлкен алғыс айтамыз Жомарт қауым қолдасаңыз біздерді Жырдан төгіп, әнмен шашу шашамыз. Танысудан басталса тұғырымыз Сөзімнен өзім жайлы сыр ұғыңыз. Нұрғали немересі, Берік ұлы Рамазан деген болам, мен ұлыңыз. Туған елім Сарыарқаның төрінен Қуат алам туған өлке лебінен. Бас иемін бабалардың рухына Мұра етіп жер қалдырған терімен. Түбім алаш, орта жүз, руым арғын Қарекенің ішінде Байбурамын. Қастерлеп ата салтын құрмет тұтар Бабамның мұрагері мен боламын! Қазыбек би дананың бір бауымын Жәнібектей бабамның жалғауымын, Ұранынан, « Ақжол!» деп арқыраған Сескеніп, құты қашқан бар жауының. Бейспектің шөпшегі, Әбікенге шөбере Берік әкем болғанда, Нұрғалиға немере. Болады екем жамагат, жалғаушысы ұрпағын Осы ата-бабамның - жалғап ізін шежіре. Алламның нұры жаусын алашыма Үш жүзім бір қазақтың баласы да Шежірені білгенмен бөлінбейік Бір соқсын жүрек әркез алашымда! Аталды, сайысымыз - «Бала Сұлтан». Мен де шықтым « 4 А» сынып атынан Ұстазымыз Райгүл апай қалады Сарқылмайтын теңіздей көл ақылдан. Таныстырдым өзімді өлеңдедім Мың алғыс айтам саған көрерменім. Енді өзіңіз ақыл мен өнері асқан Бағаларсың жігіттің кемеңгерін!!! армысыңдар қазағым қалын елім! табиғатым тауларым өзен көлім! салтына ата-баба алыс кетпей мендағы өздеріңізге салем бердім! армысыз аділ қазы мушелері! білгенге жақ білмегенге тармысыздар шынайы журекке, шынайы баға берер әділеттен жаралған жанбысыздар армысыздар сіздерде ару қыздар бақсынауга талпынған жалын кыздар біз бугін бір жайды еске алайық ел жайлы ерлік жайлы толғанайық арттан ерген жеткіншек сінілдерге улгі етердей бір із қалдырайқ тағы бир насихат айтайн мен сиздерге тектен текке бөлінбеген қазақ жүзге сурасаныз руымды АЛБАН болам КЫЗЫЛ БӨРІК алдынгы бір атамыз ӘЖІБАЙ мен ҚУЛПЕНДЕ ден тараған киінгі тағы бір атамыз БАЯМАНнын мендагы бир ұапғы ОМІРБЕКтен тараған мені әкем КАЙРАТ онын қзы АСЫЛ ару мен боламын Армысың жиылған жұрт ауылдасым, Сәлем сөз болған әр кез сөз анасы Өздеріңе басын иіп сәлем берді Қожаның Іңкәр атты бір баласы. Сыйынып бір Аллаға,хақ тағала Көрсеткен өнерімді ақ бағала Сұңқардайын қанат қақ көкте жүз деп Жіберген асыл анам беріп бата. Тұңғышы Төлегеннің, атым-Іңкәр Өнерге бала жастан болдым құштар. Өнегелі,тектілердің ұрпағымын Сайыс десе шаң жұқтырмас мен бір тұлпар. Қазақтың қарапайым шаңырағынан Өрбідім, бой түзедім қатарыммен Иба,ұят,тәрбиені қатар алып Келемін ұлы өмір сапарымен. Ару қала Ақтауымда білім алып Әдебиет пен тіл меңгерген маман болдым. Бүгін де еңбек етем Гимназияда Әріптестер болды демеу жанашыр жан. Бүгін ауыл жинап жатыр бар сұлуын Деген сөз жібергендей бізді шыңдап. Бұл сайыстан қалыс қалу жарамас деп Сахнаға мен де шықтым бақты сынап. Қыздарын асылына бағалаған Қазағым салтқа бейқам қарамаған. Бүгінгі қыз ертеңгі ардақты ана Деген сөзді бала жастан құйған маған. Мереке құтты болсын барша қауым Жайқалып,гүлденсінші біздің ауыл Аман боп еліміз, отбасымыз Ағайын,көрші-көлем, туыс-бауыр. Бас иемін ата-баба тұрғынына Бас иемін жалпы казак ултына. Акем Леспекк,Асел менің есімім, Келіп тұрмын салем беріп жұртыма. Ұлы жуздентараған баха едім, Алдыма адал мақсат қойған едім, Жуалының ұланымын ұлағатты, Онып өскен ортам бар жұрағатты. Тәуекел деп алдына келіп тұрмын Иіліп сәлемімді беріп тұрмын Сайыста өнерімді бағалаған жұрт Әділ баға береді деп, сеніп тұрмын. Шығады өнер жастан, асыл тастан, Тәрбие дұрыс болса әуел бастан Ұмтылған жетер мұратқа деп, Қорықпаймын кез-келген қарсыластан Мен айтайын өлеңді ермек болсын, Естіген жұрт көңілі сергек үшін. Қазақша өлең айтсам бір-екі ауыз, Құрдастарға тіл білмес өрнек болсын. Ұнатам түрлі өнерді Мың бұралып билеуді Қазақстан еліммен Жоғары бірге өрлеуді. Мені өсірген баптаған, Мейірімін маған сақтаған. Ақ ниетті ата-анам Оларды айтып мақтанам. Келіп тұрмын бағымды бүгін мен сынауға «Кыз сыны» атты байқауға ¶°♥•°•
...