0 дауыс
694 көрілді
Қымыз кетті неміске, шұбат кетті еврейлерге, қазы кетті италяндықтарға, мұнай кетті қытайға, тілім кетті орысқа тырысалық намысқа! Бабаларымыз елін, жерін бекер қорғағаны ма? Біздер осындай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін не жасаумыз керек! Пікірлеріңіз!

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Олай жайдан жай оянбаймыз.Ең бірінші қазіргі биліктің құрған системасын түгел өзгертуіміз керек.Бізге реформа керек.Және билік басына нағыз ұлтшылдар отыруы керек.Сен саясатпен айналыспасаң саясат сенімен айналысады дегендей,қазіргі билік біздің сыртымыздан ойына келгенін істеп жатыр(Жерді,мұнайды берді,азық-түлік,отын-су қымбаттап жатыр тоқтамайды және,кедендік одаққа кіріп бұрынғы КСРОны қалпына келтіргісі келеді,бүкіл саладағы жемқорлық т.б)Ал біз әлі ұйқыдамыз баяғыша.Ал сіздер осыны қалайсыздар ма?Бәріміз оянуымыз керек.Меніңше осыны биліктің өзі істеу керек сияқты.Тағы да осылай жалғастырып кедейшілікті әбден шегіне жеткізу керек.Сонда барып халықтың сезімін оятатын сияқты.Бізге қазір ештеңе әсер етпейді-ау.Әйтеуір күніміздің өткеніне мәзбіз.Қайран ғана қазағым-ау деп баяғылар бекер айтпаған екен ғой деген ойға қаласың...
0 дауыс
Айтқаныңның бәрі дұрыс бауырым.Бірақ қазіргі заман басқа.Көп адамдар ұлттық сезімнен гөрі өз мүдделерін жоғары қояды.Елін ойлайтын адамдар өте сирек.Біз қазір баяғы 3ғасыр бұрын орыстың құрамына кіргенінен бастап ӘЛІ ҰЙҚЫДАМЫЗ.Ояну керек бізге.

Көзiңдi аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткiзбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кеттi, дiн нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, ендi жату жарамас-ты.----деп Міржақып Дулатұлы баяғыда айтып кеткен.
"Ояну керек" деп жай ғана айтып, кінәні өзгелерге артқанша, өзіміз оятумыз керек оларды. Қалғып жүріп елдігімізден айырылатын жайымыз жоқ.
0 дауыс
Менің ойымша ұлттық идеология болмайынша басқасы бос әурешілік? Оның  бірі тіл туралы заң
0 дауыс
Егер бір елді жер бетінен құрту үшін оның күшті құралы тілін жойсаң болды ! Біз неге орысша сойлейміз! Неге біз орыс тілін білуіміз керек ! Орыстар біздің тілді біліп жатыр ма ? Ағылшынды жәрәйт
сізге қосылам орыс тілін жоюу керек
Белгісіз
–1 дауыс
ойййййййй маған бәрі бір )
Қалай бәрібір,не сенің намысың жоқпа,сен қорғамасаңда осы тіл мен жерді ата-бабаң қорғамаппа еді!егер сол тіліміз бен жерімізді беріп қойсақ сол кісілердің қаны босқа төгілдіма?
...