+1 дауыс
62.6k көрілді
Қандай тілек айтсам болады? Жақында нағашы атам 63 толады...

2 жауап

0 дауыс
Саған айтар тілек
Таусылма еш жүдеп
Қиналсаң — төз
Жарыссаң — оз
Ойнасаң — ұт
Күрессең — жық
Ешкімді басынба
Басыңнан асырма
Табысқа тасыма
Намысқа жасыма
Ешкімді күндеме
Ешкімді тілдеме
Сөзіңнен танба
Қатарыңнан қалма
Біреуді даттама
Ешқашан кек сақтама
Біреуді сыртынан айдама
Өсекті тыңдама
Шынығып шыңдал
Жақсыдан үлгі ал!

Осы жарайды деп ойлаймын
0 дауыс

Денсаулығың қуатты, өмірің шуақты болсын!

 

Әке-шешесінің бал-шекердей тәтті қызының дені сау, жасы ұзақ болсын. Ата-анасының, нағашы ата-әжесінің қуаныш-қызығы болып жүре берсін (кішкентай қыз балаға тілек).

--------------------

Өзеннің ағысындай, тұлпардың шабысындай, толқынның жарысындай өтіп жатқан әр жылыңыз жақсылыққа толы болсын (әмбебап тілек).

--------------------

Қазақ тілінде қысқа да нұсқа, әрі дәл айтылған үш тілек бар. Соларды мен саған тілеймін. Олар: денсаулық, бақыт, ұзақ өмір. Себебі, денсаулық болса жұмыс та болады, табыс та болады. Бақыт деген сөздің ауқымы кең: себебі, біреулер үшін бақыт деген — сүйген адамының қасында аман-сау жүргені, біреулер үшін — ата-анасының қуанғаны, ал, біреулер үшін балаларының бақыты. Ал, денсаулық пен бақыт болса, неге ұзақ өмір сүрмеске? Денсаулығың мықты болсың, бақыт құсы басына қонсын, өмір жасың ұзақ болсын! (жастарға тілек)

--------------------

Досым, туылған күнің құтты болсын! Саған денсаулык, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін. Айта берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майысатын қалам көп. Аспаның ашық болсын, сүйгенің бір өзіңе ғашық болсын. Сүйгеніңе сүрінбей жет, сүрініп қалсаң еңбектеп жет! (жастарға тілек)

--------------------

Сені туылған күніңмен құттықтаймын! Өмірде бақытты бол! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын. Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың мен аңсаған арманыңа жете бер. Жыл сайын ағайын, туыс, бауырлар жиналып, сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын! (құрбыға тілек)

--------------------

Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы бол. Өмір қуанышын сыйлаған ата-анаң мен жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның қалаулысы бол!

--------------------

Бүгін сенің туылған күнің — жеке өзіңнің мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып-қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенің өміріңді жарық етсін! (жастарға тілек)

--------------------

Өз бақытын, қуанышын өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Ана! Сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла Сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін. Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз! (анаға тілек)

--------------------

Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан – ана, өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, тұмсықтыға шоқтырмай, осы күнге жеткізгенің үшін алдыңда мәңгі қарыздармыз. Мейірім мен махаббаттан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла бойымызды жылытқан ыстық алақаныңыздан, айналайын деп маңдайымыздан емірене сүйіп, еркелеткен үніңізден артық біз үшін ешнәрсе жоқ. Анашым, жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз (анаға тілек).

--------------------

«Жылқыда да жылқы бар – қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар – азаматы бір бөлек» деген сөздер еліне елеулі, халқына қалаулы өзіңдей азаматқа арналып айтылса керек. 40 жас мерейтойың құтты болсын!

--------------------

Қамал бұзатын 40 жасқа келген туған күніңіз құтты болсын! Өз ісіңіздің нағыз маманы, майталманы, шеберісіз. Әріптестеріңіз Сізді сыйлайды, құрметтейді. Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектеспіз. Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, отбасыңыз берекелі, әр күніңіз мерекелі болсын!

--------------------

Сізге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық, дастарханыңызға береке тілеймін. Балаларыңыз бен немерелеріңіздің қызығын көріп, үлкен бәйтеректей жапырағыңыз жайыла берсін! Жасыңызға жас қосылып, еңбегіңіздің жемісін көріп, отбасыңыздың тірегі, бауырларыңның ақылшысы болып, мәртебеңіз әрдайым биіктей берсін!

--------------------

Ердің жасы 50-ге келген мерейтойыңыз құтты болсын! «50 жас – тал түс» деген бар ғой, алдағы өмірде де туғанға сыйлы, кейінге үлгі бола беріңіз. Күн жағымыздан көлеңке, жел жағымызға пана болып жүре беріңіз. Денсаулығыңыз мықты, ғұмырыңыз ұзақ, көрер қуанышың көп болсын дейміз.

 

Сізді 60 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Еңбек жолыңызда талай белеске шығып, ұжымның, достарыңыздың құрметіне бөлендіңіз. Тамаша балаларды тәрбиелеп, өсірдіңіз. Сіздің өміріңіз нағыз майталман маманның, ұлағатты әкенің, абзал азаматтың өнегесі. Еліміздің дамуына қосқан үлесіңіз зор. Әлі де талай тәнті істерді атқарарыңызға кәміл сенімдіміз. Бүгінгі мерейтойыңызда Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілеймін. Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін! Бақытыңыз баянды, сау-саламат жүргейсіз!

--------------------

Туылған күнің құтты болсын! Тәңір жас шаңырағыңның шаттығын көрсетіп, қошақандарыңның қатарын қалыңдата берсін.

--------------------

Туылған күнің құтты болсын! Өзіңе әлемнің бар жасылығын, қуанышын, шаттығын тілеймін. Алла қосқан жарыңмен мәңгі бақытты болып, бала-шағаңның рахатын көре берулеріңе тілектеспін. Сені биік белестерден көре берейік. Бақытты бол!

--------------------

Жаным! Қандайсың! Жарқырап атқан таңдайсың! Тіліңмен, үніңмен, түріңмен жанды баурайсың! Аман жүр, тек биіктерден көрін!

--------------------

Туылған күніңіз құтты болсын, әпке! Көңіліңіз мейірімнен, жүрегіңіз махаббаттан айрылмасын. Арманның аяулысын, бақыттың баяндысын, жолдардың сәттісін, махаббаттың тәттісін тілеймін!

--------------------

Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз! Ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа — гүл, келбетіңе — нұр, қиялыңа қанат бiтсiн. Жасыңа жас, басыңа бас қосылсын. Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін. Отбасыңа — амандық, денiңе — саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз. Арманың асқақ, шығар биігің асқаралы болсын. Әрдайым құшағың гүлге, қадамың нұрға тола берсін. Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!

--------------------

Мына жерде тілектер көп - http://tilek.kz/tugan-kunge

...