Нұрила:
Армысыздар апа – әже, аналарым
Дарытқан барша әлемге өмір нәрін
Құттықтап, шаттық сыйлап келіп тұрмыз
Бүгінгі бүлдіршінің, ертеңгі болашағың.
Жүсіпқызы Нұрила, Рахила менің сіңілім
Сүйкімді қыздарымыз біз ата – ананың
Құштармыз сусындауға білім алып
Асқақтатар биік туын Қазақстанның.
Махаббат:
Атым Махаббат, Ахмет тегі болам,
Әкем аты Данияр, Мұрат атам.
Жангелді ішінде, руым Темеш,
Дәл биыл,Қоян жылы 8 толам.
Гүлназ:
Жиналған қызғалдақтай қыр гүлімін
Руым Темеш, ішінде Жангелдімін.
Созбалап айта беріп не етпекпін
Мен үйде ерке өскен бір қызымын
Айнұр:
Таныстырып өтейін мен өзімді
Атым Айнұр Марат қызы боламын
Мақсатым үлкеннің тілін алып
Ата – дәстүр салттарын жалғап барам
Лаззат:
Келдік біз міне бүгін сыналуға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Саламыз бар өнерді осы ортаға
Береді әділ қазы әділ баға.
Әділ қазылар бағасын беред