+2 дауыс
580 көрілді
Корея Қазақстанның бір ғана облысына да сиып кетеді білесіздер.Қазақстанда 16 млннан астам халық бар ал кореяда 50млннан астам.Сонда Кореяның 50млн адамы Қазақстан облысына сиып турса неге қазақтар симаи жур.Төбелес бәрі бар.Кореяға біздің 16 млн адам барса сиады деп оилаисыздар ма?және қазақстанда халық санынын көбеитуге бола ма?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сыймай жүрген өздерің. Қолың тиіп кетсе болды әй-шайға қарамастан төбелес ашасыңдар. Ашығын айтсам өзге елдің татулығына қызықпай, өз еліңнің, аулыңның бірлігін, бесігін түзе. Бірліксіз ісің өнбейді.

Кім білсін? Бізде араға ғасыр салып болсын 50 млн-ға жетерміз. Әзірге 10 млн қазақтармен, 6 млн қазақстандықтармен шектеле тұралық.
Көніл бар жерде бәрі де бюр көніл сиса бәрі сияды керек десе 5 млд сияды ҚАЗАҚСТАНың жері кен иа халық аз ол үгін  бір бала дүниеге келген үшін мин немесе 500 мын тг берсе 10 жылдын ішінде 10 мин халық болады деп ойлаймын
+3 дауыс
Өзін басқамен салыстыру, меніңше жаман қасиет. Жарысу, бақталасу үшін жеістік жасау ол нағыз жетістік емес. Біреуді мақтағанмен, олардың да өз проблемасы бар, жалпы өмірде бәрі рахат деген түсінік жоқ қой. Біреудің "жақсы" болып көрінген дүниесі тек елес қана. Мен айтпаймын, мысалы әлеуметтік статустың нөлдік деңгейі мен ондық деңгейі бірдей деп. Жоқ. Әрине ондық деңгейі жақсы, бірақ ол деңгейде де өз қиыншылықтары бар. Айтпағым, адам барына қанағаттана білу керек. Қанағаттануды қалай  түсінемін, ол барына разы бола білу. Қуана білу. Қуанта білу. Жәй бір досыңызға хабарласа салу, әзілдесіп қауқылдасып әңгімелесіп қалу. Бірақ депрессияға, көңіл күйдің түсуіне жол бермеу. Ол жақсылық әкелмейді. Керісінше, қоғам адамды емес, адам өзін өзі қоғамнан алшақтата береді. Кінә өзінде болса да, оны басқадан іздейді. Ақиқатты мойындап, алға қарай өз күшімен ұмтылмайынша, көңілі орнына түспейді. соның себебінен жалған күледі, дұрыс жарасымды ойнап күле алмайды, адамдардың шын ықыласы мен сыйластығына лайықты бола алмайды.

Менің ойымша, барлығы адамның қолында. Алла тағаланың барына да шек келтірмеймін. Жаратқанымыз маңдайға жазды дегенге сенгім келмейді. Керісінше ниет, қуат, рух, махаббат, сезім, ерлік, адалдық сияқты жақсы және оған қарама қарсы сезімдерді беріп, сынауға жіберді. Ендеше, барлығы өз қолымызда. Әйтпесе дайын жазылған тағдырды жаза салса, сол өмірді сүріп уақыты келгенде кете салсақ, онда не үшін жаратты бізді деген ой келеді.

Қай ел қаншалықты бай болсын, қандай деп жатса да, онда шаруам шамалы. Ақты  ақ деп, қараны қара деп мойындай білген, әрқашан алға ұмтылуды ойлау ең қажеттісі осылар.

Жаман қасиетті жақсыға айналдыру деген шеберлік бар. Ең оңайы, біреуге ақыл айту, біреуді сынау, біреу туралы сөз айту. Осыларды жасай отырып, ешкімге айтпай, қағазға жазып, сол жазылғын дүниелерді өз бойыңнан іздеп, қажетті жерлерін бойыңнан табулыуға жұмыс жасап, қажет емесін саналы түрде жеңу жолдарымен жұмыс жасау, абзал іс болар.

 

Адамның санасы шектеулі ғой. Әркім әрқалай ойлайды. Біреулер айналасын жек көреді, біреулер заманды бұзылған дейді, ал біреулер ол туралы жаман ойлар қаперіне де кіріп шықпайды. Себебі, өзіне сенімді әрі қай жерде алданатынын шамамен алдын алып отыратын, соның арқасында өміріне разы үндемей жақсы өмірін сүріп жүрген адамдар бар. Ондай адамның қылығы екінші адамға бірден әсер етеді де, сол қасиет сенің де бойыңнан табылғанын қалайсың. БАстысы, бұл жерде саналы түрде жұмыс жасау болып қалады.

 

Дурные мысли, дурные поступки деген сөз бар.

 

Сөзді қысқартайын. Білемін, тақырыптан алыстап кеттім. Осы жолға дейін оқып отырсаңыз, рахмет айтамын. :)
0 дауыс
Қазақтар қай жерге де болса сияды тек тұрмыс көтермейді соның кесірінен ұрлық-қарлық, төбелес көп және бір жағынан біздің қонақжайлығымыз, ерінщектігіміз өзіміздің түбімізге жетіп отыр
0 дауыс
қазақстан тез арада халқын көтеру керек 2020 жылға дейін 25 миллион болсақ жақсы болар ед
0 дауыс
16млн делік соның тең жартысы қазақ емес ұйғыр,қытаи,орыс солар қазақты көбеитіп отқан сиақты қалаи оилаисыздар
Қазақты көбейтіп қайтейін деп едің? Басына баспана, аузына ас тоса аласың ба? Өзің айтқандай "барлығы төбелесқұмар" дейсің. Енді ойлан! Саны барда сапасы жоқ қазақтардан не пайда?
65 паызы қазақ, қалғандары басқалар, олар қазақ болайық десе өзектен тебеміз ба?!  Қазақ деп жазылар құжаттарына, әттең жүректері ондай болмайды бәрібір.
Қазақстан халқының саны 2012-шы жылдың қыркүйек айына 16 млн 835 мың адамға жетіп отыр. Дәлірек есептеулер бойынша, Қазақстан халқы 2013-ші жылдың шілде-қыркүйек айларында 17 млн-ға жететін болады. Соның ішінде Қазақстандағы жеті ірі этнос: Қазақтар — 65,3; Орыстар — 21,7; Өзбектер — 4,3; Украиндар — 1,7; Ұйғырлар 1,6; Немістер 1 пайызын құрайды. Қалған жүзден асқан халықтардың әрқайсысының саны 1 пайызға жетпейді.
Ал астер қуғынбай жауап мынауың. Нақты дерекке сүйену керек қой. Stat.kz сайтын қараңдар. Барлық мәліметтерді содан табасыңдар.
Құрметті Almasadam! Әдепсіз жауабыңа әдепсіздікпен жауап бермеймін. Қанша жерден мықты, қанша жерден білімді бол, бірақ сыйластық барлық жерде де болуы керек.

Екінші, stat.kz сайтындағы өз дерегіңді дәлел ретінде әкеліп көрсет, әкеле алмаған жағдайда, құр шөппен ауыз сүртіп жүргендердің бірінің орынсыз пікірі деп қана қоя саламын.
...