+2 дауыс
5.7k көрілді
Назарбаев университетінде физика пәні бойынша қандай мамандықтар бар?
физика панин тандап кандай окуга тускен дурыс? суранысы коп мамандык кандай?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

МАМАНДЫҚТАР ТІЗІМІ

Жоғары бизнес мектебі:

• Бизнес-басқару магистрі (Executive MBA)

Жоғары білім беру мектебі:

• Білім беру ғылымдарының магистрі (Master of Science in Educational Leadership)

• Білім беру ғылымдарының философия докторы (PhD) (PhD in Education)

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі:

• Мемлекеттік саясат магистрі (Master of Public Policy)

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі:

• Антропология (Anthropology)

• Тарих (History)

• Әлем тілдері, әдебиет және мәдениет (World Languages, Literature and Culture)

• Саясаттану және халықаралық қатынастар (Political Science and International Relations)

• Әлеуметтану (Sociology)

• Экономика (Economics)

Ғылым және технология мектебі:

• Биология ғылымдары (Biological Sciences)

• Информатика (Computer Science)

• Математика (Mathematics

• Робототехника және мехатроника (Robotics and Mechatronics)

• Физика (Physics)

• Химия (Chemistry)

Инженерия мектебі:

• Механикалық инженерия (Mechanical Engineering)

• Химиялық инженерия (Chemical Engineering)

• Азаматтық құрылыс (Civil Engineering)

• Электротехникалық және электрондық инженерия (Electrical and Electronic Engineering)

Жаңа университет инновациялық зерттеулік қызметті жүргізуге бағытталғын мықты әрі заманауи ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуға мақсат қойды. Шығармашылық қызметке барлық жағдай жасалатын Университетке ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақыртылады.
+Университет жайлы
1Университеттің тарихы

“Жаңа университеті жасау – бұл қазақстандықтардың көбісінің, біздің мемлекетіміздің дамуына ғаламдық жүйе құрушы ықпал жасайтын маңызды ұлттық жоба.
Астананың жаңа университеті ғылыми тәжірибені, ең мықты халықаралық білім беру моделін, қазақстандық ұқсастықты ұштастыратын ұлттық бренд ретінде жасалуы керек.
Әрiптестер ғылыми бағдарламаны, біздің оқытушылардың сапасын бақылау жүйесін қалыптастыру бойынша көмек көрсетуі тиіс.
Университеттің мамандықтарын экономиканың басымдылығына қарай анықтау керек. Қазақстанда дамып жатқан салалар үшін мықты инженерлік кадрларын дайындауы тиіс. Бірқатар мамандықтар жаңа бағыттардың ғылыми кадрларын дайындауға бағытталуы тиіс – генетика, биохимия, биофизика. Бұл үшін университеттің әр студентіне болашақ мансабын нақты көз алдына елестетуі қажет”.
ҚР-дағы ғылым мен ғылыми саясат бойынша Кеңестің отырысында Н.Ә. Назарбаевтің сөз сөйлеуінен. АСТАНА. 4 қыркүйек.
2009 жылдың «17» қазанында АҚ «Астананың жаңа университеті» Директорлар кеңесінің Қазақстан Республикасы Премьер-Министірі Қ.Мәсімовтің төрағалық етуімен өткен бірінші көзбе-көз кеңестiң мәжiлiсiнде 2010-2012 жылдарға арналған университеттің Даму стратегиясы бекітілді.
Жасалынып жатқан университеттің академиялық және ғылыми саясаты университет құрамына кіретін әрбір мектеп (институт) әлемнің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орынның санынан қатарынан академиялық әріптесі болатынын және ғылыми, клиникалық және өндірістік базасына ие болуын болжайды. Бұл мемлекеттің индустриалдық-инновациялық даму мәселелерін шешу үшін білімнің, ғылымның және өндірістің арасын қосуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Астананың жаңа университеті» жобасын жүзеге асыру жас қазақстандықтарға мемлекеттің ішінде әлемдік стандарттар деңгейінде білім алу мүмкіндігі беріледі. Бұл ұсынылатын академиялық бағдарламаның, оқытушылық-профессорлық құрамының, материалдық-техникалық базаның, зерттеулік қызметті өткізу дәрежесінің cапасына қатысты болады.
Жаңа университетің Даму стратегиясы өзіндік ұлттық бренді бар халықаралық класстағы университетті жасауды болжайды. Сондай-ақ, университеті басқару құрылымы академиялық басқарудың халықаралық қағидаларына сәйкес болады.
Берілген жобаның мемлекет үшін бірегейлігін ескере отыра, оны жүзеге асыру ерекше көзқарасты талап етеді, Мемлекет Президенті Н.Назарбаев оның қызметін реттейтін жоғарғы мектептің қызметін ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені ескере отыра арнайы заңнамалық реттеуді қарастыруды тапсырды.
Келешекте университет Назарбаев университеті деп аталады (Назарбаев Университет, Nazarbayev University).
«Астанадағы Жaңа университетінің» шеңберінде жаңа үш ғылыми орталығы ашылды.
Өмір туралы ғылым орталығы әлемдік ғылыми орталықтармен бірлесіп органдарды, жасанды жүректі және өкпені, дiңгек торшалары және көп жасу медицинасы саласындағы өңдеулерді жүргізеді.
Энергетикалық зерттеулердің орталығы энергетиканы, физиканы және жоғарғы энергияның техникасын жаңғырту мәселелерімен айналысады.
Дисциплина аралық құралдық, орталық инжинирлік орталық, зертханалық база және конструторлық бюросы ретінде болады».

2Басқару. Оқытушылар құрамы

Премьер-министрмен басшылық етілетін және жоғарғы саяси мемлекеттік қызметкерлердің және бизнес шеңберінің өкілдері құрамынан қалыптастырылатын Директорлық кеңесі Жобаның дамуын ұзақ мерзімдік және стратегиялық жоспарлауын жүзеге асырады. Директорлар кеңесі Атқарушы органның қызметіне бақылауды қамтамасыз етеді және АЖУ-нің қаржылық-шаруашылық қызметінің жедел жоспарларын бекітеді. Директорлар кеңесінің құрамы ҚР Үкіметімен бекітіледі.
Халықаралық кеңес беруші кеңесі жұмыстық консультативтік сүйемелдеуін қамтамасыз етеді. Кеңес үздік ғалымдардан, зерттеушілерден және академиялық көшбасшылардан қалыптастырады. Кеңес мүшелері ғылыми, кәсіпкерлік, техникалық ортадағы білім мен тәлімнің, сондай-ақ көшбасшылық қасиеттерін ескере отырып тағайындалады. Кеңес бастапқы кезеңде ұсынылатын білім берушілік және зерттеулік қызметтерге қатысты, сондай-ақ университеттің қызметіне қатысты басқа мәселер бойынша қызметті жүзеге асырады.
Оқытушылық-профессорлық құрам. Оқытушылық-профессорлық құрамды қабылдау шарттарын әріптес-университетімен анықталады. Университетке ең жақсы ұлттық және халықаралық зертеушілер шақырылады және ол жерде олар үшін шығармашылық қызметі үшін барлық жағдай жасалатын.
Астананың жаңа университеті мен Лондон коледжі унивесрситеті арасында келісім шарт жасалды (University College London - UCL). 2010 жылдың қыркүйегінде Foundation бағдарламасы ашылады. University College London –нан келген 50 астам оқытушылары жаңа оқу жылынан бастап студенттерді оқытады.

+Түсу үшін қойылатын талаптар

2011-2012 академиялық жылға арналған бакалавриат бағдарламасына түсу үшін минималды талаптар

Орта білім туралы аттестаттың/ ТиКБ ұйымдарын және жоғарғы оқуды және IB дипломы (International Baccalaureate) 4.5. және 5.0-ден кем емеc орташа балы бар бітіру туралы дипломның бар болуы.

Ағылшын тілі білім деңгейін дәлелдейтін халықаралық тесттердің ресми сертификаттары: TOEFL (қағаз күйінде – PBT немесе iBT) немесе IELTS. Мерзімдері бойынша әрекет қабілетті және ресми TOEFL/IELTS сертификаттары бар, нәтижелері өту баллдарына сәйкес келетін кандидаттар (Инженерлік мамандықтар, табиғи ғылымдар және технологиялар және дәрігерлік дайндық: TOEFL: PBT – 530, iBT – 71, IELTS – 5.5. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар: TOEFL: PBT – 550, iBT – 79-80, IELTS – 6.0) IELTS-ты тапсырудан босатылады.

UCL өткізілетін пәндер бойынша түсу емтихандары (Subject Entrance Test)

+Қалай түсуге болады?

Университетің Дайындық Бағдарламасына Назарбаев Университеті қабылдауды жүргізеді

Іріктеудің 1-ші кезеңі: ағылшын тілінен білімді дәлелдейтін емтихан – British Council English Proficiency Test (BCEPT);

Кандидаттар British Council өткізетін BCEPT тестіне тіркелуі тиіс. BCEPT тестін тапсыру үшін кандидаттарға өзімен бірге мынадай құжаттар болуы қажет:

Жеке куәліктің немесе паспорттың түпнұсқасы;
Орташа балы 4.0-ден кем емес сынақ кітапшасы немесе табельдің нотариалды куәландырылған телнұсқасы
Іріктеудің 2-ші кезеңі: ағылшын тілінде өткізілетін пәндік тест (SET);
BCEPT тестін табысты тапсырған кандидаттар University College London (UCL) өткізетін Subject Entrance Test (SET) тапсыруға шақырылады:

Ағылшын тіліндегі пәндік Тест - UCL Subject Entrance Tests (SET). Таңдаған мектепке байланысты кандидаттар мынадай пәндер бойынша емтихандар тапсырады:

Инженерия мектебі

Математика және физика

Табиғи ғылымдар және Технологиялар мектебі ( берілген жұптардан біреуін таңдау керек)

Математика және физика/ Химия және биология

Медициналық мектеп

Химия және биология

Әлеуметтік және Гуманитарлық ғылымдар мектебі

Сын тұрғысынан ойлау және математика
Пәндік тесттер бойынша минималды өту деңгейі (SET): орта есеппен 2 пән бойынша 50%-дан кем емес және 1 пән бойынша 43%-дан кем емес (яғни 30-дан 13 балл).

UCL Subject Entrance Test – сынақтық тестісін тапсыру үшін (Пәндер бойынша түсу емтиханы):

математика бойынша осы жерге басыңыз
математика (экономикаға түсетіндер үшін), бойынша осы жерге басыңыз
биология бойынша осы жерге басыңыз
химия бойынша осы жерге басыңыз
физика бойынша осы жерге басыңыз
Сын тұрғысынан ойлау бойынша осы жерге басыңыз


SET тестін табысты тапсырған кандидаттар Британ кеңесі өткізетін IELTS-қа шақырылады.

Іріктеудің 3-ші кезеңі - IELTS – ағылшын тілінен академиялық білімді анықтауға бағытталған тестілеу. Мерзімдері бойынша әрекет қабілетті және ресми TOEFL(PBT/ iBT) немесе IELTS сертификаттары бар, нәтижелері төменгі кестеде көрсетілген өту баллдарына сәйкес келетін кандидаттар IELTS-ты тапсырудан босатылады.

+Түсу емтихандары

Назарбаев Университетінің Дайындық Бағдарламасына 1 қабылдау терімінің емтихандар кестесі

1 қабылдау терімі*

BCEPT тестіне онлайн тіркеуі: 2010 жылдың 25 қарашасы –2011 жылдың 30 қаңтарыBCEPT тестін аймақтарда өткізілуі: 2011 жылдың 6 ақпаны- 6 наурызыSET және IELTS тестін аймақтарда өткізілуі: 2011 жылдың 20 наурыз – 28 мамыр*Емтихандарды өткізу күндерін Назарбаев Университетінің Қабылдау Комиссиясымен өзгертіле алуы мүмкін +Байланыстар

Мекен-жай: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы Қабанбай Батыр даңғылы 53
e-mail: [email protected], [email protected]
Абитуриенттерді қабылдау бойынша департамент телефондары:
+ 7 (7172) 706180
+ 7 (7172) 706183
+ 7 (7172) 706184
+ 7 (7172) 706328
+ 7 (7172) 706359

Алматы қаласы
Панфилов к-сі 102/55 (Төле би қиылысы) 2- ші қабат, сол жақ қанаты
Телефон: + 7 (727) 320 12 28

...