+1 дауыс
1.5k көрілді
Уйде мысық ұстаған дұрыс па ?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ғалымдар үйде мысық ұстаудың пайдалы екендігін анықтаған

Италиядағы Верона университетінің ғалымдары жас кезінен мысықты үйлерінде өсірген адамдарға қарағанда егде жасқа келгенде мысық ұстауға бейімделгендердің үй жануарына аллергиясы көбірек пайда болады екен.

Сонымен қатар зерттеушілер үйде мысық ұстап, бірақ жатын бөлмеге кіргізбесе, оның қайызғағына аллергия болмауы мүмкін дегенді айтады.

Дәрігерлер мұндай қорытындыға Европа қауымдастығының респиранторлық денсаулық  орталығы екі кезең бойынша жүргізген зерттеулер негізінде келіп отыр. Алғашқы кезең 1991-1993 жылдары жүргізілсе, екінші кезең 1999-2002 жылдары орындалған.

Соңғы жылдары жүргізілген зерттеу бойынша 7318 қатысушының 828-де мысыққа аллергиясы бары анықталған.

9 жылдық зерттеу жұмыстар барысында  4468 адам сол күйі мысықты  үйінде ұстамаса, 473 адам мысықты тек алғашқы жылы ғана үйінде асыраған, ал 700 адамның үйінде әрқашанда мысық болған.
+1 дауыс
Менің уйімде екі мысығым бар! Біреуі анасы , біреуі баласы яғни ұлы. Анасын  қақаған қыста інім мектептен қайтатын жолдан тауып алып үйге әкелгеніне үш жыл болды.  Өзі қап қара, тура қазанның түбіндей қара. құлағы аздап үсіпті. Тауып алған районға хабарландыру іліп, иесін таппақ болып едік ,еш нәтиже шықпай, біздің үйде қалып қойды.Ветеринарға апарып көрсек ,ішінде баласы бар екен,және пародасы Бомбейский  деді .Дені сау деді , буаз болғандықтан ішек құртына да, басқа ауруларға да екпе жасамады.Осылай , кейін ұш мысық туып,екуін таныстарымыз қалап алды.Біреуіне ие табылмай үйде қалып қойды.Бәріміз жақсы көреміз, бірақ біз жұмысқа кеткенде бір бөлмеге қамап кетпесе үйді шашып тастайды екеуі ойнап. Қазір мен уақытша үйдемін, үнемі қасымда отырады екеуі де,әйтеуір зеріктірмейді.Жатсам, ауырған аяғыма ,гипстың үстіне жатып алады,сол кезде сыздағаны қоятын сияқты. басында қуатын едім, енді қумайтын болдым.Міне осылай, егер мысық ұстаймын десең,ол жақсы жануар. Егер ұрғашы мысық болса мысықтамас үшін беретін дәрісі бар.уақытымен беріп тұрсаң еш қиындығы жоқ!!!
+1 дауыс
мысық ұстаған дұрыс деп ойлаймын! өз басым мысықты жақсы көремін:)
мысық адамды жалғызсыратпайды)
0 дауыс
jer uide tursan ustayga boladi.al kop kabatti uide tursan misik ustau kerek emes meninwe. sebebi olardan jaman iis wugadi..sosin ol baska korwilerinnin mazasin alyi mumkin
–1 дауыс
Мысық ұстауға болады тек оның бүлдіретіні жаман
–1 дауыс
Мысық ұстаған жөн.Тышқан аулайды.

Ұқсас сұрақтар

...