Менің уйімде екі мысығым бар! Біреуі анасы , біреуі баласы яғни ұлы. Анасын қақаған қыста інім мектептен қайтатын жолдан тауып алып үйге әкелгеніне үш жыл болды. Өзі қап қара, тура қазанның түбіндей қара. құлағы аздап үсіпті. Тауып алған районға хабарландыру іліп, иесін таппақ болып едік ,еш нәтиже шықпай, біздің үйде қалып қойды.Ветеринарға апарып көрсек ,ішінде баласы бар екен,және пародасы Бомбейский деді .Дені сау деді , буаз болғандықтан ішек құртына да, басқа ауруларға да екпе жасамады.Осылай , кейін ұш мысық туып,екуін таныстарымыз қалап алды.Біреуіне ие табылмай үйде қалып қойды.Бәріміз жақсы көреміз, бірақ біз жұмысқа кеткенде бір бөлмеге қамап кетпесе үйді шашып тастайды екеуі ойнап. Қазір мен уақытша үйдемін, үнемі қасымда отырады екеуі де,әйтеуір зеріктірмейді.Жатсам, ауырған аяғыма ,гипстың үстіне жатып алады,сол кезде сыздағаны қоятын сияқты. басында қуатын едім, енді қумайтын болдым.Міне осылай, егер мысық ұстаймын десең,ол жақсы жануар. Егер ұрғашы мысық болса мысықтамас үшін беретін дәрісі бар.уақытымен беріп тұрсаң еш қиындығы жоқ!!!