0 дауыс
8.4k көрілді
Орал қаласы туралы мәліметтер керек еді,тың және тыңайған жерлері туралы деректер кажет.

2 жауап

0 дауыс
Орал – қала (1775 жылдан), Батыс Қазақстан облысының орталығы (1932 жылдан), ірі темір жол станциясы, Жайық бойындағы өзен порты, әуе жолдарының торабы. Қала Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан.
Тарихы
Орал қаласының мешітіОрал қаласының орнында бұдан бірнеше мың жыл бұрын скиф, ғұн, авар, печенег және қыпшақ тайпаларының мекен-тұрақтары болған. Бұл тайпалардың көсемдері мен жауынгерлері жерленген шағын қорымдар мен қорғандар қазір де кездеседі. Орал қаласының жергілікті қазақтар арасында ерте заманнан қазірге дейін “Теке” аталуының себебі, Алтын Орда хандары жанында уағыз тарататын Алшын Хасан сопы (Асан қайғы болуы да мүмкін) Әбдірахман, Әбдіразақ шайқылардың ұйымдық сипат белгісі – тәкие немесе мүридтер және ел кезген дәруіштер аялдайтын кәделі орын (резиденция) тәкие үйлерінің болуына байланысты. Орыстар Жайық бойына 15 ғасырдың аяғы 16 ғасырдың бас кезінде келе бастады. 17 ғаырдың 1-ширегінде Ноғай хандығымен шекарада шағын әскери бекініс-тірек ретінде Жайық қалашығы салынды. Ол 1613 ж. қазіргі Орал қаласының орнына көшірілді. 18 ғасырдың бас кезінде Жайық қалашығында 3 мыңға жуық үй болды. Олар негізінен Старица (Жайықтың бұрынғы арнасы) және Шаған өзендерінің бойына орналасты. Қаланың негізгі тұрғындары – казак-орыстар болған. Олар әлеуметтік жіктелудің нәтижесінде кедейлер (“голытба”) мен байлар (“домовитые”) болып бөлінді. Жайық казак-орыстары Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне (1773 – 1775) қатысты. Жайық қалашығы ІІ Екатеринаның 1775 жылы 15 қаңтардағы жарлығымен “Орал қаласы”, ал оның тұрғындары “Орал казактары” болып аталды. Орал қаласының неғұрлым ежелгі бөлігі Михайло-Аргангельск ғибадатханасының оңтүстігінде орналасты. Ғибадатхана – Орал қаласының тарихи ескерткіші (1741 – 51 ж. салынған). Қала бірнеше рет (1739, 1751, 1821, 1879) өртке ұшырады. Сырым Датұлы бастаған (1783 – 1797) халық көтерілісі,Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары Орал қаласы мен Жайық өңіріне ерекше із қалдырды. 1846 ж. қалаға айрықша құқықтар беріліп, үлкен қалалар санатына қосылды. 1869 ж. Орал облысы құрылып, қала облыс орталығына айналды. Қала тарихында социалды-демократиялық үйірменің құрылуы (1902), 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс (С.Меңдешев, Ә.Әйтиев, т.б.), Кеңес өкіметінің орнауы (1918 ж. 3 қаңтарда), ақ казактарға қарсы Орал қорғанысы (1919 ж., сәуір – шілде, М.Фрунзе), т.б. елеулі оқиғалар болып өтті. 1919 ж. 1-сәуірде Оралда Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары кеңестерінің 1-сайлауы өтті. 1920 ж. Орал губерниясы қалаға айналды. Кеңес өкіметі жылдарында Оралдың экономикасы жедел қарқынмен дамып, республикадағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. 1925 ж. Жайық өзені мен Орал – Атырау арасында тұрақты кеме қатынасы және 1923 ж. Орал – Елек темір жолының ашылуы қаланың экономикалық жағдайын жақсартты. Одан кейінгі жылдары (1950 – 1990) Орал қаласында ірі машина жасау және металл өңдеу, құрылыс материалдарын өңдеу, жеңіл және тамақ өндірістері, медициналық препарат зауыттары, т.б. 200-ден астам нысан салынды, көлік жүйелері дамыды.

0 дауыс
КОКП ОК-нің 1954 жылғы Ақпан-Наурыз Плеиумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Солтүстік Кавказ және Қиыр Шығыстың кейбір аудаидарында жаңа тың және тыңайган жерлердің есебінен астықты дакылдар егістігінің колемін кеңейту көзделді. Пленум Қазакстанның жөне Сібірдің ұжымшарлары мен кеншарларында әр гектардан 14-15 центнерден астықалуға және екі жылдан кейін қосымша 1 млрд. 200 млн. пұт астық өндіру ге толық мүмкіндік бар деп санады.
Пленумда 1954-1955 жылдары жалпы елде кемінде 13 млн. га, оның ішінде 6,3 млн. га жерді Қазақстанда жырту көзделді. 1954 жылы 13 тамызда кабылданған партия және үкіметтің ” Астық өндіруді молайту үшін тың жерлерді онан әрі игеру туралы” каулысында аталған жерлердіңаумағын 1956 жылы 28-30 млн.гектарга жеткізу белгіленді. 1955 жылы елде жаңа тың және тыңайған жерлер көлемі 29,7 млн. гектар, соның ішінде Қазақстанда 18 млн.
Гектар қажетті.
Тың белсенді игерілген 1954- 1960жылдарда РКФСР-да 16,6млн. гек-тар, ал Қазакстанда25,5 млн гектар тың және тынайған жерлердің игерілгені қазір мәлім болып отыр. Республика бүкіл егістігінің көлемі 1953 жылы 11 млн. гектардай еді, енді тын игерілгеннен кейін оның көлемі36 млн. гек-тардан асты. Қазакстан территориясы 272 млн. гектарды (2 млн. 717 мын шаршы шакырымды) кұрайды десек, ауыл шаруашылығының балансындағы
жер 223 млн. гектарға жетті.
...