0 дауыс
5.3k көрілді
Мына сияқты сөйлемдер құрастырасыз ба??? Алдын ала РАХМЕТ!!!!!!!  
Мысалы: Таудың табиғаты тамаша. Талғат, Таңат, Тұрарбек, Темір төртеуі тау табиғатын тамашалап, таңқурай терді.

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Тақырып Тiл туралы

Түп-тұқиянын талқылауға тырысқан тартуымның «Тематикасы», «Текстовкасы», «Тақырыбы» (теңеуін тілегіңіз таңдасын) − тіл тағдыры. Тіл туралы талай-талай талпынып, талаптанып, толғаныстан, талас-тартыстан туған тұсаукесер туындым. Тіл тағдыры талай тарландарды тыным таптырмай тұрған тақырып. Тарихты тереңталдасақ, тіл тағдыры толғантқан талай танымал тұлғаларымыз түрмеге тоғытылды, тамұққа түсті, төбеттергеталанды. Тоталитаризмнің төтенше төбеттері Тұрарларымызбен тапанша тілімен тілдесті.Тәуелсіздігіміздің туы тігіліп, тайпа тағдыры тұрақтағалы тіліміздің түбегейлі тірілуін, туған тұғырына тік тұруын тай-тұяғымызбен, түгеліміз тіледік.
Тілінің тілеуін тілемейтіндердің тізіміне:
−төл тілінде түсініспейтін тексіздерді;
−туған тегін танымайтын тасбауырларды;
−тікішегін тезекке толтырып, тамаққа тойғанына тоқмейілсіген тоғышарларды топтастырдым.
Тізбелесек тағысын-тағы, топтасып тоқайласқан тұжырымсыздар, тіл тарихын түрпілеп түзетуге талпынған тұрлаусыздар, тұрпайы түсініктерімен тәнімізге тағылған таңба тәрізді.
Табаны тайғанақтап тұрған тіл тағдырына толғанбайтын, тәубені түсінбейтін, тәкапппар, төресымақ, табысқой танысымнан тіл тазалығын түсіндірмекке талабымды тосқанымдатулаған тайдай тарпынып, талағы тарс түсті.
− «Трагедизируешь! Таласып-тартысуға тұрмайтын тақырып. Төбеде тұрған тағынан түспейтіндердің таңдаған, «трасттылық»,«традициялық», «транспаренттік», «толеранттық» туралы тілшілердің тапқан танымал терминдерінің түпнұсқасын талқылауың — тантықтардың теориясы.Так‑то товаришь!»
− «Тогда твоя теория тоже — твердолобая тупость (тәржімесі — топастық). Таңдағандарың «тоталитарлық» тіл! Тұран тіліміздің тарихи түп-тамырын түсінбейтіндердің, тіл тағдырын тендерге тоғытып тікелей табысты тілейтіндердің тұжырымдамасы».
Тәйтік топаспен тәжікелесіп, түк таппадым. Тоқтадым.
Тартысқа толы тағдырымның тебіреністерін «Т-мен» тізбектеген туындымда тұңғыш тентегім Темірханым туралы толғандым. Темірханымтуғанда төбем Тәңірдің тұрағына тәк-тәк тимей тұрды. Тілеуім түзу-тұғын. Төңірекке табалатпай тәй-тәй тұрды. Таңдайы тақылдап, тілі түзелді. Төрт түлігім түгел, теңіздер таяз тартып, тіземе тимей тұрғандай-тұғын. Титімдей тәмпішіме тәлім-тәрбие тоқытатын, туған тілін терең түсіндіретін тиісті тұрақ таңдадым. Тұрған төңірегімізден төл тілімізде тәрбиелейтін «тәлімхана» таза-тақыр табылмады.
Тағатым таусылғандықтан, 9‑ға толған томпатай тентегімді тіліміздің тереңдегі тұнығымен табыстырдым. Төл тілімізді «тоталитарлық» тілден төмендетпей, терезесін теңестіріп таразыға тартудан тайынбадым. Тілімізді талас-талқыға түсіріп, «тендершілердің» торсығын толтырғанына төзбедім.Тілімнің тау-тасын талқандап, топ-тобымен,тайлы-тұяғымен топырлатып табанына тастауға тырысқандармен тартыстым. Таласқанментұрмыс түзелмесін түсініп, тәңірге табындым.
Темірханым, түсінген текті тояттайтындай тиянақтылығын танытты, тіпті тестілеуді тәп-тәуір тапсырып, төсбелгі тағынып, тума-туыс, таныстарымды таңдандырды. «Тесік тамның тәңірі төбесінде», «тең-теңімен,тезек торбасымен» тәрізді теңеулерді теріске тіркеу — түсінбеушілік. Темірханым тағдырдың талай тайғақтарына төтеп, талмастан талаптанып тереңдік танытты. Тұлпарымды тотталмайтын темірмен тағалап, тұмар тақтым. Мәлiмет [мына][1] жерден алынған.


[1]:http://til.yvision.kz/post/59121
Сізге көп көп рахмет!!!!!!
Оқасы жоқ, мүмкiн ЖЖ таңдарсыз)
ЖЖ таңдайтын жоқ болып тұр ғой!)))
...