+1 дауыс
847 көрілді
Өтініш, Тахауи Ахтановқа реферат тауып беріңіздерші?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Т.Ахтановтың шығармашылық өмірбаяны
Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романы соғыс тақырыбына жазылған туынды. Бұл романның бір ерекшелігі мұнда ұнамсыз кейіпкер атымен жоқ. Сырттай бір ауыз сөзбен жағымсыз кескінде мінезделген колхоз бастығы мен бір-ақ көріністе ісбасты, бюрократ кейпінде елес берген облыстық оқу бөлімінің бастығы романның характер ашатын тартыс желісінде ешқандай роль атқармайды. Ғ.Мүсіреповтың қол жеткен үлкен табысы- көп ұлтты кеңес халқының Отан соғысы тұсында шарықтап көтерілген биік мұратын кеңес жауынгерлерінің коллективтік образымен бейнелеп жеткізуінде Жазушы алғаш рет Отанын қорғаған қазақ жауынгерінің жеке образын даралап көрсете білді. Әрине, толығырақ тұлғасымен танылған Қайроштың образы. Қайрош-Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұлов, яғни оның өмірде прототипі бар. Қазақ жауынгері. Халық көзінде асыл қасиеттерімен танылған батыр адамның әдеби образын жасау міндеті жазушыға айрықша талап қояды. Ал, Т.Ахтановтың соғыс тақырыбына жазылған шығармаларының барлық образдары қиял жүгін көбірек көтеретін әдеби образдар болып табылады.
Қайроштың барлық өмір жолын көзге елестетіп, жазушы оның батырлық биікке қалай шыққанан романның өн бойында көркем дәлелдеп берген. Колхоздағы жетім бала қалаға келіп, балалар үйіне түседі, одан шығып шаштараз болып істейді, кейін әскер қатарына алынып, әуелі шекарада тұрады да, соғыс басталған соң майданға кетеді. Содан былай біз оны ылғи соғыста көреміз. Көптеген ұрыстарға қатысып, Қайрош соғыстың талай қиын-қыстау кездерін басынан кешіреді. Бірте-бірте ысылады, шынығады. Бұл оның әрі жауынгерлік сипаттарының қалыптасқан шешуші кезеңі боп табылады.
Романның басты қаһарманы Қайрош болсын, оның майдандық жолдастары болсын өздерінің жақсы қасиеттерін ұдайы дерлік ұрыс жағдайында айқын көрсетуді де, басқа жағдайда өте көмескі көрінеді. Оның себебі-қаһармандардың жеке бастарының өмір қатынастары, қайшылықтары, олардың бейбітшіліктегі тұрмысы, мінез-құлқы, рухани эмоциялық ішкі дүниесі, жан құбылысы жүйелі түрде ашылмайды. Қайроштың өмірбаянындағы эпизодтық көріністер оның ішкі дүниесі мен сырына терең бармайды. Ал Тахауи сезімнің жазушысы екенін тағы да бір дәлелдегендей. Ол қаһармандарының ішкі түйсіктері мен жан құбылысына, мінез-құлқын бейнелеп ашып беруге көп көңіл бөлген.
Ғ.Мүсіреповтың бұл кемшілігі қаһарман образының жылы, жарқын, нәзік жайларын кейде қоңырқай тарттырады. Көркем бейнеленген образдың кейбір бояуын жазушы солғындатып алғандай. Ал осы кемшілік Ә.Нүрпейісовтың «Күткен күн» романымен Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндерінде» психологиялық дәлдігі мен тереңдігі басым.
Үш романда да сан алуан командирлер мен жауынгерлерді көресіз. Бұлардың мақсат ұқсастығында шек жоқ. Алайда олардың бәрін біз аты-жөнімен ғана ажыратпаймыз, әрқайсысының өзіндік тағдырымен, өмірбаяндық өзгешеліктерімен, сырт пішін және характер ерекшеліктерімен ажыратымыз. Бұл жазушыларымыздың идеялық көзқарасы, шығармашылық әдісі, эстетикалық мұраты бір бола тұра, образдарын дараландыра білгендігінің жемісі. Қаһармандарын ұрыстарда көркем бейнелеп берген туындының бірі Ә.Нүрпейісовтың «Күткен күн» атты романы. Жазушының бұл шығармасы жазылған шақта қазақ кеңес прозасында Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған кесек те көркем шығарма жоқтың қасы еді. «Күткен күн» романының эпикалық тынысы кең, шындықты қамту шеңбері мол. Шығарма кейіпкерлерінің тағдыры мен іс-әрекеті жан-жақты, терең суреттелген. Сонымен бірге онда кейіпкерлердің психологиялық сипаттауларында да нәзік әрі шынайы түрде берілген. Жалпы алғанда, психологиялық сипаттауға шеберлік- Ә.Нүрпейісов пен Т.Ахтановтың жазушылық таланттарының ең бір жарқын қыры; олардың шығармашылығының ерекше белгі-бедерінің бірі. Ә.Нүрпейісов авторлық баяндауларында әрбір құбылыстың немесе оқиғаның сипатын, әсерін кейіпкерінің сезім елегінен өткізіп берді. Кейіпкерлерінің әр алуан көңіл-күйлерін, сырларын ақтарып ашқанда жазушының «адам психикасына» тереңдеп үңіліп, әсерлі суреттей алатындығын, анық шеберлігін айқын танытатын мысалдарды романның кез келген тарауынан, әрбір эпизодынан да алуға болады.
Романға маршал Говоровтың, генерал Разумовтың бейнелерін енгізу арқылы және әскери ұрыстар мен қимылдарды сондай үлкен қолбасылардың ойы, дәрежесі тұрғысынан қарап бағалау арқылы автор бүкіл Курляндия майданының жалпы сипатын, тынысын жақсы аңғартады. Ал бұл жағдайлар Т.Ахтанов шығармаларында көмескі тартып солғын бейнеленген. Оқушы романның ең алғашқы беттерінен бастап – ақ Есеймен танысады. Жазушы Есейдің қарулас жолдастарымен бірге жау қоршауында қалған шақтағы ғажайып ерлігін және неміс фашистерінің қолына тұтқынға түскендегі қайсар шыдамдылығын суреттейді. Жалпы алғанда, жазушы Есей образын іштей өспейтін, семіп қалған күйде емес, қайта жан – жақты толысу, тереңдей түсу түрінде көрсете алған.
Ә.Нүрпейісовтың «Күткен күн» романындағы подполковник Бобров пен майор Долгущовтың образдары. Т.Ахтановтың Купциановы мен Малдыбаев образдарына жақын бейнелер болып табылады. Бобров – уақыт талабынан қалып қалған, қазіргі заманғы әскери өнердің өрісінен тым аласа жатқан кейіпкер. Ал Долгушов әйел затын көрсе, қызыл көрген құзғындай құтырынып, естірік кететін, өз қатары мен лауазымы кішілерді келекеге айналдырып, лаңсып жүретін образ. Тахауи өз романын жазбас бұрын Ә.Нүрпейісовтың «Курляндиясын» оқығандықтан, көп ретте соған еліктегендей, образдарының іс-әрекеттері де, психологиялық тереңдікке үңілуі де осының айғағы секілді. Алайда Тахауи Ахтанов өзінің жазушылық даралығымен ерекшеленетін қаламгерлердің бірі болып саналады.


...