+1 дауыс
10.1k көрілді
сезім мүшелері туралы суреті мен ақпараттары керек болып тур кайдан алсам болады

1 жауап

0 дауыс
Сезім мүшелері (органы чувств, сенсорные органы); (органұм сенсұұм, лат. органон — мүше, ағза; сенсұұм — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.
Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты: экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.
Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Интерорецепторлар — ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді. Интерорецепторлардың жеке арнайы түрі — проприорецепторлар. Олар тірек-қимыл аппараты мүелеріне (қаңқа сүйектері, бұлшықеттер, буындар) әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды.
Көздің құрылысы
Алыстан және жақыннан көргіштікАдамның тіршілігі сыртқы ортамен тығыз байланысты. Қоршаған ортада болып жатқан ақпараттар ағынын жүйкелер сезімтал ұштары (рецепторлар) арқылы қабылдайды.
Тітіркендіргіш (түршіктіргіш, қоздырғыш) әр түрлі заттардың (ине, ыстық, суық, қатты дыбыс және т. б.) денеге (ағзаға) әсері. Рецептор сезім мүшелерінің (анализаторлардың) шеткі бөлімдері, ол сыртқы және ішкі деп 2-ге бөлінеді. Сыртқы рецептор (жүйке ұштары) терінің үстіңгі (беткі) қабатында болады, тітіркендіргіштерді сыртқы ортадан қабылдайды. Мысалы, қолдағы теріге инемен әсер етсе, адам дереу қолын тартып алады. Ішкі рецепторлар ағзаның ішінде, ішкі мүшелерде (жүрек, ішек-қарын, қантамырлары және т.б.) болатын құбылыстарды хабарлайды.
Адамда 5 түрлі сезім мүшелері бар, олар: көру мүшесі - көз; есту мүшесі - құлақ; иіс сезу мүшесі - мұрын; сипап сезу (түйсіну) мүшесі - тері; дәм сезу мүшесі — тіл. Сезім мүшелері қоршаған ортаның белгілі бір тітіркендіргіштерін ғана қабылдайды. Мысалы, құлақ - тек дыбысты, көз - тек жарықты және т. б. Сезім мүшелері мимен және өзара бірімен-бірі тығыз байланысып, бірін-бірі толықтырып тұрады.Сыртқы және ішкі тітіркенуді қабылдап талдайтын сезімтал жүйкелер жиынтығын физиолог ғалым И.П.Павлов анализатор деп атады. Сезім мүшелерін кейде сенсорлық жүйе деп те атайды (латынша - сезу, түйсіну).
АнализаторӘрбір анализатор 3 бөліктен тұрады:
1.тітіркендіруді қабылдайтын шеткі бөлігі - рецепторлық,
2.қозуды (тірі жасушалардың тітіркенуге жауабы) рецептордан орталық жүйке жүйесіне өткізетін - өткізгіш бөлігі;
3.ми қыртысында қозуды талдайтын - орталық бөлігі.
Сонымен анализатордың бөліктері - шеткі, өткізгіш, орталық деп аталады. Анализаторлардың барлық бөлігі бірімен-бірі тығыз байланысты. Егер анализатордың бір бөлігі зақымданса, басқа бөліктеріне әсер етіп, тітіркенуді ажырата алмайды (жойылады).
Адам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпа-раттпрдың 80-90%-дан астамын көзбен көріп біледі. Көру мүшесі көз алмасы мен қосымша мүшелерден тұрады. Көз алмасы 3 түрлі қабықтан тұратын шар тәрізді мүше.
Сыртқы қабығы - қалың, тығыз, дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабық. Бұл қабық көз алмасының алдыңғы және артқы бөліктерін қаптап тұрады. Ақ қабықтың алдыңғы жағы мөлдір әрі дөңес қасаң қабыққа айналады. Ақ қабық көз алмасына пішін береді, қасаң қабықша жарық сәулесін өткізеді.
Ортаңғы қабығы - қантамырларына бай тамырлы қабық. Бұл қабықта қантамырлары көп болғандықтан, көзді коректік заттармен қамтамасыз етеді. Тамырлы қабықтың алдыңғы жағы нұрлы (бояулары түрлі түсті) қабыққа айналған. Нұрлы қабықтың дәл ортасындағы тесік - қарашық деп аталады. Қарашық арқылы көздің ішіне жарық өтеді. Көз қарашығы бірде ұлғайып, бірде кішірейіп көзге жарықтың өтуін реттейді. Жарық мол түссе, қарашық кішірейеді, аз түскенде ұлғаяды. Қарашықтың кішірейіп немесе ұлғаюы нұрлы қабықта болатын бұлшықеттердің жиырылып босаңсуына байланысты.
Мөлдір қабық пен нұрлы қабық арасында көздің алдыңғы. қуысы орналасқан. Нұрлы қабық пен көз бұршағының арасында көздің артқы қуысы бар. Көз қуыстарындағы сұйықтық көздің ішкі қысымын реттейді.
Нұрлы қабық пигментке (бояғыш зат) бай. Пигменті аздау көз - көк немесе боз түсті. Қара көз бен қой көзде (коңырқай) пигменттер жеткілікті болады. Пигментсіз болса, қызыл, тағы басқадай түсті болады. Қара пигментті жасушалар жарық сәулесін жақсы сіңіреді.
Қарашықтың артқы жағында пішіні екі жағы да дөңес линзаға ұқсаған мөлдір дене - көз бұршағы (хрусталик) жатады. Ол күн сәулесін торлы қабыққа шоғырландырады (жинайды). Көз алмасының ішін мөлдір шыны тәрізді іркілдек дене толтырып тұрады.
Көздің ішкі қабығы - торлы қабықтың құрылысы күрделірек. Көз алмасының түп жағында шар тәрізді ақ дақ (соқыр дақ), оның жанында сары дақ болады. Торлы қабықта жарықты сезетін жасушалар өте тығыз орналасқан. Бұл жасушалардың пішіндері таяқша, колба тәрізді (химиялық ыдыс) болып келеді. Сары дақ колба тәрізді жасушалардың жиынтығынан түзілген, жарықты жақсы сезеді. Соқыр дақта жарықты сезетін жасушалар болмайды, жарық сәулесін қабылдамайды. Сондықтан оны соқыр дақ дейді, соқыр дақ - көру жүйкесінің көз алмасынан шығатын жері.
Таяқша тәрізді жасушалар арқылы адам түнде, ымырт жабылған кезде жақсы көреді. Колба тәрізді жасушалар тек жарық жақсы түскенде ғана тітіркеніп, заттың түсін ажыратады. Жарық сәулесімен тітіркендіргенде жасушаларда козу пайда болады. Қозу көру жүйкесі арқылы ми қыртысының шүйде бөлігіндегі көру орталығына беріледі. Сонымен, көз алмасы - ақ қабық, тамырлы қабық және торлы қабықтан тұрады.
Көздің қосымша (қорғаныш) мүшелеріне - қабақ, кірпік, көз алмасын козғалтатын бұлшықеттер, жас бездері, қас жатады. Қабақ пен кірпік - көзді шаң-тозаңнан, жарқыраған жарықтан қорғайды. Бұлшықеттер - көз алмасын жоғары, төмен, ішке, сыртқа қарай қозғалтады. Жас бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Жас бездері ұдайы жас бөледі. Жас - көзді ылғалдап, жылытады. Көзге түскен бөгде заттар жаспен бірге сыртқа шығарылады. Жас зиянды микробтарды жояды. Қас - аққан терді көздің ішіне жібермей ұстап, қорғап қалады.

Алыстан және жақыннан көргіштік[ Көз гигиенасыАдамның көру қабілеті жасына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 10 жаста затты 7 см қашықтықтан жақсы көрсе, 45—50 жаста - 33 см-ден жақсы көреді. Ал 70-те жақын тұрған заттар бұлдырап анық көрінбейді, көзілдіріктің көмегімен, әр түрлі линзалар (ойыс, дөңес) арқылы реттеледі. Бұл жағдай көз бұршағының өз пішінін өзгерте алмай, төмендеуінен болады. Мұндайда алыстан көргіштік қалыптасады. Алыстан көргіштік (қырақтық) көбінесе қарт адамдарда кездеседі. Әсіресе, жастарда (мектеп окушыларында) жақыннан көргіштік жиі кездеседі. Жақыннан көретін адамдарға алыстағы заттар бұлыңғырланып көрінеді, оның қандай зат екенін ажырата алмайды. Жақыннан көргіштік көбінесе жарық аз түскен жерде оку, жатып оқу, көлікте жүріп окудан болады.
Көз ауруларының ішінде көбірек таралған жұкпалы ауруға - көз қарығуы (конъюнктивит) жатады. Бұл кезде көздің сілемейлі қабығы қабынады. Аурудың болуына көбіне бактериялар, вирустар және т. б. ағзалар әсер етеді. Кейде гүл тозаңдары, химиялық заттар, дәрі-дәрмектер де әсер етуі мүмкін.
Көз ауруларын емдейтін дәрігерді -офтальмолог (грекше — көз), кейде окулист (латынша — көз) деп атайды.
Көз гигиенасы. Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу абзал.






...