+1 дауыс
648 көрілді
Қ.Нұртастың киносы қашан шығады достар?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

2013 жылдың сәуір айында отандық кинопрокатқа әнші Қайрат Нұртастың өмір жолын көрсететін "Өкініш" атты көркемфильм шықпақ. Бұл жөнінде фильм директоры Мира Келімбетова баян етті.

"Фильмде жас Қайраттың өнердегі жолы, шығармашылығы және жетістікке жетуі айтылады. Бар құпияны ашпай-ақ қояйық әзірге. Көрермен өзі көре жатар. Бұл біздің дебюттік кинофильміміз. Уайымдамай жүрген жоқпыз. Студиядан екі елі аттамай, фильмді қайта-қайта қарап, өңдеудеміз", - дейді Мира Келімбетова.

Мелодраманың түсірілімі 2012 жылдың шілде мен қараша айларында еліміздің Астана, Ақтау және Түркістан (өзі туған жер) қалаларында өткен. Кинокартинада Нұртастың ата-анасы және аға-інілері де бой көрсетеді.

Ал басты рөлдерде Қайратпен бірге әнші Сиви Махмуди, актриса Жәния Джуринская және әнші Ренат Баситовтар ойнайды. Сонымен қатар, фильмге түсуге Асанәлі Әшімов пен Тұңғышбай Жаманқұлов та "жоқ" демепті. Ал кинофильмнің продюсері - Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова.
[Мына][1] жерде жазылған


  [1]: http://massaget.kz/madeniet/kino/8056
Мирас сенің жауабыңды өңдеп қойдым. Сайтқа тікелей сілтеме қоюға болмайды. Ақпараттың жарты немесе басым бөлігін көшіріп осында жазып, толық оқу үшін мына жақа өтіңіз деп сілтеме қалдырсаң немесе Ақпарат мына жерден алынды деп салсаң болады. Ал құр сілтемені қалдыратын болсаң оны спам ретінде қабылдайтын боламыз. Қазір сенің жауабыңды өңдеп қойдым.
түсіндім
...