+1 дауыс
150k көрілді
Тахауи Ахтановтың күй аңызы әңгімесінің идеясы қандай?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

"Күй аңызы" - Т.Ахтановтың ең алғашқы әңгімесі. Әңгіменің негізгі тақырыбы — өнер құдіреті. Естемес деген күйшінің ауыр тағдыры. Ол өзінің мұңлы да зарлы күйі арқылы ботасы өлген боз інгеннің тақырдай қатып қалған қайыс жонын жұмсартып, тіршілікке нәр бергендей болды.   
Бұл әңгіме күйші Естемес пен жас жігіт Оразымбеттің жолдағы әңгімесі мен бастан кешкен оқиғасы туралы. Естемістің жас қызға ғашық болып, оған соңына дейін тырмысып өзіне алғысы келгені, бірақ қыздың ондай ойы болмағанын біліп, көңілі түскені туралы болатын.

Естемес және оның жанында  жүрген жас жігіт Оразымбет екеуі жол жүріп бара жатып жолаушылап Ипан тауының баурайындағы жалғыз үйге тоқтайды. Естемес сол қызға ғашық болады. Әкесі егер менің суалып қалған түйемді идірсең,қызымды беремін дейді. Жаңылға қосылу үшін ол күй шерте  басатайды. Бұл баяғыдан бітіре алмай жүрген  күйі еді. Күй соңында күйші қатып қалған бозінгенді идірсе де қыз оған заманының өткендігін білдіреді. Осы күй осыдан "Нар идірген" деп атылып кеткен.   
 

Шығарма кейіпкерлері:   
*.Естемес - күйші, тарамыс денелі, қатқыл өңді, егде кісі, тағдырына ыза болған, өкінген адам.

*.Оразымбет - Естемістің шәкірті.

*.Жаңыл - жасы он алты-он жетілер шамасындағы, қою қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы. 

+1 дауыс
Мен бұл әңгімені оқығанмын. Бұл әңгіме "Нар идірген" атты күйдің шығу тарихын баяндайды. Естемес атты шалдың жас қызға Жаңылға  ғашық болуы, ол қыздың басқа жігітті Оразымбетті жақсы көруі. Жалпы менің ойымша, бұл әңгіменің идеясы:"Тең-теңімен , тезек қабымен". Яғни әр адмға өмір берілгеннен кейін оны үшке бөледі(бүлдіршін, жалындаған жастық шақ, кәрілік шақ).
0 дауыс
Өте тамаша жазылған туынды. әңігме болғанымен өн бойына романға тұрарлық қасиеттерді жиып тұр. көркем шығармаға қойылар барлық талаптарға жауап береді деп толық айтуға негіз бар. композияциялық сюжет, идея, мазмұн бәрі -бәрі шебер үйлесім тапқан. әңгіменің идеясы - өмірдің, уақыттың өтпелі екендігі. жазушы әр нәрсенің өз уақыты бар екендігін ашық жіткізген. Естемес қанша жақсы күйші болғанымен, жас қыздың жүрек қалауы өзінің тең құрбысы Оразымбет болады. шығарманың соңында "Дәуренім өткен екен ғой" деп өкінуі шығарманың идеясын апарар жол. идея адам өмірінің өтпелілігі, жас дәуреннің қадірі.
0 дауыс
Идеясы - өнердің құдіретін ұғынып, өнер адамына құрмет көрсету
0 дауыс
күйдің шығу тарихын көрсету
0 дауыс
Домбыраның әрдір жерде көмектесетінін
...