0 дауыс
3.8k көрілді
Мама жеклкесін хандроз ұстап тұр екен?Қалай емдеп жазса болады?

2 жауап

0 дауыс
Остеохондроз жер бетіндегі тірек-қозғалыс жүйесінің ең көп тараған ауруы болып табылады. Бұл — омыртқаның  ауруы. Яғни, қатар тұрған омыртқалардың арасындағы шеміршек деформацияланып, ақырында омыртқалар арасы жақындап кетеді де, оның ортасындағы жұлын-ми жүйке тамырлары қысылып, адамның белі, аяғы, қолы, басы, тіпті, ішкі ағзаларының барлығы ауруға ұшырайды. Грек тілінен аударғанда «osteo» — сүйек, aл «hondrа» — шеміршек деген мағына береді екен. Осы остеохондроз ауруының асқынған түрі омыртқа арасындағы жарық (грыжа) ауруына алып келіп соқтырады
Басты белгісі омыртқа арасындағы жарықтың орналасуына байланысты. Егер омыртқа арасындағы жарық кеудеде болса, кеуде тұсының шыдатпай ауырсынуы, екі қолдың ұйып қалуы, үнемі екі қолдың қақсап ауруы, ал бел аймағында болса, аяқтардың ауыруы, біртіндеп аяқ бұлшық еттерінің арықтай бастауы, яғни орналасқан жеріне байланысты ауру туындатады. Ал, қауіптілігіне келетін болсақ, ол мүгедектіктен салдануға дейін алып келеді.
 Омыртқа арасындағы жарықты Шығыс медицинасында көбінесе ота жасау арқылы емдейді. Бірақ, отасыз емдеуге мүмкіндік болған жағдайда, ота жасатпаған дұрыс. Себебі, ота жасау барысында грыжа алып тасталынады, бірақ, нервтің түйіршіктері қалып қояды. Нерв түйіршіктерінің қалып қоюы міндетті түрде салдану процесіне алып келеді. Егер жарық бел омыртқасында болса, онда төменгі жаққа кері әсерін тигізеді. Мәселен, екі аяғының бірінің қатты ауыруына немесе үлкен дәретін, кіші дәретін ұстай алмау салдарына алып келеді. Омыртқа арасындағы жарық  миллиметр көрсеткішімен өлшенеді. Мұндай сәтте 8 мм-ге дейін жетіп немесе одан да үлкейіп кетсе, міндетті түрде ота жасату керек болады. Негізінде, ота жасамаса болмайтын дәрежеге жетпесе, мануальды терапияға жүгінгені дұрыс. Бірақ, омыртқаның ішінде пайда болған омыртқа арасындағы жарыққа (грыжаға) мануальды терапия көмек бере алмайды.
0 дауыс

"Остеохондроз асқынып кетсе, адам мүгедек болуып қалуы мүмкін. Сол себепті оны уақытылы анықтап, нерв талшықтарының қажалуын тоқтату керек",- дейді невропотолог дәрігер.

Остеохондроз қандай ауру? Одан қалай емделу керек? Бұл туралы №5 қалалық клиникалық аурухананың невролог дәрігері Асанова Маржан Шеризатқызы сұхбатында айтты. Толық ақпарат мына жерде

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
3 жауап
Белгісіз 6.02.2015 Жалпы медицина сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
...