+1 дауыс
146k көрілді
Ғарышкер туралы шығарма керек еді.

Мен ғарышкер боламын

Көк пен жерді жалғаған, арасына байланыс орнатқан қасиетті жер - Байқоңыр! Кемелер самғаған қанаттылардың мекені болған қазақтың жері - Байқоңыр! Жер жетпейді әлемде бір өзіңе тең келер. Дархан елім, ғажап жерім - Байқоңыр!

Байқоңырды тебірене еске алғанда, арманыма қанат бітіп, көкке самғағандай күйге бөленемін.Менің басты арманым - ғарышкер болу. Көк аспанға көзімді тігіп, қиялдай қараймын. Аспаным менің, арманым менің арайлы! Таудай үлкен талабым бар, үлкен ғалым боламын мен, ата-анамның сенімін де ақтаймын. Отанымды сүйіп өтем, туған жерге махаббатымды мәңгі сақтаймын! Оқу оқып, білім нәрін жинаймын, қияға қанат қағамын, ғылымның сан қырын ашып, қызықты өнер табамын.Саятшы менің Отаным, мен боламын бала сұңқарың. Космосқа күнде ұшатын космонавың боламын!

Мақсаттың сұңқарына мініп, алысқа бет түзеймін. Бағытымнан аумай, шетсіз-шексіз ғарышты аралаймын. Кемемен мен заулаймын, қиындықтан әсте қорықпаймын. Сырын ашып ғаламның,  еліме қызмет етемін. Бұл менің басты арманым. Еліктеймін Тоқтар ағама. Тоқтар аға - тұңғыш ғарышкер, батыр ғой ол тұңғыш ұшқан ғарышқа. Ағамның жолын маған да беріп, мен де ұшсам ғой ғарышқа, туған жерімнің сәлемін апарар едім Марсқа.

Мен ұшқыш болу үшін біліммен қатар денемді де шынықтыруым керек екенін түсіндім. Ол үшін мен дұрыс тамақтанып, жаман әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдануым керек. Мен елімнің игі ісі үшін еңбек ететін батыр ұлы, ержүрек азаматы болғым келеді. Тоқтар, Талғат ағаларым болған ғарышта мен де болсам деп армандаймын. Менің көз алдыма ғарыштан оралғанда мені сағынып, күтіп тұрған, құшақтары гүлге толған, көңілдеріне қуаныш қонған, жүздерінен мейірім төккен, сағынышпен жүзімді өпкен аяулы халқым - қазақ елі елестейді. Өйткені бұл менің арманым ғой көптен күткен.

Әбілбеков Нұрсұлтан. Қостанай облысы Арқалық қаласы
№10 орта мектебінің 9 сынып оқушысы.

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы

«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы — 1993 ж. белгіленді.
Атақ ғарышқа ұшудың тапсырылған бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырған, алдарына қойылғанғылыми-техникалық, зерттеушілік және практикалық міндеттерді үлгілі орындаған азаматтарға беріледі.

Марапатталғандар

Ағымда 2 адам марапатталған, соның ішінде:

Тоқтар Әубәкіров — Қазақстанның 1-ші ғарышкер-ұшқышы
Талғат Мұсабаев — Қазақстанның 2-ші ғарышкер-ұшқышы

Ғарышкер, астронавт , космонавт — ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам. Адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық.

Қазақстанның ғарышкерлері

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979). 1969 — 75 жылдары Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. 1976 — 1992 жылдары Мәскеудегі Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. Ол реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан “Союз ТМ-13” кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Ол 1992 — 93 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993 — 94 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры — Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты — Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.
Тоқтар Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының ақырғы (72-ші) ғарышкері.

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007).1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған. 1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.1975—84 жж. — әуе кәсіпорндарында саяси-тәрбие қызметінде.1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі жқызметтерін атқарған.1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры. 2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.2007 ж. сәуірдің 11-інден — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минөт ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.2001 ж. Әскери атағы — запастағы РФ ӘӘК генерал-майоры, ҚР авиация генерал-лейтенанты (2007 жылдан).
0 дауыс

Бірінші ғарышкер  -ол Юрий Гагарин.Ол ашық ғарышқа алғашқы  адам  болып ұшқан.Ол ғарышта жүз сегіз минут болған.Одан бұрын иттер-Белка мен Стрелка ұшқан.Ғарышқа ұшатын жер -Байқоныр деп аталады.Ғарышқа ұшудан бұрын ғарышкерлер көп қиындықтардан өтеді.

0 дауыс

Ғарышқа саяхат

Ғарыш әлемі кең байтақ!Оны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ.Ғарыштың әлі де ашылмағае сырлары қызықты.Ерте кезден-ақ грек ғалымдары ғарыш туралы түрлі болжамдар жасаған.Олардың ғарышқа саяхат жасағысы келгендерін осыдай байқауға болады.

Ең алғаш ғарышқы саяхатты 1969 жылы ағылшындар бастаған болатын.Міне,содан бері ғарыш кеңістігі ғалымдармен игеріліп келедіүБіздің елемізде «Байқоңыр» ғарыш станциясы бар.Мен оны Қазақстанды ғарыш әлемімен байланыстыратын көпір санаймын.Өйткені,барлық зымыран ұшақтар осы жерде саяхатының бастауын алады.

Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев-осы адамдар Қазақстаннан ең алғаш ғарыш есігін ашқан ұшқыштар.Біз осы екі ержүрек тұлғаларымыздың арқасында.ғарыш туралы түсінігімізді арттырдық.

Ғарыш кеңістігінде 9 ғаламшар бар. «Жер » планетасы үшінші орында тұр.Біздің планетамыз тоғыз ғаламшардың ішіндегі өмірқолайлы ау қабаттары бар ғаламшар.Бірақ,менің ойымша,тіршілікке қолйлы басқа ғаламшарлар да бар.Неге десеңіз,өзге планеталықтар туралы қауесеттер көп тараған.Сонымен қоса,олардың адам баласымен байланыстары болғанын да айтқан.Егер өзге планеталықтар бар болса,олар да басқа планетада өмір сүріп жатуы әбден мүмкін.Дегенмен,ғарыш әлемі алдамшы.Адамның қарапайым көзімен қараған кезде басқа,ал ғылыми тұрғыдан қарағанда мүлдем басқаша.Күн-ғарыштың жүрегі.Соның ішінде біздің планетамыздың жылу көзі.

Әр адам ғарышқа саяхаттағысы келеді.Әр адам ұшқыш болғысы келеді.Бірақ ол үшін адам баласына шыдамдылық пен ақылдылық.ғарыш туралы көп мәліметтер керек.Осымен менің ғарышқа саяхатым аяқталды..

0 дауыс
Маган 2 сынып окитын кызыма . харышкер туралы жазып . жане ангимелеу керек еди . комек тесип жибере аласызба. Алдын ала рахмет
0 дауыс

ҚАЗАҚ ТІЛІ 5 СЫНЫП; 

АЙҒА САПАР ТАҚЫРЫБЫ;

4 ТАПСЫРМА. 

Ұқсас сұрақтар

...