+1 дауыс
3.5k көрілді
Безеуді қалай кетіруге болады? Кеңес беріңіздерші. Не істеу керек?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Негізінде бұл сұраққа көпшілік" балтушка"  жөнінде айтыпты. Ол" батушкалардың" құрамы әр түрлі болады.Егер адам бетінде демодекоздан асқынған безеулер болса құрамына күкірт ұнтағын,егер стептококк стафилакокк микробтары болса,соған әсер ететін антибиотиктер қосылады т.с.с Одан басқа, тағы майлы бет, майсыз бет, аралас маңдай мұрын теріліері майлы,бетінің ұшы иек тұс тары құрғақ дегендей бет терісі де өртүрлі болады. Егер дерматолог  мамандарға барсаңыз осы ерекшеліктердің бәрін ескеріп ,сіздің өзіңізге арнаулы " балтушканың" рецептісін жазып береді. Сол рецептпен аптекаға барсаңыз фармацевттер   жасап береді . Алматы қаласында №2 ,№28 аптекаларда жасайтын.Ал жалпы сатылып жүрген балтушкалардың құрамы аз, және жеңіл желпі бөртпелерге арналған .
Жоқ  ештене жақпаған жөндеп ойлайын егер жасыныз 18-асып кетсе  можно арғы жағы түсінікті қыз дегендей?
0 дауыс
Безеудің де түр- түрі болады . Сіздегі безеудің қандай екенінен ақпарат болмағандықтан,кеңес беру де қиындау болып тұр ! Егер де жәй анда- санда шығатын бөрткен болса , онда кейбір шөптер (түймедақ , мыңжапырақ , атқұлақ  , алоэ) тұнбасымен жуып,безеуге қарсы кремдердің біреуін пайдалануға болады. Егер іріңді безеу , бетіңізді түгелдей басып, сыздап ауыртып,орындары тесік- тесік болып қалып жатса ,  онда тезірек  дерматолог  мамандарға  барып ,  себебін анықтап , сонан соң тағайындалған емді қабылдаған  дұрыс.
0 дауыс
[Безеу кетіруге байланысты  осы сайттағы сұрақтар.][1]


Әсіресе, ұнағаны [мына жердегі жауаптар.][2]


  [1]: https://surak.baribar.kz/search?q=%D0%B1%D0%B5%D0%B7%D0%B5%D1%83
  [2]: https://surak.baribar.kz/248032/
<img src=" border="0" />

Ұқсас сұрақтар

...