0 дауыс
2.2k көрілді
Кейінгі кезде маған қайызғақ  шыға бастады бірақ мұндай нәрселер бұрын  болмаған еді.Қайызғақтан тез арада құтылудың жолдары?

3 жауап

+1 дауыс
ҚАЙЫЗҒАҚ – бастың шашты бөлігінде эпидермистің беткі қабатынан бозғылт ақ қабыршақ түрінде түлеп түскен клеткалардың жиналып қалуынан болатын тері ауруы; тері бездері қызметінің күшеюінен не нашарлауынан пайда болады. Ұсақ, кебектеніп қабыршақтанған құрғақ қайызғақ, көбінесе, бастың төбе бөлігіндегі шаш арасына түседі немесе жеке ошақ түрінде (маңдай, құлақ қалқанының сыртында, т.б.) байқалады. Тері құрғақ болса, қайызғақ түсіп, қышытады. Мұндайда шаш қиылғыш келеді, көп түседі. қайызғақ түсуінің негізгі себебі – организмде витаминдердің жетіспеуі (А, В топтары), ішкі секреция бездері жұмысының өзгеруі, жүйке аурулары, теріні және шашты дұрыс күтпеу. Сондай-ақ, қайызғақ инфекция арқылы да жұғуы мүмкін. қайызғақтың пайда болуына, бас терісінің қабынуына, шаштың қиылып түсе беруіне тері аурулары да (микроспория, псориаз, экзема, т.б.) себеп болады. қайызғақтың майлы түрі де кездеседі. Бұл жағдайда теріден май шамадан тыс бөлінеді де (қ. Себорея), адамның терісі (шашы) майланып, жылтырап, қайызғақтар бір-бірімен жабысып, шаш шайырланады. қайызғақ түскен шаштың емі: егер шаш майлы болса, арнайы сабын, шампуньмен (су сабын) жуу, ал шаш құрғақ болса, майлы дәрілер жағу керек.
Жауабың жап-жақсы ! Бірақ" жақсы -жауап" деген дауысты қалай береді.? Сұрақ қойған адамға айтарым !!! Аптекаларда "Антисеборейный" деген шампунь бар,құрамында мырыш бар , сонымен басыңызды жуып көріңіз. Пайдасы тиіп қалар !!!!
Жақсы жауапты сұрақ қойған адам гана баса алады))
Ее, солай ма? Сайтқа жақында тіркелдім ,сайттың қоятын талаптарына онша мән бермеппін,зырылдадып бір оқып шыққаным болмаса. Енді мұқият оқимын.!!!
0 дауыс
Жалпы әр адам әр түрлі айтады ғой. Менің айтқанымды тәжірибе жүзінде жасап көруіңе болады. Мен өз басым қайызғақтан ОРИФЛЕЙМ өндірген "Қайызғаққа қарсы сусабын " арқылы құтылдым. Біреулер айтады әр адамға әр түрлі деп. Бірақ байқап көр. 300 бе екен сондай теңге бол керек.
Бір жолата құтылғандай жазыпсыз, жаман емес!
0 дауыс
https://surak.baribar.kz/86194/ негізінен адамның бас терісі құрағаған, майланған кезде пайда болады
Майланудың процессі қалай жүреді?
...