0 дауыс
1.7k көрілді
Ертен жарыс болады соған керек!

3 жауап

0 дауыс
Сапарыңды оңдасын,  
Алаштың рухы қолдасын,  
Тәртіпке түсіп, шынығып,  
Сайланып қару бойға алсын  
Сен еліңнің шырағы,  
Отанды қорға қырағы,
Ел шетіне жау тисе,
Ажал болсын тұрағы,  
Мәнісін ұқ батаның,  
Борышын өте Отанның,  
Амандық пен саулықты,
Мен де тілеп отырмын,  
Аман барып, сау қайтып,  
Берсін жолдың төтесін,
Екі жылдық міндеті  
Абыроймен етелсін,
Бере берсін тілеуді,  
Бейбітшілік жасасын,
Білме жасып, жүдеуді,  
Ширап, бойың жарасын,  
Шыныға бер болаттай,
Елге жауды жолатпай,
Қатаң сақта тәртіпті,
Тура жұрген сағаттай.
0 дауыс
оң болсын, балам, сапарың,
молықсың дәмің, татарың.
Туған елің тапсырған,
Парызын өте Отаның.
Барып келіп жатыр ғой.
Өзіңдей жастар қатарың
Халықтың Сүйген тірегің,
Сом темірдей білекті,
Арыстандай  жүректі,
Анаңның сүтін ақтай біл.
Ақ батаны берейік,
Бере гөр тілекті.
0 дауыс
batany saittan izdeme, ata anannan izdesei. ogan jetetin bata bolmas
...