0 дауыс
577 көрілді
кеширерсиздер,  сайт калай жасауға болады?????

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Біріншіден ,анықтап алайық,сайт саған не үшін керек?Ермек үшін бе әлде уақыт өткізу үшін бе?Болмаса сайт арқылы ақша табуға болады дегенді естіген шығарсың?Мүмкін осы ой себеп болып,сайт ашқың келіп жүрген болар?..
Егер ермек үшін не уақыт өткізу үшін болса юкоз-пикоз,имврайтер сынды хостингтер жарай береді,сенен ешкім ештеңе талап етпейді.Тек жарнамасын алып тастағың келсе,хостинг егесіне тиын-тебен бересің.
Ал,сайт ашу арқылы ақша табамын десең:
1.Өзіңнің жақсы білетін,жақсы көретін тақырыбыңды таңдап ал.Оны орысша "ниша"дейді.
2.Міндетті түрде 2-ші доменнен сайт ашу керек.Хостинг,доменге төлейтін ақша болу керек.Шамамен 4-8 мың аралығы./әр хостингің шарты әр түрлі/
3.Орысша жақсы түсінсең жүдә жақсы,
4.html-ден аз-маз хабарың болсын,css білсең өте жақсы.
5.сайт-деген ,жалпылама тілмен айтсам,бұл сенің бөлмең не пәтерің.
Осы "бөлме" белгілі тақырыппен әрленсе,жаңалық,аудио-видео подкасттермен,посттармен толтырылса,келуші көбейеді.Көрші "бөлмедегілер" саған назар аударады.Іздеу машиналары/Гугл,Яндекс т.б./
өз жарнамаларын орнатадыСайттар сілтеме алмастыруды ұсынады.Осының өзі саған айына ең кемі 500-1000 доллар табуыңа жетеді.Ал,юкоз-пикоз,народ.ру деген үшінші домендегі хостингтерді поисковиктер ұната бермейді.Сайт ашасың ба,екінші доменнен аш,себебі,өз сайтыңа өзің қожа боласың,ешкімге жалтақтамайсың және поисковиктер сені тез көреді.
Шынымен сайт ашқың келсе менімен хабарлас.
1 ай онлайн тегін оқу:әрі блог ашасың,тапсырмасын орындап ненің не екенін түсінесің,блог арқылы қалай ақша табу керек екенін шайнап түсіндіріп береді,жұта алмасаң өзіңнен көр.
Ескерту:Сабақ орыс тілінде,хостинг пен домен үшін 1 айға 1500 теңгедей ақша керек,себебі екінші деңгейдегі домендер ақылы.1 жылға алсаң,бағасы түседі.
Ал,сайт ашып,табыс табам десең үшінші деңгейдегі доменге иегің қышымай-ақ қойсын.
Шығыс шықпай,кіріс кірмейді.
Ризамын сізге толыққанды жауап жазып бергенсіз. Артық алып қосарым жоқ, қажет болса мен келесі сұрақ бола қалса толыққанды қандай жағдайға кезігетінін толыққанды жауап беруге тырысамын. Қандай бағдарламалау, хостиг қалай алу керек т.б. бір қол босағанда!
+1 дауыс
www.ucoz.ru осыдан баста!
...