+3 дауыс
шөлейт зонасында орналасқан қорық?қандай?көмектесіңіздерші!!
08.02.2013 16.1k қаралым

3 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Барсакелмес қорығы

Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 160, 8 мың гектар. Ондағы мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрыкты қорғау болды. Бүрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 257 түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. 1953-1964 жылдар аралығында 9 құлан Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген. Соңғы жылдары биологиялык жүргізілген сынақтардың салдары да Аралдың экологиялық жағдайын күрделендіріп, қорыктың біраз жануарларын көшіруге тура келді (мысалы, құланды).
08.02.2013
0 дауыс
Алакөл қорығы
image
http://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D0%B0%D0%BA%D3%A9%D0%BB_%D2%9B%D0%BE%D1%80%D1%8B%D2%93%D1%8B
08.02.2013
0 дауыс
Алакөл қорығы болуы керек, Үстірт пен Барсакелмес шөл зонасында орналасқан
08.02.2013
127,957Сұрақ
322,869Жауап
153,169Пікір
72,970Қолданушы