Ең ақылды жануарлардың бірі жылқы екендігінде дау жоқ болар.Бір мысал келтіре кетейін,сонау 1950-1960ж.ж. шамасында тың игеріліп жатқан солтүстік аудандардың бірінде 6-жасар бүлдіршін жоғалып кетеді.Қыстың күні, сұмдық аязды уақыт болса керек.Бүкіл ауыл, тайлы-таяғы қалмай іздесе де таба алмай,салдары суға кетіп қайтып келе жатқанда айдалада топтасып тұрған бір үйір жылқыны көреді.Әдетте шашырай жайылатын мал тұқымының топтаса қалуына таңырқаған адамдар солай қарай беттейді.Келіп қараса,мынаны қараңыз екі күн бойына іздеп таба алмай жүрген бұлдіршін топ жылқының ортасында жатыр дейді.Адамдар жапа тармағай қараса әлі жаны кеудесінде,бірақ екі күнде әбден әлсіреген.Сонда ғана адамдар айдалаға адасып шығып кеткен баланы жылқылардың кезек-кезек демімен жылытып отырып ,үсіктен аман алып қалғанын түсініп, жылқы малының ақылдылығына, қасиеттілігіне тәнті болған екен.