+3 дауыс
37.2k көрілді
Қайрат Нұртас ең көп ізделінетін ақпарат екен. Қайрат Нұртас өмірбаяны туралы жазып өтесіздер ма? Мейлінше толық ақпаратты көрсете кетесіздер ма? Қашан қайда туылды, қайда концерті  өтті, қандай альбомдары жарық көрген, қандай танымал әндері бар. Қай жылы жылдың үздік әншісі болды?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қайрат Нұртас (Айдарбеков Қайрат) 1989 жылы 25 ақпанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Қателеспесем Мұқағали Мақатаев атындағы №138 мектеп гимназиясында, Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде білім алған. Аян және Заңғар есімді екі бауыры бар. Анасының есімі Гүлзира, Әкесінің есімі Нұртас.
Бойы 170 см. Жұбайының есімі Жұлдыз, Сезім және Алуа есімді егіз екі қызы бар.
 Өмірбаяны әзірге ешқайда жармаламаған.Кешіріңіз!
+2 дауыс


Қайрат Нұртастың жеке өміріне деген ел қызығушылығы ол танымал бола бастағаннан бері пайда болды. Әсіресе, жас қыздар Қайраттың экраннан тыс өмірінен хабардар болғысы келеді. Алайда, бірнеше жылдар бойы бұл мәлімет құпия түрде сақталып, жұлдыздың туыстарына оны жариялауға қатаң тыйым салынған. Қайраттың үйленген, үйленбегіні жайлы әншінің өзі де, анасы әрі продюсері Гүлзира Үсенқызы да тіс жармайды.
Қайраттың құлай сүйген, жүрегін ұстап жылай сүйген аруы бар ма? Елдің сүйікті әншісі, қазақ эстрадасының СУПЕР жұлдызына айналған әншінің жеке өмірі неге соншалықты елді қызықтырады? Тыңдарман оның сахнадан тыс өмірі жайлы не біледі?
Бұл енді оны тек сырттан танитын, өмірін алыстан бақылап жүрген қарапайым халықтың пікірі. Ал, Қайрат Нұртастың жеке өмірі жайлы өнерде ғана емес, өмірде де етене жақын араласатын әріптестері не дейді?

Қайрат Нұртастың отбасына қатысты жабық тақырыпты жақын күндері әнші Жазира Байырбекова көтерген болатын. Бір отбасының ұйытқысы болып отырған Жазираның өзі инстаграмдағы парақшасында ойда-жоқта жұмбақ жасырып, тіпті тапқан адамға сыйын әзірлеп қойған.
Суретті сала бергені сол еді айналдырған санаулы минуттардың ішінде лайктар басылып, комментарийлер қаптап кетті. Жұрттың көбі суреттегі келіншекті таныды. Барлығы бір ауыздан оны Қайратты әйелі деді. Соңында Жазира олардың сөзін растап "Әрине, Қайраттың сұлуы" деп, бірінші болып тапқан адамға сыйлығын алып кетуді жазды. Алайда, біраз уақыттан соң салынған сурет желіден жойылып кетті.

Қайраттың отбасы барын растайтын суреттер ғаламторға әлдеқашан жарияланып қойған. Тіпті қазақ сайттары бірнеше мақала жазып, мәселен мына "Ақжелкен" журналы Қайраттың отбасымен түскен суреттерді осыдан 2 жыл бұрын басып шығарды.
Бұл кезде Қайрат расымен бойдақ. Мына кадрде ол ешкімге танымал емес, үлкен сахнаға енді қадам басқан кезі. Дәлірек айтсақ бұл кезде Қайрат өзі оқып жүрген Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінің 40 жылдық мерейтойына қатысқан. Ұстаздарының айтуынша дәл осы білім қабырғасында Қайрат Нұртас өзінің болашақ жарын жолықтырған.
Жұлдыз актер бөлімінде, ал Қайрат одан бір курс төмен эстрада-вокал бөлімінде дәріс алған дейді ұстаздар. Жұлдыздың сұлулығын, Меруерт Өтекешова мен Анджелина Джолиден кем түспейтін актриса болатынын, тәлімгерлердің оның болашағына жасаған болжамдарын ұстаздар әлі күнге дейін сүйсіне еске алады.

Жұлдыз бен Қайрат бір сахнаны өмірлерінде бір-ақ рет бөліскен. Міне, колледждің 40 жылдық мерейтойына арналған дәл осы концерт кезінде Қайрат та, Жұлдыз да өнер көрсеткен еді. Бірақ Жұлдыздың жұлдызды сәті бейнежазбаға қысқа  ғана жазылып қалыпты.
Байқауға барып бағын сынамаса да, Жұлдыз актерлік шеберлігін Қайраттың алғашқы бейнебаянында да көрсетіп үлгерді. Клипке түсу үшін шақырылған бойжеткен, біраз уақыт өткен соң сол әншінің өмірлік жарына айналарын ол кезде Қайраттың өзі де білмесе керек. Ал, ғаламтордағы мына суреттерден Қайрат пен Жұлдыздың тойы Алматыда 28 тамыз күні 2007 жылы өткенін байқауға болады.

Қайраттың өнеріне ғана емес, өзіне ғашық қыздардың махаббатына әншінің анасы осы жылдар арасында әбден үйреніп алды. Ал, Қайраттың әйелі бұған қалай қарайтынын ешкім білмесе де, сырттағы адамдардың көбі Жұлдыздың шыдамдылығына әлдеқашан жоғары баға беріп үлгерген. Ал, Қайраттың өнерін бар ана жүрегімен түсініп, қабылдаған анасы Гүлзира Үсенқызы балалары мен келіндеріне тек жақсылық тілейді. Онысы түсінікті де...
Қалай болғанда да Қайрат Нұртас отбасы бар-жоғын ашық айта ма, жасырама түбіне келгенде ол өз шаруасы. Бірақ уақыты келгенде әншінің өнеріне де, өміріне де аса үлкен қызуғушылық танытып жүрген мыңдаған тыңдарман аталмыш құпияның ақиқатын Қайрат Нұртастың өз аузынан естиді деп сенейік.

ҚАЙРАТ НҰРТАСТЫҢ ӘКЕСІ КІМ?

Жетпістегі апамыз Қайрат Нұртас десе ішкен асын жерге қояды. Апамның бұл қылығына, талғамына «кемпір болып алып, Қайратты тыңдайтыны несі» деп өзімше күліп алдым. Сөйтсем, апам «Бұл баланың дауысы да жақсы. Ең бастысы – анасын ерекше құрметтейді. Анасын сыйлауды Қайраттан үйренсін жастар» деп өзімді тиып тастады. Еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін Қайраттың әндерін ұнатып тыңдайтынына тағы бір көзім жетті.

Әлеуметтік желідегі әншінің фотосының астына Руслан Өтемісов деген азамат былай деп пікір қалдырыпты: «Базар жоқ, әндерің күшті. Менің 3 жастағы ұлым балабақшадан қайтып келе жатқанда, машинаға «Ауырмайды жүректі» қоймасаң мінбейді», – дейді.

Оқырмандарымызбен байланысқанымызда да Қайраттың жеке өміріне қызығушылықтарын жасырмады. Былайғы жұртқа Қайрат Нұртастың жасырып жүрген құпиясы көптей көрінеді. Ендеше, біз сол құпияларды ашуға тырыстық.

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзінің продюсері екенін елдің бәрі жақсы біледі. Ал әкесі кім? Қазақ эстрадасында Мейрамбек Бесбаевтан кейін тыңдарман ықыласына ерекше бөленіп жүрген әнші жігіттің шыққан тегі қандай? Біздің естуімізше, Қайраттың әкесі тасы өрге домалаған кәсіпкер. Астана қаласындағы құрылыс материалдарын сататын базарды «ұстап» тұрған дөкейлердің бірі. Жалпы Айдарбековтер отбасы шымкенттік ең мықтылардың тізімінде деседі. Мәселен, Түркістан қаласында «Жауғашты» деп аталып кеткен көтерме сауда базары бар. Ол Қайраттың әкесінің үлкен бауырына тиесілі. Базар қожайынын түркістандықтар «Жауғаштының Әбіләші» немесе «кәдімгі Әбіләш ше», – деп өзімсіне сөйлейді. Жауғаштының Әбіләші дейтін себебі – ру атына байланысты болса керек.

Тіпті, Түркістан жақтың Жауғаштылары Астанаға Қайраттың әкесі Нұртасқа арқа сүйеп барады екен. Екі қолға бір жұмысты Нұртастың қол астынан оңай табуға болады-мыс. Нұртас туыс, жекжат-жұрағаттың тайлы-тұяғына дейін көмектесетін мәрт жігіт көрінеді.

Біздің жан-жақтан түртпектеп жүріп жинаған дерегіміз осы. Ал Қайраттың әкесі Нұртастың өзі не дер екен? «Ақ желкенге» арнайы сұхбат берген еді.

– Нұртас аға, әуелі өзіңіздің өскен ортаңызды таныстыра кетсеңіз…

– Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы Майтантал округіне қарасты Қаражон деген елдімекенненбіз.

– Қайраттың демеушісі өзіңіз екенсіз…

– Бастапқы кезде солай болған. Қазір Аллаға шүкір, Қайрат ешкімнен демеушілікті қажет етпейді. Өз табысы өзіне жетеді.

– Сонда өзіңіз қандай шаруамен айналысасыз? Мамандығыңыз не?

– Мен жеке кәсіпкермін. Орман шаруашылығымен айналысамын. Мамандығым да ағаштан жиһаз жасау ісіне тікелей қатысты.

– Өз мамандығыңыз бойынша жұмыс істеп пе едіңіз?

– Қазіргі айналысып жүрген шаруам өз мамандығыма жақын.

– Кәсіпкерлікпен айналысқаныңызға қанша уақыт болды?

– Тұңғыш ұлым Қайрат дүниеге келгеннен бері, яғни 1989 жылдан бастап сауда-саттықпен айналысып келемін.

– Кәсіпкерлікті қалай бастадыңыз?

– Алматы қаласында 1987 жылдан 2004 жылға дейін тұрдық. Бастапқы кезде «мини магазин» аталып кеткен дүңгіршек саудаларымен айналыстым. Алматыда ондай дүңгіршек орындарым бірнешеу болатын. Одан кейін 2001 жылдың басынан бастап Астана қаласына барып орман шаруашылығының саудасына ден қойдым. Бастапқы 3 жылда отбасым Алматыда тұрды да, мен екі ортада қатынап жұмыс істедім. Қазір Астанада тұрып жатырмыз.

– Құпия болмаса айтыңызшы, жеке қожалығыңыз қалай аталады?

– «Айдарбеков Н.С.» жеке қожалығы деп аталады.

– Қайраттың жеке концертінде балаңызбен қосыла ән шырқағаныңызды көрдік. Шамасы отбасыларыңыз әу бастан өнерге жақын болған-ау…

– Мен үйдің тоғызыншы баласымын. Ең үлкен ағамның жасы 70-ке келіп қалды. Одан кейінгісі 60 жаста. Біреуі Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірген. Екіншісі – Шымкент қаласындағы музыкалық училищеде білім алған. Қайраттың бойындағы музыкалық қабілет өз жұртынан келген деп ойлаймын. Жас кезімде өзім де музыкамен көп әуестендім. Гитармен ән салып, үйірмелерге қатысқам. Бірақ бізде Қайрат пен оның замандастарыныкіндей мүмкіндік болмады. Кеңес үкіметі кезінде «жұлдыз» болу, сахнаға шығу, өз-өзіңді таныту деген қиын болатын.
0 дауыс
Кайрат Нуртасулы Айдарбеков родился 25 февраля 1989 года в г.Туркестан.

Впервые на сцену вышел в возрасте девяти или десяти лет. Работал с различными творческими коллективами, в том числе с М. Беспаевым, Н. Онербаевым, Т. Сериковым и другими

Неизменным и основным творческим руководителем, критиком, продюсером и менеджером Кайрата была и остается его мама Гульзира Айдарбекова.

В 2008 году, в день своего совершеннолетия, Кайрат Нуртас решился выступить самостоятельно, с сольным концертом в южной столице, во Дворце республики. На сольный концерт певца пришло более двух тысяч человек.

Кайрат Нуртас исполняет песни как молодых композиторов, так и тех, кого мы считаем классиками современной казахстанской эстрады. Это — Ш. Калдаяков, А.Бейсеуов, Е.Серикбаев, И.Исабаев и другие. Автором некоторых произведений является он сам.

В творческих планах Кайрата — еще один сольный концерт в Алматы, а после он планирует отправиться с гастролями в КН
одан да ағылшыншасын бермедің ба өздерің аударып ал деп!
Википедиядан алдым деп сілтеме жасамайсың ба?
...