МАЙОНЕЗ:ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ
Күнделікті тұтынар жеңсік асымыздың бірі – майонез. Оны салатқа ғана емес, асыққанда нанға да жағып жей саламыз. Бірақ, осы майонездің адам ағзасына қаншалықты пайдалы немесе зиянды екеніне мән бермейміз. «Жақсы ас қалғанша жаман қарын жарылсын»!? Дегенмен қолына не түссе соны азық қылатын жабайы емеспіз. Сондықтан біз бүгін тұтынушылардың назарына майонездің құрамын анықтап бермекпіз. Аталмыш азықтың «жанкүйерлеріне» жек көрінішті боп қалуымыз да мүмкін.... Бірақ, «шешінген судан тайынбас» деп, бастайық ендеше!
МАЙОНЕЗДІҢ «МЕКЕНІ» ҚАЙ ЖАҚ?
Күнделікті дастарханымыздан табылатын кейбір тағамдардың тарихын қозғап, тегін зерттеп жатпайтынымыз анық қой. Ал осы майонез дегенді біздің рационымызға қосқаны үшін Сталинге рахмет айту керек екен. Өйткені кезінде майонезді азық-түлік кәртішкесіне енгізген де осы «мұртты бабамыз» көрінеді.
Ал, шындығына келсек, майонездің тарихы тереңде жатыр екен. Біздің бүгінгі күнімізге дейін майонез туралы бірнеше аңыз-әпсана сақталыпты. Олардың барлығы ХVІІІ ғасырдың буырқанған оқиғаларымен тығыз байланысты.
Сондай аңыздардың бірі былай дейді: 1757 жыл болса керек. Жерорта теңізіндегі Менорка аралының артында еуропалықтардың билеушілері өзара қырғи-қабақ соғыс жүргізіп жатады. Осы сұрапыл соғыстың ортасында майонезіміздің де тарихы басталса керек.
Алдымен Менорка аралының астанасы Маонды Ришелье герцогы бастаған француздар басып алады. Көп ұзамай қалаға ағылшындар кіреді. Ришелье өз ұстанымын аштық жарияласа да ұстап тұруға тырысып бағады. Ал қалада азық-түлік қоры таусылып, талғажау етерлік зәйтүн майы мен жұмырт-қа ғана қалады. Халық жұмыртқа қуырып жеп күн көріп жатады. Бірақ күндердің күнінде француздардың гарнизоны мен Герцог Ришельенің өзі бұл астарға қарай алмай қал-ғанда, герцогтың аспазы тапқырлық танытып кетеді. Ол жұмыртқаның сары уызын әбден ұнтап, оған қант пен тұз қосып, зәйтүн майымен араластырып жібереді. Билеуші де, әскер де риза болысып, осылайша жаңа тұздық пайда болады. Бұл тұздықты тұтқындағы қала – Маонның құрметіне «Маон тұздығы» немесе майонез деп атап кетеді.
Асхананың атжалман-білгіштері майонездің шығу тарихын тереңнен іздейді. Олардың пікірінше «есі дұрыс адам не шығатынын білмей тұрып, жұмыртқа мен майды араластыра салмайтынына» сенімді. Расында, майонездің тікелей «бабасы» - ежелгі испандық ащы тұздық – «али-оли» екен. Испан тілінен аударғанда «сарымсақ және май» деген мағынаны беретін тұздық өткір ащы, құрамы сарымсақ, жұмыртқа және майдан тұрады. Оңтүстік Еуропаның тұрғындары али-оли тұздығын ежелден біледі. Мұндай ерекше тұздық жайлы тіпті ежелгі римдік ақын Вергилий де жазып кеткен. Біздің заманымызға бұл соус «аоли» атауымен келді.
Ағзаға ПАЙДАЛЫ МА?
Майонездің құрамында адам ағзасына қажетті көптеген минералды заттар бар. Олар – майлар, көмірсулар, ақуыздар. Дегенмен майонезді үнемі пайдаланатындардың айықпас дертке шалдығатындары да бар. Шошымаңыз! Бәріне түсінікті болу үшін басынан бастайын. Бәрімізге белгілі, майонезді жұмыртқасыз және өсімдік майынсыз елестету мүмкін емес. Сүйікті тұздығымыздың ажырамас бөлшегі болған осы тағамдарды шектен тыс пайдалану – адам ағзасының әлсіреуіне әкеліп соқ-тырады. Яғни, ауыр жүкті көтере алмайтынымыз сияқты, адам ағзасы артық дәрумендер мен калорияларды көтере алмайды. Осыдан кейін барып адамның ағзасы ыдырай бастайды. Яғни ағзадағы микро заттар ауырлықтан шыдай алмай, бір-бірінен алыстап кетеді. Сондықтан майонезді шектен асыра пайдалану зиян.
Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зоp. Тамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Адам ағзасына құнарлы астың тигізер шипасы мол. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін сала ма-мандаpы да жиі айтып жүp.
Тағамның шипалы түрлерін пайдалану аpқылы түрлі ауpулаpды емдеуге болатыны ерте кезден белгілі болған. Осының нәтижесінде дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануын, дұрыс тамақтанудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен айналысатын диетология ғылымы (грек diata – өмір сүру салты, тамақтану тәртібі, logos – ілім) қалыптасқан.
Денсаулық дегеніміздің өзі – организмнің сыртқы орта факторларының әр деңгейлі әсеріне сәйкес жауап қайтаруы арқылы сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына тез бейімделіп, жағымсыз факторларға қарсы тұра алу қабілеттілігі. Адам денсау-лығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың 50% тамақтануға, 20% қоршаған ортаның әсерлеріне, 20% тұқым қуалайтын қасиеттерге, тек 10%-ы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты екен. Дұрыс тамақтанбау көптеген ауруға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып саналады.
Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты ел арасында жұқпалы емес алиментарлық аурулар (жүрек-қантамыр аурулары, диабет, семіздік, анемия, зоб, ісіктің кейбір түрлері, т.б.) саны көбейді. Бұған бой алдыpмас үшін тамақ ішу тәpтібін бұзбай, күн-делікті рациондағы негізгі қоректік заттар мен биобелсенді заттардың организмге қажетті үйле-сімдігін сақтай отырып, тиімді тамақтану қажет. Тез дайындалатын тағам-даpмен тамақтанбаған абзал. Тамақтану тәртібінің тағы біp маңызды элементтерінің бірі – тамақтың қайда ішілетіндігі, тазалығы, т.б. Негізгі тағамдарды ішу арасында тәтті тағамдарды жемеу керек, өйткені бұлар асқоpыту жұмысының жүйесін бұзады.
P.S.: Кез-келген салат пен тағамның ажарына айнала кететін майонезден бас тарту керек деуден аулақпын. Дегенмен құрамындағы калориялардың өте көптігі мен құнарлығының «арқасында» адам ағзасының ыдырап кету қаупі бар. Бір ағам «Талғап ішсең, тамақ бола ма» деген еді... Талғамай ішсең тажал болатынын да ұмытпайық біз.