0 дауыс
28.3k көрілді
Қазақтың және басқа елдердің  ұлы тұлғаларының қанатты сөздерін тауып бересіздер ме?!

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қанатты сөздер

Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі .
Жүсіпбек Аймауытұлы


Ана тілің – асылың,
Оны білмеген – масылың.
Қадыр Мырза Әлі


…Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім…
Мұқағали Мақатаев

Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тілөткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!
Ғабиден Мұстафин


Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.
Ғабит Мүсірепов


Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесіндесыңар жақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов

Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына… Жүсіпбек Аймауытов

Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.
Халел Досмұхамедұлы

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
Ғабит Мүсірепов

…Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт.Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда даасыл қасиетіндей сақтауы керек.

Мұхтар Әуезов
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

Төле би
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық міндң интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесіндесыңаржақ азамат болады.

Мұхтар Әуезов
Қазақстан-жалғыз ұлы қазақтың!
Әр қазақ менің жалғызым! Сабыр Адай
Тіліңді жоғалту,су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет.
Жалау Мыңбаев


От ауызды, орақ тілді шешен Даулет


Менің бар арманым, қазақ ұлты әлемдегі ең бақытты,сауатты,әулетті де дәулетті ұлтқа айналғанын көру.
Алтынбек Сәрсенбайұлы

«Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен
жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының
ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші,
яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі»
С. Аманжолов

• “Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”
Мұхтар Әуезов

• Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

• Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір.
Тоқсары

• Он бес жылда аюға да тіл үйретуге болады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

33.Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.
Абай

1.Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж.Баласағұн.
*
2.Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.
Сенека.
*
3.Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.
Т.Фуллер.
*
4.Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен силата білмесең, құрқаталдықтан түкте шықпайды.
А.П.Чехов.

5. «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін ~ тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын»
Альберт Эйнштейн

6."Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет".
Шоқан Уәлиханов.
*
7.Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.
А.С. Макаренко
*
8.«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі"
К.Д.Ушинский
*
9.Құт берекең- атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың- әкең қымбат.
Қазыбек би
*
34.Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.

35.Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
Абай
*
36.Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Төле би
*
37.Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
Бұқар жыра

38.Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
Жүсіпбек Аймауытұлы

http://bilim.idhost.kz/okushi/285-oner-bilim-til-turaly-kanatty-sozder.html
Мынаған жақсы жауап тұрарлық.
+1 дауыс
1) Урейдiн кулы болу - кулдыктын ен пасык турi. (Гете)
2) Сую деген бiр - бiрiнiн бетiне карап отыру емес, бiрiгiп бiр багытка карау. (Сент Экзюпери)
3) Адам басына туган ой кандай болмасын зиянды, зиянсыз болып екiге болiнедi. (Малори)
4) Xалыкпен xалыкты, адам мен адамды тенестiретiн нарсе - бiлiм. (М.Ауезов)
5) Тамак токпен откен кунде белгi жок. (Ал - Фараби)
6) Ар жазасы - бар жазадан ауыр (М.Ауезов)
7) Алтын басты болсан да арадан артык емессiн. (Б.Момышулы)
8) Егер дуниеде кешiрiмдi екi адам болса, онын бiрi - анан, екiншiсi - досын. (К.Мырза Али)
9) Тiл журектiн айтканына консе, жалган шыкпайды. (Абай)
10) Xалык тажiрбиесi тек бiзге гана емес, бiздiн келер урпактарымыз ушiн де кымбат касиет. (Б.Момышулы)
0 дауыс
Бойда қайрат ойда көз,
Болмағасын айтпа сөз....Абай Құнанбев

Берекені көктен тілеме,еңбек еткеннен тіле!!!Абай

Әйел алсан қарап ал ақылдысың
Сол болар басқалардан жақын кісің
Ағайынға,туысқа қайырылса
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің
Ерге-аю,балаға-қасқыр болса
Ондай қатын алғанның күні құрсын!  Ғ.Мүсірепов
+1 дауыс
Адам білмегендіктен адаспайды,білгішсінемін деп адасады.(Гете)
0 дауыс

http://mairai.at.ua/index/na_yl_s_zder/0-9 осы сілтемеден қарап коріңіз

...