+1 дауыс
8.4k көрілді
холестерин адам денесінде канша мөлшерде болу керек?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Әдетте холестериніміздің көтерілуінен қатты қорқамыз. Өйткені жоғары холестерин тамырдың бітелуіне және жүрек ауруларына себеп болатыны мамандар тарапынан басылымдарда жиі жиі айтылып жатады.

Ал кейбір мамандар керісінше жоғары холестериннің айтарлықтай адам саулығына қауіпті еместігін, тіпті алданып жүргендігімізді айтады. “Әншейін ертегі екен Холестерин” атты кітабында Шэйн Эллисон былай деген:

“Қызыл күрішті ашытқы деп аталатын қозықұйрықтың холестерин түсіретін әсері бар екендігі анықталғанда, дәрі индустриясы дәрілерің сату үшін адамдарды жоғары холестериннің бір ауру екендігіне сендірді. Алдымен дәріні өндіріп кейін ауру туралы жариялады.”

Мамандар: “Холестерин мөлшерінің жоғары болуының денсаулыққа ешқандай қауіптілігі жоқ екендігін...” айтуда.

1960-70 жылдардан кейін дәрі индустриясы ауруды емес, белгілерді жоюға бет бұрды. Дәрі-дәрмектің дөкейлері әрі халықты әрі дәрігерлерді алдау үшін статистикалық көрсеткіштерді өзгертіп айласын асырды. Өздері жазған (немесе жаздырған) жазуларды дәрігер мамандар тарапынан жазылған деп көрсетті. Бұл аталған қулықтары арқылы холестерин түсіруші дәрінің және жүрек ауруы туралы шындықтарды жасыруда. Холестерин түсіруші дәрілердің пайда болуымен адамдардың миларына құя отырып:

Жоғары холестерин жүрек ауруларына себеп болады” деген мәліметке сендірді. Ал негізінде 45 жастан асқан адамдарда холестерин мөлшері ең аз дегенде 30%, 40% пайызға көтерілуі тиіс.

Холестерин денеде ең көп болатын стероид молекулалардың бірі. Бірнеше міндеті бар. Клетка қабықшасын бір жерде ұстап тұрады, миелин қалыбын құрайтын бөлшектердің бірі ретінде мидың жұмыс істеуіне көмекші болады, бізді вирусты және бактериялы инфекциялардан қорғайды, гормон деңгейін реттейді... Ал LDL (тығыздығы төмен липопротеин) холестеринінің төмендегендеуі денсаулығымыздың нашарлауына жол ашады.

Жүректі қорғау үшін жеуге болатын ең жақсы азықтар; табиғи ортада өсірілген сиыр еті, броколи, түсті капуста, табиғи ортада өсірілген тауық етімен жұмыртқасы, құлпынай, малина, қарабүлдірген сияқты жемістер және шпинат... Шекер және шекерлі азықтар денемізде семіру, қант диабеті, жүрек ауруы, тіпті рак ауруына жол ашады. [мәлімет алынды][1]


  [1]: http://kz.turktakvim.com/5/%D0%90%D1%80%D1%82%D2%9B%D1%8B_%D0%B1%D0%B5%D1%82/3/%D0%96%D0%B5%D0%BB%D1%82%D0%BE%D2%9B%D1%81%D0%B0%D0%BD/2010/12/

Ұқсас сұрақтар

...