+5 дауыс
516 көрілді
29 қаңтар күні "Көкшетау-Алматы" бағытындағы Chellenger-200 жолаушылар  ұшағының апатқа ұшырап , 21 адамның қаза табуына байланысты 31 қаңтар ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ.
<br>
Сұрақ-Жауап сайты ұшақ апатынан қаза болғандардың туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады. Жатқан жерлері жайлы болсын.

6 жауап

+1 дауыс
Қазаның алды иманды, арты қайырлы болсын... Тағы да қабырғаны қайыстырар сұмдық жағдай орын алды... Осындай кезде не айтарыңды да білмейді екенсің.. Қаза тапқандар отбасыларына менде қайғысына ортақ екенімді білдірсем деймін. Ұшақтар жиі апатқа ұшырап кетті, бұның алдын алып,ұшақтарды ұшпас бұрын арнайы тексеріп отыратын бір агенттік ашу керек...
+1 дауыс
Жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болғай! Арттарында қалған әйелі, анасы,әкесі, бала-шағаларына ұзақ ғұмыр бергей Аллам!
Енді оларға бізден *құран бағыштағаннан* басқасы қолдан келмейді.
Бұрынғы ата-бабамыз айтып кеткендей Адам өлімі темірден болады деп Соңғы кездері бұндай жағдайлар көбейіп кетті!
0 дауыс
Йа өкінішті-ақ, кеше ғана 27 адамнан айырылып едік, енді 20 адам әрине қаза тапқандардың отбасына сабырлық тілеймін. Арты қайырлы болсын?!
0 дауыс
Иә бұл қаза қазақ халқы үшін өте ауыр.27 адамның қырқын өткізбей жатып тағы 21 адамнан айырылдық,өкінішті.Ойлану керек аспанда бір Алла бар екенін түсіну керек,бұл біздерге берілген ескерту.Алланы ойдан шығармауымыз қажет.Қаза болған 21 адамның жандары жәннатта болғай!
0 дауыс
Осы аза тұту дегенді білмеуші едік, алдыңғы жылы жаңылыспасам, "Арқанкерген" оқиғасына байланысты 5 маусым аза тұту күні болды, бертінде 27 желтоқсан аза тұту күні болды, енді міне 31 қаңтар аза тұту күні, өте өкінішті, қаза болған барлық азаматтарымыздың жатқан жерлері жайлы болсын, лайым алдағы таңда мұндай қаралы күндер аз болсын
0 дауыс
Жатқан жерлері жайлы болсын кешеғана 27 адам қаза тауып еді енді тағы 20 айырылдық.
...