Ешкім де бере алмайды.Латын емлесі қазақ тілін сақау тілге айналдырады ма деп ойлаймын.Қазақ тілі сөз қоры бай,өзіндік дыбысталу үндестіктері ерекше тіл,бізге кирилиццаның 33 әріпі де аздық қылып,оған өз үндестік аумағымызға лайық әріптер қосып 42қылып отыр емеспіз бе.Сол 42 әріптің ішінде бізге керек емес 1-2 (Ё,Ъ) ғана әріптер бар.Мен өзім бұл әріптерді де керек деп есептеймін. Латын емлесіне көшіп кетсек те орыстармен хат жазысып тұратын шығармыз.Сол сияқты кириллицада қалсақта көрші халықпен қатынасымыз бәрібір болады деп ойлаймын.Кейбіреулер латын емлесіне көшпесек компьютер (интернет) тілінен артта қалып кетеміз дегендей пікірлер айтады,менімше бос сөз. 150млн. халқы бар Ресей компьютер пайдаланбайды деген құлаққа ене ма?Егер пайдаланатын болса сол программалардың бәрі осы кириллицаға аударылмайды ма.Латын емлесінен тағы бір қауіп күтетін тұсымыз болуы керек,ол, қазір қазақ жастарымызда жаппай ағылшын тіліне бет бұрыу тенденциясы байқалуда.Енді бір 10-20 жылдан соң біздің орыс тілі проблемамыз түсін өзгертіп алдымызға ағылшын тілі болып келмей ма деген қауіпім бар. Сонда тіс аурудан құтылып іш ауруға тап болғандай болмаймыз ба? Әрине мен тіл маманы емеспін,дұрыс айтпаған жерлерім болса кешірім өтінемін. Бұның бәрі жеке өз ойым,мақсатым көзі ашық жастарға ой салу.