0 дауыс
139k көрілді
Кеш жарық! Құрметті қолданушылар!
Маған "Адами асыл қасиеттер" тақырыбына эссе керек еді...әдеби жағынан фантазиям нашарлау еді...алдынғы сабақ 3 деген баға алдым, бірақ ол баға үздік оқушыға лайықты емес..:(
Сол себептен сіздерден көмек сұрағалы тұрмын..(y)
5 - 6 сөйлем болғаны, оған да қуанамын(rofl)

6 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Адам бойындағы асыл қасиеттер
Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік — адамның рухани арқауы.
Жастық тәрбиесі Жастар — таусылмас күш пен сарқылмас қайраттың нышаны. Абылай ханадамзаттың жадында мәңгіге сақталған тарихи миссиясын атқарған түста небәрі 20 жасында еді. Византия империясын тізе бүктірген шағында Фатих Сұлтан 21 жасында болған екен. Ұлы Ескендір әлемдегі ең үлкен мемлекетті құрған кезде қылшылдаған жас жігіт болыпты. Олардың қай-қайсысыда өмірін күреспен өткізген. Өйткені олар — халық қамын жеп, жарғақ құлағы жастыққа тимегендер.
Өзіңе жүктелген міндетті ғана орындау еңбекқорлыққа жатпайды. Еңбек қабілетін толық қолданған адам — нағыз еңбексүйгіш адам.
Жастар тарихи құндылықтар мен рухани қасиеттерге ұмтылып, өздерін өмір сүріп отырған заманға лайықтай білсе, көңілдегі көксеген мұратына қол жеткізу тіпті де қиын болмасы ақиқат.
Сонда ғана тарихқа алтын әріптермен аттарын жаздырып кеткен ұлы тұлғалармен иық теңестіре алады, ал айырмашылық кезең мен мекенде ғана болмақ.
Жастарды жақсылыққа бастайтын жақсы қасиеттің бірі — ауызбірлік пен ынтымақ. Осы бағдарда өзіндік болмысы қалыптасқан жасты еуропалық мәдениет те, өркениетті мемлекет те, жетілген техника да қорқыта алмайды. Бірлік болған жерде әрдайым тату тірлік болмақ. Мұның бәрі жанкештілікті, жанқиярлықгы талап етеді.
Ұрпақтың жаңаруы мемлекеттің беріктігін, оның гүлденуін айқындайды. Қазіргі жастар осыны жетік түсінулері керек. Халқымыздың сан жағынан көбейіп, сапа жағынан тұрақтауы — міне, осы ақиқатқатәуелді болмақ.
Жастар - елдің болашағы, болашаққа сенім арту — жеңістіде жемісті келешектің көрінісі. Жастар мемлекетіміздің куатты тірегі бола алса, онда экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік шиеленіс мүлдем баскөтере алмас еді.
Жастар қоғамның белсенді өзегіне айналып, реформаның шешуші күші болуға ұмтылуы керек. Елімізді өткенге емес, баянды болашаққа алып баруға бар күш-жігерлерін салудан аянбаулары қажет.
Ұлтжандылық, отансүйгіштік - әрбір адамға керек қасиет. Адамбойында бұл қасиеттер болмаса, елінің азаматы, өз халқының ұлы мен қызы болу мүмкін емес.
Өз Отанын, өз ұлтын сүймеген адамнан ешкдндай жақсылық күтуге болмайды және оның опасыздық жасауы да әбден мүмкін. Ондай адамдар елінің қорғаны да, патриоты да бола алмас.
Ұлтжандылық дегеніміз - өз ұлтын сүю және өз халқы үшін аянбай еңбек ету, ұлттық мүддені қорғау, қайда жүрсе де өз ұлтының баласы екендігін ұмытпау, сонымен қатар басқа ұлттың өкілдеріне құрметпен қарап, өз халқының мүддесіне сай саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешуге атсалысу.
Ал, отансүйгіштікті ұлтжандылықтан бөліп қарауға әсте болмайды. Бұл екі үғым бірін-бірі толықтырып отырады.
Отансүйгіштік дегеніміз - өз жеріне, өз халқына деген сүйіспеншілік қана емес, сонымен қатар өз Отанын анам, жаным, жүрегім, өмірім, қаным деп қарап, өмірін қиюға даяр бола алу.
Әрбір жас өзінің нақты сенімін, ұлты мен жеріне деген сөнбес сүйіспеншілігін дұрыс қалыптастырып, еліміз бен ұлтымызда қызмет деп саналмайтын әрбір істі бос, пайдасыз деп ұғып, бұларды санасы мен көңіліне орнықты етіп орналастырған жағдайда, оның көңілі мен рухы сергелдеңге салынбай, өзін сақгап қала алады.
Достық тәрбиесі
Достық –адамдарды бір-біріне туғандай бауыр етіп, жақын ететін, араларын кіршіксіз таза етіп, байланыстыратын ізгілікті қарым-қатынас.
Достық сезімі адамдардың бойында жаратылғаннан бар. Қандай болмасын адамның өз сырын айта алатын, дертін сөйлей алатын, жарылып шынын жасырмайтын, еш нәрсесін бүкпелемейтін адамдары болады. Міне, ол — дос адам.
Дос болу дегеніміз адамдардың танысқаннан кейін бір-бірлерімен жай ғана араласуы емес. Дос болу — танысқаннан бастап шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай туындаған кезде жанынан табылу, оны қажетсіну,сыйлау, құрметтеу, алдамау.
Достық сезім өмірдің өзінен туындайды. Кісі күнделікті араласып жүрген адамдарының ішінен өзінің жанына жақын, өз табиғатымен үндес, өзін сатып кетпейтін, адалдығына шүбә келтірмейтін жанды кездестіреді. Содан онымен өте жақын араласа бастайды. Уақыт оза бір-бірлері арасында мызғымас достық орнайды.
Халық педагогикасында жігіттің жақсы-жаман болмағы өскен ортасы, жора-жолдасы және жанүясындағы достыққа байланысты деп бағаланған.
Оны "Жақсымен жолдас болсаң,жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа","Жаманмен жолдас болсаң, кесірі жұғар, жақсымен жолдас болсаң, несібі жұғар"- деген сияқгы мақал-мәтелдерден айқын көреміз.
Осындай халықгық мақал-мәтелдерді тілге тиек ете отырып Базар жырау:
Жолдас болсаң жақсымен, Жетеді қолың мақсатқа. Жолдасболсаң нәмәртпен, Аунатар бір күн батпаққа. Есің болса ертерек, Күн ілгері күтініп, Бәледен аулақ бас сақта. Екі талай жерлерде, Адамға қайыр қылмайтын, Ақшаның татын жалаған, Түспесін ісің ақымаққа,-

неге екі рет жазған
0 дауыс

Kеремет,көп ақпарат білдім,жақсы жазылған

0 дауыс
керемет екен бірақ неге 2 тер жазылған
0 дауыс
читать лень что ли а нафига читаете?
0 дауыс
Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті тақырыбына эссе керек еді
...