+2 дауыс
26.9k көрілді
Менің азаматтық ұстанымым: Отанды сүю, туған жерінді қадірлеу, тарихты бағалау, үлкендерді құрметтеу. Менің азаматтық ұстанымым эссе жазу?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ұстанымымыз – бейбітшілік пен келісім

Көп жылдар бойы әртүрлі ұлыстар мен діни нанымның рухани мұрасымен тереңірек таныса түскен Қазақстан хал­қы шынайы шыдамдылық пен діни төзімділікті және жаңа дү­ниені қабылдауға деген ықы­­ласты өз бойына сіңіре білді.

Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша ұйымдас­ты­рыл­ған Әлемдік және дәс­түрлі діндер көшбасшылары­ның съез­дері қазіргі заманғы діндер ара­сындағы жаһандық абыройлы үнқатысудың таби­ғи және іскер­лік көрінісі болды. Бұған дейін үш рет съезд өтті. Мұндай маңыз­ды шараны жоғары дең­гейде өткізе білген Қазақстанға онда­ған елден келген діни ұйымдар­дың басшылары шынайы ри­за­­шылығын білдірді. Халық­тар мен діни көзқарас­тарды жақындасты­руға, сол арқылы бейбітшілік құндылық­тарын қалыптасты­руға жасаған қада­мы үшін әлем­дік қо­ғам­дастық Қазақ­стан­ның бұл қа­дамына жоғары баға берді. Осы үдеріс IV Съезде де жалғасын тапты.

Рухани көшбасшылар, дін­дер мен халықтар арасындағы өзара түсінушіліктің қалыпта­су мүм­кін­ді­гін жасауда аста­на­лық съез­дің маңызы зор. Съезд қа­тысу­шы­лары декларация қа­был­дады, онда кон­фес­сия­аралық үнқатысу бей­біт­шілікті қолдау және ха­лық­тар арасын­дағы келісімнің маңыз­ды құ­ралы ретінде аталды.

Қазақстан Республикасы Кон­с­титуциясының 14-бабы­ның 1-ші және 2-ші тармақта­рында аза­маттардың заң мен сот алдында бәрi тең екені және ешкімді тегiне, әлеумет­тiк, лауазымдық және мүлiк­тiк жағ­дайына, жынысына, нәсiлi­не, ұлтына, тiлiне, дiнге көз­қара­сына, нанымына, тұр­ғы­­лықты жерiне байланысты кем­сітуге болмайтыны анық жа­зыл­ған. Бүгінгі таңда Қазақ­стан­да 3200-дей мешіт, шіркеу және құл­шы­лық ететін үйлер жұмыс істейді.

Жаңа ХХІ ғасырда ұлт­ара­лық келісім мен діндер арасын­дағы үнқатысудың үлгісі елордамыздан бастау алып отыр. Астана­дағы Бейбітшілік және келісім сарайы біздің еліміздегі нағыз рухани орталыққа айналды. Онда Халықаралық мәдени және діни орталық құрылды.

Әділ тәртіп қана адамзат қоға­мының гүлденуінің негізі болады! Астанада құрылған Ха­лық­ара­лық мәдени және діни орта­лық­тың қызметі осын­дай негізге бағытталуы қажет. Ізгі мақсат аясында әртүрлі мәдени және діни өкілдер сұх­батының ауқымын ұлғайту­дың маңыз­дылығы зор. Оған зайырлы және діни БАҚ өкілдері мен жастар бірлестікте­рін, ғылыми және шығармашы­лық зиялыларды тарту қажет деп есеп­теймін.

Орталық бейбітшілік, келі­сім және әділдіктің интеллектуалды зертханасы болуы, жа­һан­дық күн тәртібіне ұсы­ныс­ты әзірлеуі және ұсынуы қа-жет. «Ол съездің бар­лық қатысушы­ларын жаңа идеялар және ұсыныстармен толық­ты­ра­тын құрылым болуы қажет», деп Астана съезіне бастамашы бол­ған, Халықаралық мәдени жә­не діни орталықты құру идеясы­ның авторы – Қазақстан Рес­публикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқан болатын.

Қазақстан ғасырлар бойы жи­нақталған адамгершіліктің тегеу­рін­ді талаптарын адам­зат­қа жет­кі­зуге байланысты жауапты миссияны өз міндетіне алды. Қа­зақстан әлемде бейбіт­шілік орнауы үшін, атап айт­қанда, қауіпсіз­дік, ынтымақ­тас­­тық, өзара сый­лас­тық, тең­дік, әділдік, төзім­ділік, рухани-адамгершілік бастауларын игеру қағидаттарын ұсынып отыр.

Ал үстіміздегі жылы өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне дайындықты жүргізу міндеті Хатшылықтың Х отырысында сарап­қа салынған еді. Хатшы­лық отырысында Дін көшбас­шылары кеңесінің тұжырым­дама жобасы бекітілген болатын.

Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көшбасшылары форумы­ның Қазақстанның елордасы – Астанада өткізілуінің өзі кез­дейсоқ­тық емес. Елімізде жүз­ден астам ұлт тұрады және барлық дін өкіл­деріне өздері­нің таңдауы бойынша құлшы­лық етуіне мүмкіндік берілген. Ұлыс­тар арасындағы келісімді сақтауда қазақстандық тәжіри­бе өте құндылығымен ерек­шеленеді.

Шынымен де, конфессия­ара­­лық келісім феномені несі­мен құнды? Біріншіден, бұл ғасыр­лар­дан келе жатқан ха­лық­тар достығынан бастау алады, ал енді бүгінгі қоғамда Қа­зақстан халқының достығымен жалғасын тауып отыр. Екін­шіден, бұл – ұлтаралық қаты­нас­тар саласын­дағы Елбасымыз Н.Ә.На­за­р­баевтың басшылы­ғындағы мемлекеттік саясат.

Қазақстан – негізінен дәс­түрлі Ислам, Христиандық және басқа да ежелгі діндер өзара татулықта өркен жайған ел. Конфессияара­лық келісім қа­ғидаттарының бірі әрбір адам­ның өз дінін таңдауға құр­метпен қарау болып табылады. Адамдардың бір-біріне деген сыйластық сезімі бірден бола қалатын үдеріс емес, ол көп жылдарды қажет етеді. Мұн­да қазақ­тардың ментали­теті, Қа­зақ­стан халқының бірлі­гіне деген ұмты­лы­сының рөлі зор. Қазақ­стан­дық­тар бүгінде елі­мізде бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлттар мен ұлыстардың әдет-ғұрпын құрмет­тей отырып, ме­шіт, шіркеу, синегога ғима­рат­­тарының діни дәс­түрлеріне төзімділікпен қарай­ды.

Мәдениет – бұл әртүрлі ұлт­тардың мәдениетін бірікті­руі­­мен, тіпті байытуымен құн­ды. Бүгінде Қазақстан – көп ұлтты қоғам. Бұл қазақ мә­дениеті мен бір-бірін толықты­рып отыратын көптеген ұлыс­тар мәдение­тін топтастыр­ған рухани бай­лық­тың орталығы деп ойлаймын. Еліміздің өсіп-өркендеуі үшін Қазақстанның әр­бір азаматы, кез келген ұлт өкілі тұрақтылықтың белгісі ретінде өзінің туған тілін құрметтей отырып, қазақ тілін, қазақтың салт-дәстүрін білуі қажет деп санаймын.

Біз – Қазақстаның патриотымыз. Сондықтан IV Съездің сек­циялық отырысында арнайы та­қырып ретінде талқы­ланған жас­тар­дың бойына бей­бітшілік пен келісімнің ұрығын себу туралы мәселеге өзіміздің ынта-жігері­мізді жұмсауымыз қажет. Бұл – біздің өте жауапты азамат­тық ұстанымымыз бен борышымыз!

Егор КАППЕЛЬ,

Мәжіліс депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
0 дауыс

Келешек өрен жүрегі – ел ертеңінің тірегі

Еуразияның кіндік тұсында ұлан-байтақ жеріміз бар қазақ даласының келбеті бағзы бір ежелгі атам замандардан өзінің ұлы рухын жоғалтпай, күні бүгінгі үшінші мыңжылдықта да асқақтығын танытып отыр. Атыраудан Алтайға дейін созылған ұлан-ғайыр атырап, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата-жұрт. Әні мен күйі шалқыған, сыры мен жыры толқыған ғажайып сұлу сахара! Ел басына күн туған сәтте сиқырлы сөз құдіретімен алмастай тіліп тастайтын сөз шеберлері және санаулы сөзге салмақты ой сыйдырған, тереңнен толғайтын би-шешендер шыққан еліміздің киелі қара топырағы, мөлдір таза сарқылмас қайнар бұлағы, қазақи тамаша табиғат – осының барлығы дерлік бүгінгі таңда белсенді азаматтық ұстанымы қалыптасқан қазақ жастары,  яғни біздің қолымызда. Сол себепті қолымыздағы нәр боларлық осы құнды қазыналарды көзіміздің қарашығындай сақтай отыра, оны одан әрі көркейтіп, келесі жас ұрпақтың жүрегіне тереңінен сусындату – біздің басты міндетіміз.

Тәуелсіздік! Қасиетті де құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып, ой жіберейін. Бұл тәтті сөздің тұңғиығында саналы пікір, арналы ой иесі болған ата-бабамның ғасырлар бойындағы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған мәңгі өшпес аманаты, ұлан  даланың жас перзенті – кеңпейіл қазақтың азаттық мұратындағы сан түрлі күрестері және тағдыр талайы жазған  “тар жол, тайғақ кешу” іздері жатыр. Жаңа ғасырмен бірге келген ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығы – азаттық ұранын ұрпағына ұлағаттаған бабалар үрдісінің жалғасы.

Отар болдым, от кештім, суға баттым,
Күнін кештім шарқ ұрған шағаланың.
Енді бүгін көрдім мен қазағымның
Азаттықты бақытқа балағанын! -

деп, дүние құндылығы бостандықта екені өрнектелген оралымды ойын салмақты сөзбен ашық білідіретін Бауыржан Жақып та жырлап өтіпті сол бір жылдарда.       

Иә, сүйікті Отанына, атамекеніне деген сүйіспеншілік алауы мен перзенттік сезімі нағыз батырды қан майданға, жер қорғауға аттандырар болса, нағыз ақынды жырлататын да – осы күш. Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезімдерін өлеңге қосып, өз өлкесінің тау-тасын, аққулы көлін жырламаған ақын кемде-кем. Көңілі дархан, ақпейілді қазақ халқы – тумысынан сағы сынып көрмеген батыр халық, тілдің майын ағызған дана халық. Туған жерді осылайша «білектің күшімен, найзаның ұшымен» «ереулі атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып...» қорғаған батыл бабаларымыздың ерлігі мен жалынды ақын ағаларымыздың талантына бас иіп, тағзым етемін!

Еркіндік аңсаған халық тілегі бүгінгі таңда күнмен күліп, арайлап атқан ақ таңның нұр шапағын шашып тұр. Бостандықтың жиырма жылында жүз жылдарға татитын қадамдар жасалуда. Конституциямыз дүниеге келіп, елдіктің нышандары айқындалды. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, әр алуан мемлекеттердегі олимпиадаларда желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ азаматтық сезім баурайды. Американдықтар Дж. Вашингтонын, орыстар І Петрді, түріктер Ататүрікті пір тұтып, оларды өздерінің мемлекеттігінің негізін қалаушы, ел тағдырының ең бір қиын кезеңінде тізгін ұстап, ту көтерген тарихи  тұлғасы ретінде құрметтейді. Ал біз үшін осындай текті де дара тұлға – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ел басшысы жалынды жастарға үлкен үміт арқалатқандықтан, біз қазақтың дархан даласын, тілі дана, іші сара бабалар мұрасының айнасындай тәуелсіздікдің қуатты әлеуеті деген атқа сай болып қана қоймай, соның жолында құрбан болған жандардың сенімін ақтап өтуіміз керек. Сол себепті егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданған жылдан бері еркіндіктің елеулі елесін сезіне алғандығымыз бір ғанибет емес пе?!

Еркіндіктің осы бір елесін кеше ғана болып өткен жазғы Лондон олимпиадасында жеті мәрте әнұранымыз шырқалған сәтте, он үш рет көк туымыз желбіреген уақытта көзімізге жас ала сезінген болатынбыз. Бүкіл әлем қазақ жұртының мықтылығын, қасиеттілігін танығанын патриоттық рухқа толы жүрегімізбен сезгеннің өзі неге татиды десеңізші?! Күллі дүниені дүр сілкінткен кезекті мылтықсыз майданда қазақ елі бұрын соңды болмаған толағай табысқа кенелді. Бұл біздің ең бір сәтті қиялдарымыздың өзіне келе бермейтін, ең бір тәтті түстеріміздің өзіне кіре қоймайтын керемет жетістіктерге жеткізген, кеудесін намыс кернеген саңлақтарымыздың арқасы. Олар – егемен еліміздің белсенді азаматтық ұстанымы бар бір туар перзенттері.

Сөйтіп, еліміздің іргетасы қайта қаланып, ұлтымыздың бесігін түзеу үшін ат жалында жанталаспен өткізген жиырма жыл да артта қалды. Төле би бабамыз айтқандай, тек қолға қонған бақыт құсын үркітіп алмай, жұмыла кірісіп, кеңесін шешіп, елдіктің тұғырына әрбір азамат құс болып қона білсе – ел болғанымыз сол. Қалың тарихымыз туралы арқалы ақын – Жұбан Молдағалиев ағамыздың өзі былай жазған:

Тарих ол – уақытқа ұқсас толмайтұғын,
Қадайды қасыңа әкеп шалғай туын,
Тарих ол – бір ғаламат алтын көпір,
Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын.

Сондықтан да, еркін елдің жас қырандары, ХХ ғасырдың басындағы зиялыларымыз таңдаған білім мен білік жолын басшылыққа алып, туған еліміздің тәуелсіздігін сақтауға, талай теперішке тозбаған ұлтымыздың асыл мұрасын, салт-дәстүрін, биік рухын қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге парыздармыз. Бұл игі мақсат жолында халқымыздың “Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді” деген дана мақалын әрдайым жадымызда ұстап, бірлікті, тұтастықты ту қылып көкке көтеруіміз керек. Тәуелсіздіктің құны мен қадірін азаматтық сана, патриоттық жүрекпен түсіне білгеніміз жөн. Сондықтан келешек жас өреннің «қазақ» деп соққан жүрегін еркін елдің ертеңгі кезінің бетке ұстар тірегі ретінде ескерсек, болашаққа нық басып, тереземіз тең болатыны еш бүкпесіз айдан анық.  

Ежелден аңсаған еркіндіктің туы жоғары, елдігі берік, тілегі қабыл бола берсін демекпін!

Тұрархан Қымбат Павлодар қаласы

0 дауыс
Көп жылдар бойы әртүрлі ұлыстар мен діни нанымның рухани мұрасымен тереңірек таныса түскен Қазақстан хал­қы шынайы шыдамдылық пен діни төзімділікті және жаңа дү­ниені қабылдауға деген ықы­­ласты өз бойына сіңіре білді.

Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша ұйымдас­ты­рыл­ған Әлемдік және дәс­түрлі діндер көшбасшылары­ның съез­дері қазіргі заманғы діндер ара­сындағы жаһандық абыройлы үнқатысудың таби­ғи және іскер­лік көрінісі болды. Бұған дейін үш рет съезд өтті. Мұндай маңыз­ды шараны жоғары дең­гейде өткізе білген Қазақстанға онда­ған елден келген діни ұйымдар­дың басшылары шынайы ри­за­­шылығын білдірді. Халық­тар мен діни көзқарас­тарды жақындасты­руға, сол арқылы бейбітшілік құндылық­тарын қалыптасты­руға жасаған қада­мы үшін әлем­дік қо­ғам­дастық Қазақ­стан­ның бұл қа­дамына жоғары баға берді. Осы үдеріс IV Съезде де жалғасын тапты.

Рухани көшбасшылар, дін­дер мен халықтар арасындағы өзара түсінушіліктің қалыпта­су мүм­кін­ді­гін жасауда аста­на­лық съез­дің маңызы зор. Съезд қа­тысу­шы­лары декларация қа­был­дады, онда кон­фес­сия­аралық үнқатысу бей­біт­шілікті қолдау және ха­лық­тар арасын­дағы келісімнің маңыз­ды құ­ралы ретінде аталды.

Қазақстан Республикасы Кон­с­титуциясының 14-бабы­ның 1-ші және 2-ші тармақта­рында аза­маттардың заң мен сот алдында бәрi тең екені және ешкімді тегiне, әлеумет­тiк, лауазымдық және мүлiк­тiк жағ­дайына, жынысына, нәсiлi­не, ұлтына, тiлiне, дiнге көз­қара­сына, нанымына, тұр­ғы­­лықты жерiне байланысты кем­сітуге болмайтыны анық жа­зыл­ған. Бүгінгі таңда Қазақ­стан­да 3200-дей мешіт, шіркеу және құл­шы­лық ететін үйлер жұмыс істейді.

Жаңа ХХІ ғасырда ұлт­ара­лық келісім мен діндер арасын­дағы үнқатысудың үлгісі елордамыздан бастау алып отыр. Астана­дағы Бейбітшілік және келісім сарайы біздің еліміздегі нағыз рухани орталыққа айналды. Онда Халықаралық мәдени және діни орталық құрылды.

Әділ тәртіп қана адамзат қоға­мының гүлденуінің негізі болады! Астанада құрылған Ха­лық­ара­лық мәдени және діни орта­лық­тың қызметі осын­дай негізге бағытталуы қажет. Ізгі мақсат аясында әртүрлі мәдени және діни өкілдер сұх­батының ауқымын ұлғайту­дың маңыз­дылығы зор. Оған зайырлы және діни БАҚ өкілдері мен жастар бірлестікте­рін, ғылыми және шығармашы­лық зиялыларды тарту қажет деп есеп­теймін.

Орталық бейбітшілік, келі­сім және әділдіктің интеллектуалды зертханасы болуы, жа­һан­дық күн тәртібіне ұсы­ныс­ты әзірлеуі және ұсынуы қа-жет. «Ол съездің бар­лық қатысушы­ларын жаңа идеялар және ұсыныстармен толық­ты­ра­тын құрылым болуы қажет», деп Астана съезіне бастамашы бол­ған, Халықаралық мәдени жә­не діни орталықты құру идеясы­ның авторы – Қазақстан Рес­публикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқан болатын.

Қазақстан ғасырлар бойы жи­нақталған адамгершіліктің тегеу­рін­ді талаптарын адам­зат­қа жет­кі­зуге байланысты жауапты миссияны өз міндетіне алды. Қа­зақстан әлемде бейбіт­шілік орнауы үшін, атап айт­қанда, қауіпсіз­дік, ынтымақ­тас­­тық, өзара сый­лас­тық, тең­дік, әділдік, төзім­ділік, рухани-адамгершілік бастауларын игеру қағидаттарын ұсынып отыр.

Ал үстіміздегі жылы өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне дайындықты жүргізу міндеті Хатшылықтың Х отырысында сарап­қа салынған еді. Хатшы­лық отырысында Дін көшбас­шылары кеңесінің тұжырым­дама жобасы бекітілген болатын.

Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көшбасшылары форумы­ның Қазақстанның елордасы – Астанада өткізілуінің өзі кез­дейсоқ­тық емес. Елімізде жүз­ден астам ұлт тұрады және барлық дін өкіл­деріне өздері­нің таңдауы бойынша құлшы­лық етуіне мүмкіндік берілген. Ұлыс­тар арасындағы келісімді сақтауда қазақстандық тәжіри­бе өте құндылығымен ерек­шеленеді.

Шынымен де, конфессия­ара­­лық келісім феномені несі­мен құнды? Біріншіден, бұл ғасыр­лар­дан келе жатқан ха­лық­тар достығынан бастау алады, ал енді бүгінгі қоғамда Қа­зақстан халқының достығымен жалғасын тауып отыр. Екін­шіден, бұл – ұлтаралық қаты­нас­тар саласын­дағы Елбасымыз Н.Ә.На­за­р­баевтың басшылы­ғындағы мемлекеттік саясат.

Қазақстан – негізінен дәс­түрлі Ислам, Христиандық және басқа да ежелгі діндер өзара татулықта өркен жайған ел. Конфессияара­лық келісім қа­ғидаттарының бірі әрбір адам­ның өз дінін таңдауға құр­метпен қарау болып табылады. Адамдардың бір-біріне деген сыйластық сезімі бірден бола қалатын үдеріс емес, ол көп жылдарды қажет етеді. Мұн­да қазақ­тардың ментали­теті, Қа­зақ­стан халқының бірлі­гіне деген ұмты­лы­сының рөлі зор. Қазақ­стан­дық­тар бүгінде елі­мізде бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлттар мен ұлыстардың әдет-ғұрпын құрмет­тей отырып, ме­шіт, шіркеу, синегога ғима­рат­­тарының діни дәс­түрлеріне төзімділікпен қарай­ды.

Мәдениет – бұл әртүрлі ұлт­тардың мәдениетін бірікті­руі­­мен, тіпті байытуымен құн­ды. Бүгінде Қазақстан – көп ұлтты қоғам. Бұл қазақ мә­дениеті мен бір-бірін толықты­рып отыратын көптеген ұлыс­тар мәдение­тін топтастыр­ған рухани бай­лық­тың орталығы деп ойлаймын. Еліміздің өсіп-өркендеуі үшін Қазақстанның әр­бір азаматы, кез келген ұлт өкілі тұрақтылықтың белгісі ретінде өзінің туған тілін құрметтей отырып, қазақ тілін, қазақтың салт-дәстүрін білуі қажет деп санаймын.

Біз – Қазақстаның патриотымыз. Сондықтан IV Съездің сек­циялық отырысында арнайы та­қырып ретінде талқы­ланған жас­тар­дың бойына бей­бітшілік пен келісімнің ұрығын себу туралы мәселеге өзіміздің ынта-жігері­мізді жұмсауымыз қажет. Бұл – біздің өте жауапты азамат­тық ұстанымымыз бен борышымыз!

Егор КАППЕЛЬ,

Мәжіліс депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
0 дауыс
Егор каппель деген кім?
...