0 дауыс
911 көрілді
бетпақдаладағы қандай аң-құстың атауын білесіңдер өтінемін айтыңдаршы!!!

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Бетпақдала мен Мойынқұмның қиылысар тұсында Андасай атты қорғалым (заказник) бар. Бұл табиғаты әсем, қолат-қолат сайла­ры аң-құсқа бай тарихи жер. Осы­дан екі жарым ғасыр бұрынғы Ақ­та­бан шұбырынды тұсында мұнда Андас атты сері де пері саятшы жі­гіт өмір сүрген екен. Жамбыл тауы­ның етегіндегі дүбірлі бір жи­ында баған басындағы жамбыны атып түсіріп ел аузына іліккен сол марқасқа азамат жоңғар шапқын­шы­лығында ерлікпен қаза табады да ол оққа ұшқан жер оның есімі­мен байланыстырыла Андасай аталып кетеді.
1966 жылы шырышы бұзыл­ма­ған арда табиғат аясына толы осы өңір №220 Үкімет қаулысымен мем­лекеттік зоологиялық қорғалым болып жарияланды. Бетпақдала­ның Сарыарқаға асар белінде орналасқан ол содан бастап қазірге дейін жабайы жануарлардың жер­ұйық мекені болып келген жайы бар. Олай дейтініміз, қорғалым ай­мағында бауырымен жорғалаушы­лар­дың 10, су құстарының 200, тауық тұқымдастардың 12, сүт қо­ректілердің 40-тан астам түрлері ме­кендейді. Мұнда “Қызыл кітап­қа” енгізілген Бетпақдала сылдыр шөбі, албержауқазыны сияқты өсімдіктер мен қарақұйрық, құлан, ақбөкен, арқар, шұбар күзен, қалбағай, дуадақ, сұңқар, лашын, бүркіт, ителгі, безгелдек сынды аң-құстар тіршілік етеді. Бұл табиғат байлығына Қазақстан Үкіметінің тапсыруымен Ауыл шаруашылығы министрлігі соңғы бес жылда қыруар қаржыбөліп, олар ұтымды қорғалып отыр.
Андасайда 1966 жылдан бері киіктер мен құландар және арқар­лардың өсіп-өнуі туралы 4 іргелі ғылыми жұмыс жүргізілген. Таяу бо­лашақта дуадақтар мен шөл бүр­кі­ті жайлы зерттеу басталмақ. Сон­дай-ақ кезінде Ресей телеарна­сы­ның “Хайуанаттар әлемінде” атты хабарын жүргізуші Дроздов осы жерден танымдық телефильм түсі­ріп, Мойынқұм өңіріндегі Андасай қорғалымын көптеген елдерге паш еткені бар. “Қазақтелефильм” жұ­мыс істептұрған кезде өзіміз сөз етіп отырған аймақтан “Тастүлек” деген кинолента да өмірге жолдама алып, Болгариядағы халықаралық байқауда жүлде алып қайтқан-тын. Менің республикалық “Жігер” фес­тивалінің лауреаты атанып, құсбегілік өнерге қызыққан АҚШков­бойлары арасына барып қай­туым жоғарыдағыдай деректі-та­ным­дық фильмдердің жемісі деп ойлаймын.
Андасай қорғалымы 1966 жыл­дан 1982 жылға дейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы аңшылық бас басқармасының құрамында болды. Содан кейін Орман шаруашылғы министрлігі­нің қарамағына өтті. Ол кезде жағ­дайымыз жақсы еді. Бұлай дей­ті­ні­міз, сол уақытта мұнда жоғары жақ­тан арнайы тағайындалған директор мен аға қорықшыдан басқа 4 кордон шолғыншысы және 14 орман күзетшісі бар болатын. Олардың бәрі браконьерлерді тап басып тапжылтпай ұстайтын “УАЗ” мәшинелерімен,қару-жарақ және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген-ді.
1992 жылдан бастап Андасай­да­ғы жағдай күрт төмендеп кетті. Өйт­кені, өтпелі кезеңнің өлара ша­ғында мұндағы аң-құсқа көз тіккен суық қолды сұғанақтар көліксіз қалған күзетшілерді көзге ілмейтін болды. Бірақ соның өзінде: “Та­биғат – менің тағдырым!” деген қо­рықшы жігіттеріміз айлап еңбек­ақысын ала алмай қиналып жүрсе де міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, браконьерлерге байыпты тос­қауыл қоя білді.
...