0 дауыс
2.3k көрілді
Үйдегі канон, антуриум гүлдері жайқалып өспей тұр. Сіздердің көмектеріңіз қажет. Бөлме гүлдерін күту, баптау туралы кеңес берсеңіздер.

2 жауап

0 дауыс
АНТУРИУМ (ANTHURIUM) – өзінің әдемі гүлдерімен ерекше бағаланады. Гүлдерінің түсі ақ, қызыл және жылтыр күлгін болады. Дәл ортасынан ұзыншақ негізгі гүлкүлтесі шығады. Антуриумның негізгі гүлі осы ортасындағы гүлкүлтесі, ол ұсақ бірнеше гүлдерден құралады. Гүлдерінің астындағы қосымша гүлдері шар тәрізді, жиектері сыртқа қарай қайырылып тұрғандай көрініс береді. Олардың диаметрі 10-20 см. Жапырақтарының ұзындығы 30-40 см, жүректің пішініне ұқсайды. Антуриумды әркім әрқалай атайды, мысалы «махаббат гүлі», «ер азаматтардың бақыты» сияқты атаулар да берген. Антуриум флорашылардың сүйікті гүліне айналған. Себебі, ол гүлшоғырларында ұзақ уақыт солмай тұрады, түстері әр алуан. Негізінен антуриумның 800-ге жуық түрлері белгілі. Отаны – Оңтүстік Американың тропиктік аймақтары. Бойының биіктігі түрлеріне қарай 2 метрге дейін болады. Бір антуриум 5-6 гүлге дейін шығарады. Егер антуриум гүлін үйде өсіргіңіз келсе, оған лайықты орын тапқаныңыз дұрыс.
Мазмұны

Жарығы:

антуриумға жарық немесе алакөлеңкелі жер қажет. Қыс кезінде жарықты мол қажет етеді.
Жылуы:

жел өтінен сақтау керек. Бөлме температурасының бірқалыпты болғанын қалайды.
Суғарылуы:

топырағы құрғаған кезде ғана суғару керек. Артық суғарған зиян, тамыры шіріп кетеді.
Ылғалдылығы:

антуриум үшін бөлмедегі ылғалдылық мөлшері 60% болуы керек. Яғни, оған күніне екі рет: таңертең және кешке су шашып тұру қажет.
Қоректендірілуі:

минералды тыңайтқышпен 2-3 аптада 1 рет қоректендіреді. Әрине, органикалық тыңайтқыштар да гүлдің жақсы өсуіне ықпал етеді.
Аурулары:

аурулар мен зиянкестерге көп шалдыға бермейді. Дұрыс күтім болмаған жағдайда, өсімдік битіне шалдығып, сабақтары мен гүлдері шіріп ауыруы мүмкін.
Көбейтілуі:

ең тиімдісі түбін бөлу арқылы көбейту. Оны тұқымы арқылы тек, көп мөлшерде алу үшін көбейтеді.
0 дауыс

Бөлме гүлдері туралы

http://www.gourmania.kz/2014/06/bolme-gulderi.html

 

Ұқсас сұрақтар

...