0 дауыс
12.8k көрілді
1-сыныпқа арналған "Көктемгі табиғат" деген ашық сабақ қажет еді мүмкін болса тауып бересіздер ме?

3 жауап

0 дауыс
Мақсаты: Балаларға көктем мезгілінің ерекшеліктері, ауа-райының өзгерістері туралы жан-жақты түсінік беру, қоршаған орта туралы ұғымын тереңдету, қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиеші: Балалар, бізге Жұмбақбай ата қонаққа келді. Ол құр келмеген, біздің білімімізді, өнерімізді байқау үшін тапсырмалар әкеліпті. Жұмбақбай ата: Менің мынау қоржынымда асықтар бар. Ол асықтар  түрлі-түсті. Ендеше тапсырмалар да әр түрлі болмақ. Осы асықтардың түсіне сай, конверттерде тапсырмалар жазылған.

Тәрбиеші: Жұмбақбай атаның қоржынынан асықтарды бір бірлеп  алып тапсырманы орындауға кірісейік (Жұмбақбай ата отырады) Бала қоржыннан жасыл түсті асықты алып көрсетеді.Жасыл коверттегі тапсырманы орындау.

Тәрбиеші: Қазір жылдын қай мезгілі? (көктем мезгілі) Көктемде неше ай бар? (үш ай бар, наурыз, сәуір,  мамыр) Көктемгі ауа-райының ерекшелігі? Ағаштар бүршік жарады, құстар ұшып келеді. Ендеше асық та көктемдей  жасыл түсте екен. Көктемгі табиғат құбылыстарын атау?(жаңбыр, бұлт,күн, кемпірқосақ )

Сергіту сәті: (қимылмен көрсету) Күн  ұйықтайды,

Күн  оянады.

Жел соғады

Жел қатты, қатты соғады.

Найзағай шатырлайды

Жаңбыр жауады

Жаңбыр басылды

Күн ашылды.

Ойын: «Сипаттау арқылы жұмбақтың шешуін тап». Балалар күн, жаңбыр, бұлтты сипаттайды өз сөздерімен, бір бала соны суретіне қарамай, ойланып табу керек.
0 дауыс
Көктем туралы әңгіме.

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем

Тәрбиеші: Көктемде қандай өзгерістер болады?

Балалар: Күн жылынады, қар ериді, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарып, жапырақ шығады, гүлдер шығады, жәндіктер, аңдар, оянады. (маса, шыбын, аю, кірпі)

Тәрбиеші: Көктемде қандай киім киесіңдер?

Балалар: Күртеше, жеңіл бас киім, жұқа кофта т.б

Тәрбиеші: Азамат көктем туралы тақпағын айтып берсін.

Жарайды, отыра ғой.

Балалар, бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты.

Дымбілмес: (музыкамен кіреді қолында аңдар мен үй жануарларының суреті бар)

- Балалар, Қонақтар сәлеметсіздер ме? Мені таныдыңдар ма? Мен Дымбілмеспін.

Тәрбиеші: Дымбілмес сен қайдан жүрсің?

Дымбілмес: Балалар, сендердің орманға баратындарыңды естіп келдім. Орманға менде барайыншы. Менің де орманды көргім келеді.

Тәрбиеші: Балалар Дымбілместіде өзімізбен бірге ала кетеміз бе?

Балалар: Иә, ала кетейік

Тәрбиеші: Олай болса балалар бәріміз көзімізді жұмып ойша орманға аттанайық. Дымбілмес сенде көзіңді жұм.

Балалар: (Көздерін жұмады)

Тәрбиеші: Ал, көзімізді ашайық. Балалар орман өзі қандай болады? Орманда нелер болды?

Балалар:

1.     Орманда күн шығып тұрады. (Күн іледі)

2.     Су болады. (су іледі)

3.     Құстар болады.

4.     Ағаштар болады.

5.     Гүлдер, шөптер шығады.

6.     Жәндіктер болады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар біздің орманымыз қандай керемет болды.

Дымбілмес: Енді білдім орманның қандай болатынын.

Тәрбиеші: Дидактикалық ойын: «Тірі және өлі табиғат» Ал, балалар енді табиғаттың ішінен тірі табиғатты атап беріңдерші. Қане кім айтады? Қайсы екен тірі табиғат?

Балалар: Гүл, шөп, ағаш, жәндік, құстар.

Тәрбиеші: Ал енді өлі табиғатты атап беріңдерші.

Балалар: Тас, су, қар.

Тәрбиеші: Өте дұрыс айттыңдар, балалар. Ал Дымбілмес сен білесің бе, орманда қандай аңдар тұрады?

Дымбілмес: Білмегенде ше, әрине білем. Қазір мен көрсетемін. (Тақтаға іледі суреттерді аю, түлкі, ешкі, түйе, т.б)

Тәрбиеші: Балалар, Дымбілмес дұрыс көрсетті ме? Осы жануарлардың барлығы орманда тұрады ма?

Балалар: Жоқ, дұрыс емес.

Тәрбиеші: Қайсысы артық, қайсысы дұрыс емес?

1-бала: Ешкі, қой

2-бала: Түйе, сиыр.

Тәрбиеші: Оларды неге алып тастадың?

1-бала: Олар үй жануарлары.

Тәрбиеші: Неге оларды үй жануарлары дейміз?

2-бала: Себебеі олар үйде адамдарға жақын тұрады. Оларды адамдар бағады, су береді, шөп береді.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасың. Ал мына аңдарды бір сөзбен не деп атаймыз?

3-бала: Орман аңдары деп атаймыз.

Тәрбиеші: Неге оларды орман аңдары деп атаймыз?

4-бала: Өйткені олар орманда, адамдардан алыста тұрады. Олар өз тамағын өздері тауып жейді.

Тәрбиеші: Дұрыс, жарайсың, отыра ғой. Дымбілмес осы орман аңдарының төлдерін білесің бе?

Дымбілмес: Білмеймін, мүмкін балалар көмектесер.

Тәрбиеші: Балалар, Дымбілмеске көмектесіп жіберейік.
0 дауыс
Блум токсаномиясы бойынша жасалған орыс сынптары үшін қазақ тілінен үлгі ретінде жоспар біреуде бар ма?
...