–1 дауыс
18.0k көрілді
Қазіргі Қазақстандағы әскери шендер (званиялар) қандай ретпен аталады (мысалы капитан, полковник деген сияқты ғой) және әр салада бәрі бірдей ме екен (МВД, Жол полициясы, КНБ дегендерде), соны рет-ретімен көрсетіп берсеңіздер, Жұлдыздарының саны болса тіпті жақсы болар еді, пагондарының суреті болса деп армандамай-ақ ояйын

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Әскери шендер әдетте төменнен жоғары қарай айтылады.

Ең біріншісі "Қатардағы жауынгер". "Чистый погон - чистый совесть" деген сөз бар. Яғни дымы жоқ, таза погон. Барлық әскери бөлімдерде осылай аталады (ІІМ, ТЖМ) Ал, теңіз әскерінде бұл "Матрос" делінеді.

Одан бір саты жоғары, Құрлық әскерінде "Ефрейтор" делінеді. Теңіз әскерәнде "Аға матрос". Погонында бір сызық болады. Бұл екеуі сарбаздық құрам боп есептеледі.

Кіші сержант - погонында екі сызық. Теңіз әскерінде "Екінші сатылы старшина"

Сержант - үш сызықты погон. Теңіз әскерінде "Бірінші сатылы старшина"

Аға сержант - жуан бір сызық. Теңізде "Бас старшина"

 Қазіргі әскери жарғы бойынша аға сержанттан кейін погонында жуан бір, жіңішке бір сызықты  "Үшінші сыныпты сержант" иеленген. Теңізде ол "Үшінші сыныпты старшина" делінеді. ІІМ, ТЖМ-да бұлар жоқ.

Екінші сыныпты сержант - Погонында бір жуан, екі жіңішке сызық. Теңізде "Екінші сыныпты старшина".

Бірінші сыныпты сержант - жуан бір, жіңішке үш сызық. Теңізде "Бірінші сыныпты старшина"

Штаб-сержант - жуан- жуан екі сызық. Теңіз әскерінде "Штаб-старшина"

Шебер-сержант - Погоны жуан екі, жіңішке бір сызық. Теңіз әскеірнде "Шебер-старшина"

Мұның бәрі сержанттық құрам болып есептеледі. Әскер күшінің жұмысын жүргізетін шешімді орындайтын осылар.

Бұрын аға сержанттан соң "Старшина" деген болған құрлық әскерінде. Қазір ол берілмейді. Ескіден қалған "көздер" тағып жүр. ІІМ, ТЖМ-да болу керек. Погонында жуан сызықтың үстіне жіңішке сызық болады.

Сонымен қатар старшинамен бірге "қызыл кітапқа" енген "Прапорщик" (екі жұлдыз, теңізде "Мичман"), "Аға прапорщик" (үш жұлдыз, "Аға мичман") дегендер болған. Олар да берілмейді, қалғандары пенсиясын күткендер тағып жүр.

0 дауыс
Мұны Алғашқы әскери дайындық кітабынан таба аласыз 10 сынып Мектеп баспасы шығарған.
Ол кітапты қайдан табам қазір керек болып отыр еді
Білмейм енді мектептен не колледждерден таппасаңыз...
...