0 дауыс
483 көрілді
агент ауру көп кіруге болмайды  деген пікірге келісесіздерме?:D(nod)(shake)

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Агенттің әлегенінен шыға алмай жүр…
Ұрпақ тәрбиесі 64 пікір 3,284 рет оқылды
Қазақия жұртына «Майл. ру агент», «Мобильді агент». «Мой мир» деген ұғымдар пайда болғалы біраз жылдың жүзі болды. Пайдасы қайсы, зияны қайсы ажырату қиын. Әсіресе, жасөспірімдер мобильді агент қосылған телефонын жастап ұйықтайтын болды. Қараңғыда тәспі санағандай сытырлатып әріп теріп жатады. Оқушылар сабақ уағында партаның астында әлдебіреумен саусағы арқылы сөйлесіп отырады. Тіпті, үйінде  отырып, м-агент арқылы болашақ жарын да тауып алуға болады… Қойшы әйтеуір бәрі алақаныңда. Сөйлесем десең ернің де жыбырламайды, саусағыңды сайлай бер.
Мail.ru Агент – онлайн жүйесіндеқарым-қатынас жасауға арналған ресейлік танымал бағдарлама. Мобильді агент – сол майл ру агенттің телефонға қондырылған нұсқасы.  Мail.ru компаниясының мәліметінше, Мail.ru агентті айына 11 миллион адам пайдаланса, бір минутта бір мезгілде оны  2 млн.адам қолданады екен. Әрине уақытымен, орынды қолданса қажетіне жаратқаны болар. Ал, мөлшерінен асырса – ауру. Осы дертке шалдыққандардың не ұйқысы қанбайды, не жұмысы өнбейді, айналасымен, кәдімгі ата-ана, туыс-туғандарымен қарым-қатынасы өзгешеленіп кетеді екен. Бұл мейілінше көп пайдалғандағы жағдайда.
Байланыс жасаудың қолайлы әрітегін түрі болғасын адамдарды тез баурап алғаны анық. Бұл дерттен арылудың жолын іздеп қиналып жүрген талай қазақ баласын көрдік. Бұл да адамды өзіне тәуелді етіп алып ештеңе ойлауға зауқын соқтырмай миын айналдырып тастайтын көрінеді. Айналып кеп Агентіне қарап, айналып кеп электронды почтасын ашып, ана мен ыржаңдап, мынаумен қылжаңдап қысқа түнде қырық адаммен танысып отырып таңның қалай атқанын, білмей қап ұйпа-тұйпасы шығып жұмысқа жүгіретіндер де жетіп артылады екен. Отбасында ұрыс-керіс туылудың себептерінің біріне айналып та үлгеріпті. Сөйтіп, біраз жұрт агенттің әлегінен шыға алмай жүр. «Бұл адам санасын ойсыз бос кеңістікке тәрбиелеу деген сөз» дейді ғалымдар.
Бұдан қалай құтыламыз сонда? Көзқарақты кісілер: алғыш келген әр қандай жаңалық (зат болсын) елді бір дүрліктіп алатыны секілді, бұл да жаппай етек алып барады. «Қой көрмеген қуалап өлтіреді» дегендей тегін байланыстың да тиімсіз тұсын сезінгендер селт етіп өзін тартып алады, сөйтіп адамдар керекті кезінде ғана ашып, сосын жауып тастап жүребереді, үнемі ашып қоятын дүние емес екенін түсінеді дейді
0 дауыс
Негізінде Қазақстандықтардың барлығы агентке тәуелді болып қалған.Бірақ агенттің де пайдасы бар ол арқылы алыстағы достар мен туысқандармен тез арада сөлесіп хат жазыса аламыз.Ол арқылы жаңа достар тауып онымен жақын қарым қатынас жасап сдостаса аласың.
0 дауыс
ауылдағы ата-әжелеріміз немерелерінің күні-түні соткадан шықпайтынын көріп, ауру деп айтып кеткен ғой) ал меніңше агенттің зияны жоқ)
0 дауыс
агенттің зияны да бар пайдасы да бар ғой
Зияны уақытты босқа өткізесің
Пайдасы алыстағы ағайынмен немесе жұмыс бабымен сөйлесесің
0 дауыс
Аген ауруы деген пікірге келісем. Өйткені бұрында агенттен шықпайтын едім. Қайда жүрсемде агентім(көшеде, үйде, автобуста) қосылып тұрады. Осы сұрақ-жауап сайтына кіргелі бері агент деген нәрсені. Қойдым. Қазір мүлдем кірмеймін агентке.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...