www.info-tses.kz/ толық осы сайтта
Бет күтімі
Ерекше тазартатын тәсіл
Бетіңізді әбден жуып болған соң, сабын көбігіне бір шөкім қантты салып, әбден араластырып, осы көбікпен бетіңізді уқалап (массаж), бірнеше минут тұра тұрыңыз. Содан соң жылы сумен жуып тастаңыз. Мұндай тазалау әдісі әрі кеткен және безеу шыққан бет терісіне өте пайдалы.
Теріңіз құрғақ болса
Ыдысқа 1,5 ас қасық қант пен жарты ас қасық су құйыңыз. Отты өте жай қойып, соған қойыңыз. Қоспа қатты бола бастағанда оттан алып, әбден соғылған жұмыртқаның сарысын қосыңыз. Бірер минутқа тағы да жай жанып жатқан отқа қойып, 1 шай қасықлимон шырынымен араластырыңыз. Бұл – құрғақ теріні тазалайтын таптырмайтын тәсіл.
Жуынуға арналған сұйықтық
Көкөністер, әсіресе қырыққабат (капуста), бұршаққап (боб) қайнатылған сулар өте дәрумендендірілген сұйықтық болып табылады. Оларды жаңа қайнап болған күйінде пайдаланған тиімді. Үнемі қолданып тұрсаңыз, теріңіздің күннен-күнге құлпырып келе жатқанын байқау қиын емес. Дермотологтер сыраның немесешараптың көбігін теріге жақса, ешқандай дақ қалмайтынына кеңес береді.
Теріге арналған тағы да бір тұнба: 50 г ақшешек (тысячелистник) пен лаванда қосындысын 1 стақан суға салып, бәсең отта 15 минут қайнатып, сонан соң сүзіп алып, шыны ыдысқа құясыз. Осы тұнбаны таңертең және кешке бет және мойын терісіне жақса, тері құлпырып, жұмсарады.
Әжімді кетіру
Қиярдың жартысын сығып, шырынын алып, жұмыртқаның ағымен, бір ас қасық лимон шырынымен, бір ас қасық арақпен, бірнеше тамшы қарамаймен (бензойная смола) әбден көбік болғанша араластырасыз. Пайда болған сұйықтықпен бетті сүрту керек.
Бет маскалары:
Сүттен
Маскалар әжімді азайтып, жазып, қанның айналысын жақсартатыны ешкімге тансық емес. Сіздердің назарларыңызға тағы да бірнеше әсері күшті маскаларды ұсынып отырмыз. Сүт маскасы ең арзан әрі қарапайым. Мақтаның кішкене бөлігін сүтке малып алып, бет және мойын терісін сүртіңіз.
Сәбіз бен шалқаннан
Пісірілген сәбіз бен шалқанды (репа) әбден ұнтақтап, қоймалжың болғанша араластырасыз. Бетіңізге 10-15 минутқа қоя тұрып, сосын сүтпен жуып тастайсыз. Бұл маска теріні жас әрі таза етеді. Сәбіз А дәруменіне бай, ал шалқан жақсы тазартатын зат болып табылады.
Алмадан
Терісі тозып бара жатқан бетке үгітілген алмаға 1 ас қасық ірімшік, сүт немесе қаймақ қосып, жақсылап араластырады.Осы қоспаға теріңіз құрғақ болса, өсімдік майын, қаймақ қосып, бетте 15-20 минут ұстайды. Соңынан салқын сумен жуып тастайды.
Алманың қоймалжың қоспасына1 шай қасық бал, 1 ас қасық ұсақталған сұлы дәндерін қосып,бәрін араластырады. Бетке 15 минут ұстап, жылы сумен жуып тастайды. Бұл әлсіз, жұқарған бетке пайдалы.
Пісірілген алма қоймалжыңына бірнеше зәйтүн майын (оливковое масло) тамызады, оған 1 шай қасық бал араалстырады. Бұл маска терініңерте қартаюына қарсы жасалған, өте пайдалы.
Картоптан
Бір ас қасық картоп шырынын бір ас қасық фуллерлі топырақпен араластырып, беткежағасыз. Картоп С дәруменіне бай әрі теріні түрлі дақтардан тазартады. Фуллерлі топырақ кір мен майды сорып алады.
Құлпынайдан
3 түйір құлпынайды (клубника) езіп, бетіңізге жағасыз. Теріде 10 минут қалдырып, сосын сумен шайып тастайсыз. Құлпынайда С дәрумені бар, ол теріні жақсы тазартады. Теріні жақсы тазалайтын тағы бір маска: шабдалының жартысын езіп, бір ас қасық коньякпен араластырасыз. Теріде мұны да 10 минут қойып, шайып тастаңыз, көз алдыңызда теріңізжасара түседі.
Жұмыртқадан
Бір жұмыртқаның ағын алып, әбден былғап, бетке жағасыз. 10-20 минут қалдырасыз. Маска терінің әжімдерін жазып, жиырады. Болған соң салқын сумен жуып тастайсыз.
Жұмыртқа мен ашытқыдан
Жұмыртқаның сарысын, бір ас қасық сыра ашытқысын, бір ас қасық күнбағыс майын әбден араластырып, бетіңізге жағасыз да, 15 минутке қалдырасыз. Сосын сүтпен шайып тастайсыз. Бұл масканы бет терісінде дағы бар адамдар қолданса да өте пайдалы.
Барлық бет терісіне арналған
Алманың жартысын алып, тазалап ұсақтап турап, бір ас қасық бал, бір ас қасық аскорбин қышқылын, бір жұмыртқаның сарысын, бір ас қасық алма сіркесуын үш ас қасық сұйық маймен әбден араластырасыз. 30 минутқа бет терісіне қалдырып, салқын сумен шайып тастайсыз. Бұл – барлық бет терісіне арналған, әсері өте күшті маска. Сіркесуы терінің қышқыл қабатын қалпына келтіреді, алманың құрамында емдік қасиеті күшті пектин бар, аскорбин қышқылы,бал, жұмыртқа сарысы, май теріні қоректендіреді