0 дауыс
2.4k көрілді
Тасқазанға неше литр су кетеді?

1 жауап

0 дауыс
Тайқазан шығар
Тайқазан — Түркістандағы қасиетті қазан. Оны Қарнақ қаласында 1399 ж. Тебриздік шебер Абд ул-Әзиз ибн Шараф әдДин 7 металл қоспасынан құйып жасаған. Оған алпыс шелек су сияды, салмағы 2 т. Қазан суы қасиетті су деп танылған. Қазанның бүйіріне өсімдік кейпіндегі өрнектер салынып, араб әріптерімен оюлап құйылған жазулары бар. Түркістан тай қазаны 1935 ж. Санкт-Петербургтегі Әрмитаж басшыларының өтініші бойынша 3-халықаралық конгреске көрсету үшін әкетілген еді. Әрмитаждың төменгі қабатында 48-залда 54 жыл тұрып, Қазақстан үкіметінің талап етуі бойынша 1989 жыл¬дың 18 қыркүйегінде қасиетті Т. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі өз орнына қойылды. Оның қайтарылуына Ө.Жәнібеков көп еңбек сіңірді
...