0 дауыс
4.8k көрілді
Басқа cуық тигенде қандай шаралар қолдануға болады????????

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Тамақтың қабынуы
Оған аязды, ылғалды сал-қын ауамен ауыз арқылы тыныстау басты себептердің бірі. Шылымқорлық, біреудің тартқан темекісінің түтінін жұту, химиялық қоспалардың иісі тараған ортадағы ауамен демалу да адам тамағының шырышты қабығын қатты тітіркендіреді, оны қабынуға, ауыруға ұшыратады. Дәрігерлердің айтуынша, асқазан қышқылының кейде өңешке келуі, баспа (ангина), тағы да басқа инфекциялар да тамақты қабындырады.

Емдік шаралар
Тамақ қабынғанда ауыру сезімін басу үшін ацетаминофен, ибупрофен тәрізді дәрілерді ішеді. Тұмауратқанда, салқын тигенде, қызылша, қызамық сияқты кеселдермен ауырып, дене қызуы көтеріліп жүргенде сәбилер мен жеткіншектерге аспирин дәрісін бермейді. Қабыну байқалғанда мына шипалық шараларды жасаған жөн: Тамақты тұзды сумен шаяды. Бұл тамақ ауруының әсерін жеңілдетеді. Тұзды суды дайындау тәсілі: 1 литр суға ½ шай қасық тұзды салып ерітеді. Су жылы болсын.

Бөлме ауасының құрғап кетпеуіне көңіл бөліңіз. Үйіңізде ауа ылғалдандырғыш қондырғысы болсын. Бұл – жылу жүйесі іске қосылған қыста өте пайдалы жабдық. Негізінен, үй қапырық ыстық болса, ауа құрғап кетіп, тыныс жолында, тамақтың шырышты қабығында қабыну пайда болады. Және де үнемі құрғақ ауамен дем алу тамақ ауруын одан әрі асқындырады.

Темекі түтінін жұтпауға тырысыңыз. Сіз темекі тартасыз ба, татпайсыз ба, тамағғыңыз ауырғанда темекі түтінінен қашуға тиістісіз. Никотин тамақты қабындырумен бірге кейде оны қатерлі ісікке де ұшыратып жібереді. Суды көбірек ішкен дұрыс. Адам тәнінде су неғұрлым мол болса, тамағы да сол ғұрлым сирек қабынады. Суық күндері шайды көп ішкеннің зияны жоқ. Қою тамақтың алдында 1 кесе, түнгі ұйқының алдында 1 кесе таза су ішкен адамның денсаулығы мықты болады.

Ауызбен емес, мұрынмен тыныстаңыз. Тамақтың құр- ғап, қабынуы көбінесе мұрын-ның бітеліп, ауызбен дем алу, суық ауа жұтудан. Сол себепті мұрынның саулығына айрықша көңіл бөліңіз.

Қабынуды шаймен емде-ңіз. Бал қосқан шай ішу қабын-ған тамақты жұмсартады, құл- қайыр (алтей) өсімдігінің тамырынан қайнатылған шай ішу де пайдалы. Оны дәріханадан сатып алуға болады. Дәрігерге қаралыңыз. Тамақтың қабынуына стрептокок инфекциясы да себеп болуы мүмкін. Тамақ ауырып, қызу көтеріліп, бадамша бездер ақтаңдақтанса, жұтыну қиындаса – бұл осы дерттің белгілері. Мұндай жағдайда дереу дәрігерге қаралыңыз.

Тұмауратып, мұрыннан су ағу
Адам тұмауратып, мұрынынан су аққанда, онымен бірге тәніндегі зиянды заттар да сыртқа шығады. Бұл ағзаның сыртқы ортаның залалынан құтылу жолы. Мұрыннан су ағу – салқын тигендік. Ол ұзаққа созылып, айықпаса, оның 50-80 пайызында басты себептердің бірі аллергия да болуы мүмкін. Жүрек – қан тамыры ауруларына, қан қысымының көтерілуіне қарсы қолданылатын кейбір дәрігердің де осындай әсері бар.

Емдік шаралар
Тұмауратып, мұрыннан су аққанда қиналатындай жағдай болмаса, дәрі-дәрмекті көп қолданудың қажеті шамалы. Мұрыннан су ағуына салқын тию себеп болса, басқа кінәраты табылмаса, антигистаминдік дәрілерді ғана қабылдайды. Мұрынның бітелуіне тамыр тарылтқыш дәрілер (сосудосужающие средства) пайдалы. Мұның сыртында, тұмауратып, мұрыннан су аққанда мынандай емдік шараларды жасаған дұрыс:

Кеңсірікті шайыңыз.

Оған тұз салған жылы су қолданылады. Жасау тәсілі: 100 г суға шай қасықтың ¼ бөлігіндей тұз қосып араластырады. Сосын оны алақанға құйып алып, екі танаумен кезекпе–кезек ішке сорып, сіңбіріп тастайды. Таза ауада серуендеңіз. Тұмауратпай, мұрыннан су ақпай, дене қызуыңыз қалыпты болса, жөтеліп жүрмесеңіз, күн сайын таза ауаға шығып, серуен құруды әдетке айналдырыңыз. Денешынықтыру жаттығуларын жасаңыз.

Аллергияға байланысты мұрыннан су ақса. Әрбір адам ағзасында аллергия туғызатын өсімдік, тағам түрлерін білуге тиіс. Оны анықтау үшін секем алған ас-суды ішіп көру, ішпей-жемей сақтану да қажет. Өсімдіктерге де сондай тәжірибе жасаңыз. Секем алған өсімдігіңізді бөлмеңізден аластатыңыз, сосын қайтадан қойып, әсерін байқаңыз. Тазалық сақтаңыз.

Үйдегі перделерді, жасау-жиһаздардың жабындысын ай сайын ауыстырып отырған, жуып, тазалап пайдаланған жөн. Бөлмені, ондағы заттарды жуып, сүртіп тұрған дұрыс. Сонда шаң-тозаң жиналмайды.

Сүйықты мол ішіңіз.

Салқын тигенде, соның салдарынан әртүрлі сырқатқа ұшырағанда (мұрын бітеліп, су аққан тәрізді) сұйықты мол ішкен жақсы. Мұрыннан аққан сумен, денеден шыққан термен ағзада азайған сұйықтың орнын толтырып тұру ауруды асқындырмай, одан айықтыруға жәрдемдеседі.

Асқынған тұмау белгілері
Денесі, күш-қуаты қалжырай-ды, жүрек тұсы ауырады, жүрек соғысы жиілейді, тынысы тарылады, ентігіп, қызуы көтеріледі.

Басы қатты ауырады, мәңгіре береді, тұла бойын әлсіздік жайлайды, жүрегі айнып, құсады. Құлақтың ішкі бөлігі қабы-нады, бітеліп, ішінен сыртыл естіледі. Жөтел пайда болады, көп қақырады. Сөйтіп, асқынған тұмау адамды миокардит, менингоэнцефалит, отит, пневмония, бронхит тәрізді ауруларға да ұшыратуы мүмкін. Олай болса, салқын тигенге жеңіл-желпі қарамайық.

Тұмауға қарсы
3 тәсіл
1. Тұмау басталғанда қоғам-дық көлікке көп мінбеңіз. Көп адам жиналатын жерлерге бар-маңыз.
2. Әрбір 2 сағат сайын сарым-сақ немесе жуа жеген жақсы. Олардың иісіне вирус жоламайды. Тұмау маусымы аяқталғанша С дәруменін қабылдаңыз. Күніне бірнеше апелсин жеңіз.

3. Қоғамдық көлікке мінгенде тұмылдырық тағыңыз. Мұрыныңыздың ішін оксолин майымен сылап жүріңіз. Оксолин майы болмаса, оның орнына эфир майын пайдалануға болады. Қолыңызды сабындап жуып, кеңсірігіңізді салқын сумен шайып отырыңыз.

Дәрігерлер мен халық емшілері суық тиіп сырқаттану, оның емі жөнінде осындай ақыл-кеңестер айтады.
...